Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк



бет5/10
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#32699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу туралы шарттың орындалуы

      167. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелiгi, құны, оларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) орны мен мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиiс.


      168. Тапсырыс берушi мен өнiм берушi көрсетiлген шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт орындалды деп есептеледi.

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды


жүргiзу қағидаларына    
1-қосымша        

Бекiтемiн:


___________________________________
тапсырыс берушiнiң толық атауы,

___________________________________________________________


Конкурстық құжаттаманы бекiткен тапсырыс берушiнiң аты-жөнi

№ шешiм _________________


Күнi ______ Уақыты ______

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ

_____________________________________________________________________


(сатып алу мәнiнiң түрi көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
      (электрондық конкурстың атауы көрсетiледi)
Тапсырыс берушi
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жерi, БСН, банктiк деректемелерi көрсетiледi)
Тапсырыс берушiнiң өкiлi
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетiледi)
Ұйымдастырушы
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жерi, БСН, банктiк деректемелерi көрсетiледi)
Ұйымдастырушының өкiлi
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетiледi)
Конкурстық комиссияның хатшысы
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетiледi)

1. Жалпы ережелер

      1. Электрондық конкурс қоса берiлген лоттардың тiзбесiне сәйкес өнiм берушiнi(лердi) таңдау мақсатында өткiзiледi.


      2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрi - КҚ) мыналарды:
      1) осы КҚ-ның 1-қосымшасына сәйкес лоттардың тiзбесiн;
      2) осы КҚ-ның 2-қосымшасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
      3) осы КҚ-ның 3-қосымшасына конкурсқа қатысу келiсiм нысанын;
      4) осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер нысанын;
      5) Заңның 17-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесiн қамтиды;
      6) егер, жұмыстарды орындау мерзiмi жобалау құжаттамасына сәйкес бiр қаржы жылынан асатын болған жағдайда жұмыстарды орындау кезеңдерi, түрлерi және көлемдерi, сондай-ақ әрбiр қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттiк сатып алудың сомасы туралы ақпарат қоса берiледi;
      7) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшiн бөлiнген сома ______ теңгенi құрайды.

Лоттар бөлiнiсiнде осы конкурс үшiн бөлiнген сома

лот №

Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң атауы)

Лот бойынша бөлiнген сома (теңге)

(лот №)

(тауардың (жұмыстың, қызметтiң атауы))

(лот бойынша бөлiнген сома (теңге))

      3. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде конкурсқа қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде келтiрiлген нысандардың бiрiнде енгiзедi:
      1) мынадай банктiк шотқа орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасын
__________________________________________
_______________________________________________________________
___________________________________________
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң не ұйымдастырушының банктiк шотының толық деректемелерi);
      2) осы КҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес банктiк кепiлдiк. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзiнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс.

2. Ұйымдастырушының веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм
берушiлерге КҚ-ның ережелерiн түсiндiруi

      4. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бiрақ (сұрау салуды қабылдау аяқталатын күнi мен уақыты көрсетiледi) кешiктiрмей КҚ-ның ережелерiн түсiндiру жөнiнде электрондық сұрау салу жiбередi.


      5. Ұйымдастырушы КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде КҚ-ның ережелерiн түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.
      6. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, мерзiмнен кешiктiрмей (КҚ өзгертудiң соңғы мерзiмi көрсетiледi) жеке бастамасы бойынша немесе әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде КҚ-ға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзедi. КҚ-ға өзгерiстер енгiзу КҚ-ны бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi. Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және КҚ-ға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жарияланады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi мұндай жағдайда әлеуеттi өнiм берушiлердiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi есепке алуы үшiн кемiнде күнтiзбелiк он күнге ұзартылады.

3. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге
қойылатын талаптар және әлеуеттi өнiм берушiлердiң
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынуы

Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм

      7. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.


      8. Әлеуеттi өнiм берушi өтiнiмдi қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық конкурсқа қатысу туралы келiсiмдi қабылдайды.
      9. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға беретiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды:
      1) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн:
      құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжатты, жеке куәлiктi):
      заңды тұлғалар үшiн, заңды тұлға өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғыны;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәлiктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттарды;
      заңды тұлғалар үшiн электрондық конкурс жарияланған күннен кейiн берiлген, акция ұстаушылар тiзiлiмiнен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) белгiленген тәртiппен қол қойылған және мөрмен расталған, құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын үзiндiнi;
      төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
      осы КҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама электрондық конкурс жарияланған күннен кейiн берiлген болуы тиiс;
      электрондық конкурс жарияланған күннен кейiн берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын қамтуы тиiс.
      Әлеуеттi өнiм берушi, қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiктерi түрiндегi шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растайды. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн КҚ-да белгiленген мерзiмге банктiк кепiлдiк түрiнде бередi, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмiне дейiн берiледi.
      Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде, өзiнiң, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың электрондық қағаз көшiрмелерiнiң бiреуiн:
      а) әлеуеттi өнiм берушiге (қосалқы мердiгерге, бiрлесiп орындаушыға) халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгенiн растайтын құжатты;
      б) әлеуеттi өнiм берушiнiң (қосалқы мердiгердiң, бiрлесiп орындаушының) биржаның ресми листингiне енгiзiлгенi туралы қор биржасынан үзiндiнi беру арқылы растайды;
      2) әлеуеттi өнiм берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
      осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшiн бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
      осы КҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шарты.
      Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн ұсынуы тиiс;
      3) қағаз құжаттарды растайтын электрондық көшiрмелердi қоса бере отырып, осы КҚ-ның 9-қосымшасына сәйкес шартты жеңiлдiктердi есептеу үшiн мәлiметтердi;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету кестесiн (әдiстерiн) және шарттарын сипаттай отырып, техникалық ерекшелiгiн;
      5) Заңда белгiленген мөлшерде электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiн қамтамасыз ету, мынадай:
      банктiк кепiлдiк, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес берiледi;
      ұйымдастырушының банктiк шотында орналасқан кепiлдiк ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде;
      6) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қоюға сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) берiлетiн қағаз сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн қамтуы тиiс.
      Конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап күнтiзбелiк _____ күндi құрауы тиiс.

Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын
талаптар

      10. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында ұсынады.


      11. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерi дәл және айқын болуы тиiс.
      12. Әлеуеттi өнiм берушi дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм, сондай-ақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге қатысты бүкiл хат-хабарлар мен құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және берiледi. Оларды әлеуеттi өнiм берушi басқа тiлде жасаған және берген жағдайда оған (нотариалдық расталған) дәл аудармасы қоса берiледi.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi беру тәртiбi

      13. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында бередi.


      14. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтiнiмдер журналында тiркеледi.
      15. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiге тиiстi хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жiберген сәтте электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм қабылданған болып есептеледi.
      16. Әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға берген өтiнiмi мынадай:
      1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен;
      3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде керi қайтарылады.

Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi өзгерту және
оларды қайтарып алу

      17. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн.


      18. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу сияқты, оған өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      19. Ұйымдастырушы КҚ-мен белгiленген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге олардың өтiнiмдерiнiң қолданылу мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзарту туралы қажет болған кезде сұрау салады. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмiн ұзартудан электрондық конкурсқа қатысуға оның өтiнiмдi қамтамасыз етуiн қайтару құқығын жоғалтпай, электрондық конкурсқа қатысуға берген өзiнiң өтiнiмiн керi қайтарып, бас тартуға құқылы.
      20. Әлеуеттi өнiм берушi, оның электрондық конкурсқа қатысуымен
байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) электрондық конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

4. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға
өтiнiмдердi ашуы

      21. (Өтiнiмдердi ашатын күнi мен уақыты көрсетiледi) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашуды веб-портал автоматты түрде жүргiзедi. Егер электрондық конкурсқа (лотқа) электрондық конкурсқа қатысу бiр ғана өтiнiм ұсынылған жағдайда, онда электрондық конкурсқа қатысуға бұл өтiнiм де ашылады.


      22. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашудың хаттамасына конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және оны хатшы ашылған күнi веб-порталда жариялайды. Бұл ретте, электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашудың хаттамасын жариялау туралы мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурстық комиссияға, веб-порталда автоматты түрде тiркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге хабарды автоматты түрде таратады.

5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға
өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестiгi мәнiне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық конкурсқа қатысуға
рұқсат беру

      23. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасынан бiлiктiлiк талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.


      24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия қажет болған кезде:
      1) электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлерден электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерге байланысты материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады.
      Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi КҚ талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi КҚ талаптарына сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi.
      Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, КҚ талаптарына жауап бередi деп қарайды.
      25. Конкурстық комиссия:
      1) жұмыстарды не қызметтердi әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжатты (құжаттарды) әлеуеттi өнiм берушiнiң ұсынбауы не тиiсiнше ресiмделмеген күйде ұсынуы;
      2) әлеуеттi өнiм берушi оның сәйкестiгiн растау үшiн ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк фактiсi анықталуы;
      3) бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 46 және 47-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия соманың бiр пайызынан астам мөлшерде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзiлген қамтамасыз етудi осы КҚ талаптарына сәйкес келедi деп таниды.
      26. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгiзiлген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi осы КҚ талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
      2) конкурстық комиссияның:
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
      қатысу үшiн өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған электрондық конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету пайдасына енгiзiлiп отырған тұлғаны анықтауына мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнiс табатын конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) конкурстық өтiнiмдi қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзiлсе.
      Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзiлген қамтамасыз етудi өзге негiздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi.
      27. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi КҚ талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, оның iшiнде, егер ол электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi конкурстық құжаттама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаса, электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
      28. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру үшiн Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған өлшемдердi ескередi және конкурсқа қатысуға бiр конкурстық өтiнiм ұсынылған жағдайларды қоспағанда, оларды электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтiнiмдерге тең мөлшерде қолданады.
      Әлеуеттi өнiм берушi осы өлшемдердi растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi шартты жеңiлдiктi қолданбайды. Шартты жеңiлдiктi қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiлуi тиiс.
      Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң нарықта болған жұмыс тәжiрибесiнiң әрбiр жылы үшiн нөл бүтiн оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерiнде, бiрақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңiлдiк бередi. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгiленбейдi. Конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасына осы өлшемнiң жиынтық пайыздық әсерi бес пайыздан аспауы тиiс.
      Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудiң ең аз құны бар электрондық конкурсқа өтiнiмдi айқындайды және оған екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi. Конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасына осы өлшемнiң жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауы тиiс.
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауарөндiрушi үшiн ұсынылған тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөнiндегi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған орта басқармасының сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарларының функционалдық сипаттамалары ең үздiк конкурстық өтiнiм айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарларының техникалық сипаттамалары ең үздiк конкурстық өтiнiм айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарларының сапалық сипаттамалары ең үздiк конкурстық өтiнiм айқындалған кезде үш пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Жергiлiктi мазмұнның болуын қарау кезiнде конкурстық комиссия жергiлiктi мазмұнның әрбiр бiр пайызы үшiн электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң шартты бағасын оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
      Тауарда жергiлiктi мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
      Егер тауарлардың әлеуеттi өнiм берушiсi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң бағасын жергiлiктi мазмұн болғаны үшiн он пайызға азайтады.
      Жұмыстардың, қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсiнiң жергiлiктi мазмұны жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтердi тiкелей де, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шартын жасасу арқылы да мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшiн әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттерi жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндiру өлшемдерiне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгiленген қазақстандық шығу тегi үлесiнiң (үлестерiнiң) құнынан мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
      Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiге он пайыз мөлшерiнде, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiге бес пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      29. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия:
      1) бiлiктiлiк талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысуға жiберiлетiн (конкурсқа қатысушылар) әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды;
      2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да көзделген шартты жеңiлдiктердiң мөлшерлерiн анықтайды.
      30. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылданған (конкурс қатысушылары деп танылған) күнi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң барлығына автоматты түрдегi хабарламалар тарата отырып, веб-порталда жариялайды. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiмi Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет