Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты



Дата07.03.2024
өлшемі28 Kb.
#494621
эссе элок


Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білемін.Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған, көп елдерге танымал ел. Қайсар төзім мен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгінде біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөлеуде.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл Қазақ­станның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатары­на қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі — еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.Бізді бақытқа жеткізген ата-бабаларымыздың, аяулы ағаларымыздың жанқияр ерлігі. Сол бабаларымыздан қалған жерімізді көркейту біздің қолымызда. Біздің бақытымыз бүгінгі сенімді қолда, халқымыздың сеніммен сайлап алған президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жоғарғы сенім иесі.
Біз –еркін елдің ұландарымыз. Біз ғылым мен білімді игеріп, халқымыздың асыл қасиетін үйреніп отырып, ғасырлар бойы сақтап келе жатқан
салт-дәстүрін, тілін, дінін дамытуға міндеттіміз. Бірлік- басты ұранымыз болуы керек.
«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,-
Қараймын елесіңе мен таңырқап,- деп жырлаған бақытты баласы мен боламын. Менің болашағым –Қазақстан. Қазақстанның болашағы – менмін.»
Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін! – деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн.
Ел ертеңі, ұлт болашағы біз – бүгінгі күннің жастары. Сондықтан, елімнің патриоты ретінде Қа­зақстанның жарқын болашағы мен ата-бабала­рымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш-жіге­рімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тыры­самын, еліміздің болашағы жарқын болатындығына сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет