Әлем тарихы (1500 жылдан бастап)


«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастар



бет6/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#14793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастар.

1947-1959 жылдардағы дүниежүзілік саясат белестері.


«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастардың дамуы ірі державалар арасындағы қатынастармен анықталды. Олардың бәсекелестігі әскери-саяси сипатта болды, солай бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының қандай болатынына сенімді болмағандықтан, ашық соғыс қақтығысына бармады. Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы болды. Шиеленіскен жағдайда ірі державалар компромиске бару жолын іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен бәсекелестік қайтадан күшейді. 1950 жылы 15 қыркүйекте оңтүстікке кеткен Солтүстік Корей әскерінің тылына БҰҰ-ның туы астында Инчхонге әскерін түсіріп американдықтар қазанның соңында демаркациялық шепке шығып, Оңтүстік Кореяны азат етті. Біріккен күштердің бас қолбасшысы генерал Макартуі Трумэнді Солтүстік Кореядағы режимді жою мен Кореяны біріктіру мүмкіндігін пайдалану қажет деп көндірді. 1 қазанда солтүстікке шабуыл басталды, айдың соңында Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньян алынды, американ әскері Қытай шекарасына шықты. Осы кезенде қақтығысқа Солтүстік Корея жағында Қытай араласты. 26 қарашада танкілер мен самолеттер қолдаған Қытай «еріктілері» шабуылға шығып американдықтарды шегінуге мәжбүр етті, майдан демаркациялық шептің оң жағына қарай тұрақтанды. Генерал Макартур қақтығыстың масштабын кеңейтуді, яғни Солтүстік-Шығыс Қытайды бомбылауды және оның жағалауына блокада орнатуды ұсынды. Алайда Трумэнге бұл жағдайда осы уақытқа дейін Кореяға ұшқыштарын жіберіп қана отырған КСРО-ның ашық араласатыны және соғыс аймақтық шеңберден шығатыны айқын еді. Сондықтан Макартур жоспары қабылданбады, ол жұмыстан шығарылды. 1951 жылы қаңтарда майдан демаркациялық шепте тоқтады, ал маусымда КСРО-ның инициативасымен мәмілеге келу туралы келіссөз басталды. Келіссөз американ президенті ауысқан соң (1953 жылы қаңтарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр болды) және И.В.Сталин қайтыс болған соң аяқталды. Екі жақ соғысқа дейінгі шекараны қалпына келтіруге ризашылық білдірді. Корея Германия сияқты бөлшектенді. Осы жылдары аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты. Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина халықтары еврейлер мен арабтар арасында қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина (Жерорта теңізі мен Аравия шөлейтті арасындағы құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы орналасқан жер. Осы халық б.э.д. XI ғасырда өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет, Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим империясының құрамына енген сон, еврейлер тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің басты орталығы -Иерусалим храмы бұзылды. Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады және жергілікті халықтар арасында сіңіп кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады. XIX ғасырдың соңында Европада антисемитизм (еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді. Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып, өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді. Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды. Осман империясы құлаған соң Палестинаны басқарған ағылшындар еврейлердің өз ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды. Ағылшындар Палестинада еврейлер мен арабтар арасында туындаған қайшылықты шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды. Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды. БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды. Израиль мемлекеті құрылып, одан ағылшын әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды. Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады. Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның территориясының біразын Израиль, біразын араб елдері басып алды. 1947 жылы Британ парламенті Үндістанның тәуелсіздікке көшу жоспарын бекітті. Жоспар елді Үндістан және Пәкістан деп екі бөлікке бөлуді көздеді. Территорияны бөлшектеуде әр түрлі халықтар орналасқан аудандарда тайпааралық қақтығыстар орын алды, оның барысында территориялық дау туды. Соның бірі - үнді-пәкістан қақтығысы. Үндіқытай түбегінде тағы да бір қақтығыс туындады. 1940 жылы француз отарларын басып алған Жапонияның капитуляциялануы Вьетнам коммунистерінің лидері Хо Ши Минге тәуелсіз Демократиялық Вьетнам Республикасын (ДРВ) жариялауға мүмкіндік берді. Алайда Франция бұл тәуелсіздікті мойындаудан бас тартып, Вьетнамға күшпен қайтадан бақылау орнатуға әрекет жасады. Осыған байланысты 1946 жылы соғыс басталды. 1949 жылға дейін басымдылық француздар жағында болды. Алайда Қытайда өкімет басына коммунистер келген соң Хо Ши Мин КСРО мен Қытайдан көмек алып басымдылық вьетнамдықтар жағына көшті.

«Қырғи қабақ соғысы» жағдайындағы АҚШ пен Совет Одағы және франция қарым-қатынастары


Екінші дүние жүзілік соғыс әлемдегі халықаралық қатынастардағы қалыптасқан жағдайды түбірімен өзгертті. АҚШ пен Кеңестер Одағының жетекшілігіндегі екі, әскери-саяси блоктың НАТО мен Варшава пактсының қарама-қайшылығы халықаралық қатынастарда екі жүйені қалыптастырды. Екі блоктың арасындағы қайшылық барлық салаларды қамтып жатты. Кеңестер Одағы мен АҚШ-тың арасындағы қайшылық яғни «Қырғи қабақ соғыс» екі супер державаның идеологиялық күресі мен геосаяси қарама-қарсылығында көрініс алды . Деголльдік қарсыласу қозғалысының неміс фашизміне қарсы белсенді күресуінің нәтижесінде Францияның халықаралық статусы нығая түсті. Соғыс аяқталған соң Франция Потсдам конференциясында Сыртқы істер министрлігінің Кеңесіне мүше болып қана қоймай, сонымен қатар Франция Германияны оккупациялаушы державалардың қатарына ілікті . Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Америка Құрама Штаттары мен Францияның арасындағы стратегиялық одақтастық қарым-қатынасының алғы шарты 1946 жылы Вашингтон келісімінде көрсетілді. Бұл келісім бойынша АҚШ Францияға несие беру, екі жақтың экономикалық қатынастарын либерализациялау, берік үкімет аралық байланыс орнату, мәдени байланыстарды дамыту белгіленді . 1947-1948 жылдардағы Герман проблемасының өрши түсуі Франко-американ байланыстарын жақындастыра түсті. Осы кезде АҚШ-тың үкіметі соғыстан кейінгі Еуропаның экономикасы мен халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында осы құрлықтың елдеріне қыруар қаржы көмегін беретінін жария етті. Бірақ осы жоба іске асу үшін АҚШ үкіметі аталған құрлықтың мемлекеттерінің басшыларынан үкімет құрамынан барлық коммунистерден тазартуды талап етті. Бұл ұсынысты 16 капиталистік ел, оның ішінде Франция, Италия, және Англия секілді ірі державаларда болды . АҚШ-тың бастамасымен іске қосылған «Маршалл жоспары» 1948-1952 жылдары қызмет етті. Осы уақыт ішінде АҚШ Батыс Еуропа елдеріне барлығы 17 млрд. доллар субсидия берді. Оның ішінде Англия 2,8 млрд, Франция 2,5 млрд. алды. Францияның «Маршал жоспарына» белсенді араласуы оның сыртқы саясатындағы «Атлантикалық ынтымақтастық» принципін нығайта түсті. Францияның көптеген жетекші саяси партиялары мұны ең маңызды бағдарламалық ұстанымдардың бірі деп есептеді. Шындығына келгенде Франция өзінің ұлттық тәуелсіздігіне нұқсан келтірді. оның бұл әрекеті франко-кеңес одағы қатынастарының нашарлауына әкеліп соқты . Сондай ақ Франция АҚШ-пен тізе қоса отырып әскери – саяси блоктарды құруға да белсенді түрде қатысты. «Қырғи қабақ соғысы» жылдарында АҚШ-тың билеушілері Еуропа, Азия мен Латын Америкасында «коммунизмге қарсы» ұранымен көптеген әскери саяси блоктарды жасақтады. 1949 жылы 4 сәуірде Франция Солтүстік Атлантикалық Одақты (НАТО) құрушылардың бірі болды . Сөйтіп қысқа мерізім ішінде Франция АҚШ-тың Батыс Еуропадағы маңызды пландарының біріне айналды. Оның территориясында НАТО-ның әскери және транспорттық инфрақұрылымының басым бөлігі орналастырылды. Ал Фонтенблода НАТО-ның бас штабы орнықты . 1950 жылғы 27 қаңтардағы келісім бойынша АҚШ Францияға қомақты мөлшердегі әскери және материалдық көмек берді. Осы жылдары АҚШ пен Франция Оңтүстік Шығыс Азия регионында коммунизмге қарсы тұру мақсатында бірқатар мәселелер бойынша бірігіп әрекет етті. Үндіқытай түбегіндегі өз отарларынан айырылғысы келмеген Франция соңына дейін қарсыласуға дайын тұрды. Бірақ 1954 жылдың 7 мамырында Дьенбенфу түбіндегі соғыста 150 мыңдық Француз корпусы жеңіліс табады . Вьетнам проблемасын шешу мақсатында КСРО, АҚШ, Франция, Англия осы жылы Женевада бас қосты. 21 шілдеде Женева бітіміне қол қойылды. Вьетнам 17 параллель бойынша екі бөлікке бөлінді. Солтүстігінде Вьетнам Демократиялық Республикасы (коммунистер), оңтүстігінде – Вьетнам Республикасы (капиталистік). Сөйтіп Франция Азиядағы өзінің орталық иелігінің ең маңызды бөлігінен қол үзді. Осы кезден бастап АҚШ Үндіқытайдағңы ықпалынан үдете түсіп, Францияның орнын басты . 1954 жылдың 8 қыркүйегінде Франция АҚШ-тың бастамасымен құрған СЕАТО әскери-саяси блогына мүше болды. Бұл блок оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азиядағы НАТО-ның аналогы. Оның басты міндеті «Коммунизмге қарсы тұру» болды . 1956 жылы Египет Суэц каналын национализациялауы француз-британ-израиль агрессиясын тудырды. Бірақ бұл үшін агрессия ешқандай да нәтиже бермей керісінше Франция өзінің Таяу Шығыс пен Египеттегі позицияларынан айырылды. Осы жағдайдың барлығы Франциядағы ІV-ші республиканың құлауына алып келді. 1958 жылы елде V-ші Республика орнауымен Францияның сыртқы саясатында түбірлі өзгерістер орын алды. Республиканың жаңа президенті генерал Шарль де Голльдің сыртқы саяси доктринасы ұлттық мүдде мен дәстүрлі тәуелсіз дипломатияны приоритетті деп таныды. Осы кезден бастап АҚШ пен Францияның арасындағы байланыстарда да түбірлі өзгерістер бой алды. Енді де Голль «солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық» идеясынан бас тартып, әлемдік екі қарама-қайшы полюстің үстемдігіне қарсы шықты. Франция өзін Батыс пен Шығыстың арасындағы конструктивті диалог жүргізудегі тірек ел ретінде жария етті. Бұл жағдай Франция мен Кеңес Одағының байланыстарының жақсара түсуіне ықпал етті. Президент де Голль ең бірінші болып соғыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы қалыптасқан жағдайды танып, Герман Демократиялық Республикасының Тәуелсіздігін мойындады . Осының салдарынан 60-шы жылдары АҚШ-пен Францияның қарым-қатынасы суыйи түсті. Осында де Голль ұлттық қауіпсіздік мәселесінде Францияның саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеді. Алғашқы кезде ол НАТО-дағы одақтастарымен қарама-қайшылыққа барғысы келмеді. Француз дипломатиясы «триумвират» идеясының – яғни Солтүстік Атлантикалық Одақта АҚШ, Франция, Ұлыбританияның тең басшылық етуіне мүдделі болды. Париж американдықтардан НАТО-ның ядролық қаруын бақылау монополиясынан бас тартуға талап етті. Бұл саяси инициативалардың сәтсіз болуы, 60-шы жылдардың басындағы Халықаралық қатынастардағы дағдарыстың белең алуы (Берлин және Кариб дағдарыстары) де Голльді жекелей тәуелсіз ұлттық қорғаныс жүйесін құруға мәжбүр етті . 1962 жылы англо-француз және англо-американ ядролық қару жүйесін дамыту келіссөздері маңызды сәт болды. Мұнда Ұлыбритания НАТО құрамында «көпсалалы ядролық күшке» американдық проектіге және біріккен ұлттық ядролық күштерді құрудағы Францияның ұсынысын қабылдамай тастады. 1963 жылы Франция «атлантикалық курстан» толық бас тартатындығын және өзінің жеке ұлттық қауіпсіздіктегі ядролық жүйесін құратындығын жариялады. 1964 жылы президент де Голль Францияның ядролық державаға айналғандығы туралы салтанатты түрде жария етті. Осы кезден бастап Франция біртіндеп АҚШ-тың бақылауындағы НАТО-дағы әскери-саяси блоктан шыға бастады. 1965 жылы Франция СЕАТО-ның кеңесіне қатысуын іс жүзінде мүлдем тоқтатып, осы әскери-саяси блоктан шықты. 1966 жылдың наурызында фрнцуз үкіметі НАТО-ның әскери ұйымынан шығатындығын жариялады. де Голль НАТО-ның жетекшілерінен аз, қысқа мерзім ішінде басқа да Еуропалық елдердің территориясында орналастырылған 40 мыңдық американ-канадалық әскери қызметкерлерді алып кетуді талап етті . Франция НАТО-ның инфражүйесіне 2,5 млрд. доллар компенсация төлеуден бас тартты. Бұл АҚШ-тың Еуропадағы мүддесіне қатты нұқсан келтірді. Францияның территориясында НАТО-ның 46 аэродромы, жүздеген километрлік мұнай құбырлары, жүздеген километрлік телеграф және радиобайланыс желістері, теңіз докторы мен қоймалары тағы басқа стратегиялық объектілер орын алды. Сонымен қатар президент Шарль де Голль Ұлыбританияны Еуропалық экономикалық қауымдастыққа (ортақ рынок) мүше болып енуіне қарсы болды. Өйткені де Голль егер Англия бұл қауымдастыққа енетін болса, онда мұнда американдықтардың ықпалы күшейеді деп тұжырымдады. Ядролық қарулардың санын қысқарту мәселесінде де Голль бұл қаруды тек АҚШ пен КСРО ғана қатысты, ядролық қаруды осы екі Супер держава, яғни «Қырғи қабақ соғысының» негізгі қозғаушы күштері болғандықтан қысқартуға міндетті делінді. Франция өзінің Азия мен Африкадағы отарларына тәуелсіздік берді. Сөйтіп француз отарлық империясы күйреді. 1965 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) француз өкілдері АҚШ-тың Доминикан Республикасы мен Вьетнамдағы әскери агрессиясын айыптады. 1969 жылы Шарль де Голль отставкаға кеткен соң, Жорж Помпиду жаңа президент болды. Ол Францияның сыртқы саяси курсына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осы жылы Жорж Помпиду АҚШ-пен жаңа қарым-қатынасты бастайтындығын жариялады. Ол АҚШ-тың Батыс әлеміндегі саяси лидерлігін мойындап, осының нәтижесінде американ басшылығын өзінің одақтастары мен серіктестеріне деген үстемдігін жою жетістігіне қол жеткізді . 1974 жылғы НАТО-ның қайраткерлігіндегі коллективті принциптің күшеюі туралы шарттың жаңа Атлантикалық хартияға енуі Француз дипломатиясының үлкен жеңісі болды. Осы кезден бастап Франция өзінің ұлттық мүддесіне зиян келтірмейтін жағдайда НАТО-мен қайта саяси ынтымақтастыққа түсе бастады. 1970 жылы президент Жорж Помпиду ресми сапармен АҚШ-қа келді. Мұнда АҚШ президенті Никсонмен болған кездесуде бірқатар халықаралық мәселелер қаралды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет