«Әлем нақты ғылымдар тілінде» миф онкүндігінің ашылуы



бет3/5
Дата18.03.2024
өлшемі29.16 Kb.
#495929
1   2   3   4   5
МАТЕМАТИКА ПӘН АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ АПТАЛЫҚ СЦЕНАРИЙІ

2-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік: 
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан) 
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка) 
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т) 
4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10), 
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см) 
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек) 
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 

Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: 
Бір дегенім- бесік
Шықтым содан өсіп. 
Екі- дегенім елім, 
Далам, тауым, көгім 
Үш дегенім- үміт 
Үміт артар жігіт. 
Төр дегенім- төзім
Төзе білем өзім. 
Бес- дегенім бақыт 
Бағалайтын уақыт. 
Алты деген- ақыл, 
Тыңдағаның мақұл 
Жеті деген- жалау
Жүректегі алау. 
Сегіз деген- сөзім 
Серт беретін кезім 
Тоғыз деген тоқтау
Елдің жоғын жоқтау. 
Он- дегенім Отан 
Қорға соны ботам. 

2-жүргізуші 
Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
Фигуралар тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық. 

Үшбұрыш: 
Мен үшбұрышпын, 
Ылғи үштен түрамын. 
Үш қабырға, үш төбе, 
Үш бұрын болып құрамым. 

Төртбұрыш: 
Мен төртбұрышпын, 
Көпбұрыштың бірімін. 
Үшбұрыштан болсам да жас, 
Бірақ одан ірімін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет