Әлем тарихы (1500 жылдан бастап)


Өркениеттер диалогы: Батыс пен шығыс арасындағы үндестіктер



бет8/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#14793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өркениеттер диалогы: Батыс пен шығыс арасындағы үндестіктер


Батыс пен Шығыс әлемі. Түйткіл ғаламның екі жартысы тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты – ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.

Өркениетті әлеміміздің тарихы дамуда. Дегенмен сол даму үрдісінде тепе-теңдіктен гөрі, не басым,  не кем түсіп жатқан  бағыттардың алмағайып түсуі заманының шындығына айналуда. Бұл бағыттардың бір сарасы Шығыстың Батысқа, ал келесі сарасы Батыстың Шығысқа иегін бұруы басым келуі куә. Бұл заңды да құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар және болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және  батыстық, керісінше батыстық және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуімізге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі бастаулардың – Шығыс пен Батыстың  бірін бірі толықтырылуына негізделеді».

Батыс пен Шығысты мәдени екі тұма ретінде қарастыра отырып, зерттеуші қауым ортақ бір қағидаға тоқталады. Ол Батыс пен Шығыстың адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі өмір сүру ұстанымы екендігі. Шын мәнінде, олар бір-бірінен рухани да, материалдық да құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы екі әлемді тұтас бір өркениет ретінде қарастыруға болады.

Тарихқа үңілсек. Жаңаға ұмтылған, ескіні қызметі кәдеге жарап болған дүние ретінде   қарастырған Батыс өте қарқынды дамыса,  ал әлемнің дамуын бақылаушы ретінде қарастырған, табиғат пен бүткіл табиғи әлемді қадірлеген әрі өмірдің даму мәнінен үйлесімділік іздеген Шығыс асыға қоймады.

Сонымен, Батыс пен Шығыстың мәдени әлемін ерекшелейтін, оларды бір-бірінен ерекшелейтін нендей өзгешеліктер бар. Олардың мәдени, өркениеттік дамуы, әлеуметтік-экономикалық құрылымы, саяси өмірінің қалыптасуы, рухани жаңғыруы жолындағы басты ерекшеліктер қандай?  

Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін өнерге (машина жасау, техникалық табыстар т.б.)  баулыдым деп санап келді.  Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады. Мәселен, Жапония.  Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен саяси құрылымен әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі – Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде. Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген рухани құндылықтардың өркендеуімен  ерекшеленуде.

Батыс пен Шығыстың арасындағы айырмашылық психологиялық тұрғыдан, екі өркениеттің менталитеті тұрғысынан алғанда байқалатыны рас. Еуропалық пен күншығыстық философиясы түрліше. Бұған олардың табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарасы мен қарым-қатынасы куә. Оған еуропалықтың табиғат «ғибадат тұтушы емес шеберхана» ретінде таныса, ал шығыстық тұлға табиғатты өзімен бірге «тұтас әлем» ретінде қарастырады.

Дегенмен осы екі өркениет, екі мәдениет арасындағы айырмашылықтар жігі анық бола тұра олардың қайсысы үздік деген сұраққа жауап іздестіру артық болар еді. Өйткені екі өркениет жер шарының екі жартысы сияқты, полярлық әлемнің өзіндей бірін-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес тұтастық әлемі. Осы күнге дейін айтып келген Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықтар мен бәсекелестік қазіргі жаһандану әлемінде тұтастанып, үйлесімдік пен бірлікте дамуы белең алуда. Сондықтан бүгінгі адамзатқа ортақ әлемді Батыстың да, Шығыстың да парасатты, дарынды, өнерлі тұлғалары өркениетті дүниеге   айналдыруда.

Шығыс өркениеті өмірге қабілетті келді. Ол көптеген шапқыншылықтар мен отарлау саясатын бастан өткерді. Шығыс өркениеті икемділігі мен өміршеңдігінің арқасында осынау өзгерістерден өз жолын таба білді.  Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді өңдеген жаңа бағдарлама жолындағы, техника жағынан дамыған Еуропа өркениетінен Шығыс та қалыса қоймаған болатын.

Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін толықтыра отырып, жалпы әлемдік мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс пен Батысты біріктіретін түрлі құндылықтар мен менталитеттердің үйлесімі қашан да салтанат құрмақ.

Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі элементтерден құралатын тұтас жүйеге айналуда. Осы орайда «Ғаламдық Шығыс және Батыс  тарихы мына  элементтердің негізін  қалаушы  дуализмге: Жер мен Су, Құрлық пен Теңізге толықтай тәуелді»,-дейді Карл Шмидт.

Осынау жаһандану үдерісінде болашақтың дамуы мен таяу болашағы туралы мәселелер маңызды. Батыс адамының, батыстық өнердің рухани тоқырауы жалпыға мәлім болуда.  Кейбір зерттеушілер Батыс мәдениеті мен өнеріне негіз боларлық  қағидаларды қарастыру мәселесін атауда. Сонымен қатар қазіргі заманғы Батыс өнерін қазіргі заманғы Шығыстың рухани мұрасымен салыстыру қажеттігі де туындауда.

Әлемнің тұтастануы жайлы қағидалар бүгінде мәдениетаралық үндесулер мен жаллпыадамзаттық төзімділік ұғымдарын дүниеге әкелді. Жаһандану жағдайында мәдениетаралық үндесу елдер арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, жалпыадамзаттың бір-бірін түсінуде «біз» ұғымын түйсінуге  ықпал етуші әлеуметтік мәдени фактор ретінде қарастырылуда.

Жаһандық ойлаудың негізіне  пікірлер мен идеялар алаңының, ұстанымдар мен әлемге деген көзқарастың  үндесуі жатады. Нақ осы үндесулер түрлі мәдениеттер мен олардың арасындағы диалогтың түйсіу нүктесі саналды.

Бүгінгі әлемді бірі-біріне тәуелді экономикалық, технологиялық, ақпараттық байланыс арналары ұстап тұрғаны мәлім. Бірақ бұл байланыс арналарында өркениеттің қас жауы – қақтығыстар мен соғыстың орын алуы өте қатерлі үндеу болып отыр. 

С.Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні, мәдениеті, дәстүрлерімен  бір-бірімен ерекшеленеді. Осынау ерекшеліктер «Батыс» және «Шығыс» терминімен айқындалды. Батысқа рационализм, христиан дәстүрі, ағартушылық, демократия, дербестік тән болса, Шығыс үшін, керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық және буддистік (басқа да) діни ұстанымдар, дәстүршілдік, ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше түрі тән келді. 

Батыс пен Шығысты нақты бір елге таңбалау қажетсіз. Бұл географиялық ұғым саналады. Ал мәдениет даму барысында Батыстың да, Шығыстың да белгілерін өзіне  сіңіруі мүмкін.

Диалогқа тән ерекшеліктерге мағыналық және әлеуметтік тұтастық тән. Диалог ерекшелігі де тілдесу барысында екі тараптың да аралық дәрежеде тепе-тең түсуі. Керісінше болған жағдайда асимметрия белгілері басым келіп, диалог монологқа ұласуы мүмкін. Сондықтан да диалог –  пайда болған тұтастық бөліктерінің тепе-теңдіктерін мойындау. Тек диалог қана адамзат қарым-қатынастарының симметриялылығы мен тепе-теңдігін таразылаушы.   

Диалог философиясын қазіргі заманғы батыстық мәдениеттің дағдарыстық ахуалының бастауын монолог ұстанымынан, яғни «центризмнен» деп санайды.  1922 жылы М.Бубердің жарық көрген кітабында Батыс дағдарысын «Мен және Сен»  қарым-қатынасының жойылуынан деп санайды.

Сонымен «монологқа» негізделген мәдениет – «орталықтандырылған мәдениет» саналады. Яғни диалогқа қатысушылардың бір тарабы келесі тарапқа үстемдігін танытады да, екінші тарап бірінші тарапты қайталайтын егізіне  айналады. 

«Батыс-Шығыс» диалогына келсек, қазір жағдай өзгеруде. Мәселен, ХІХ ғасырда вестерн үдерісі теңдесе келе еуропалық (батыстық) үлгі жалпыға ортақ танулы тиіс деп саналған-ды. Дегенмен батыс мәдениетін игеру үдерісі өзінің жемісін бере бастады. Мәселен, Ресейде алдымен әдебиетте, атап айтқанда  Тургенев творчествосында романның еуропалық үлгісі жақсы меңгерілді. Французға жақын құндылықтар дүниеге келді. Осы кезде Толстой мен Достовеский осынау француздық талғамды бұзып-жарып, жаңа түрге түрен салды. Еуропалық әлемге орыс сезімін енгізе білді. Еуропаны орыстың ашықтығымен таңырқатты. Үндістан мен Жапония да өзіндік сүрлеуді таңдаған болатын. Шын мәнінде, еуропалық ағартушылар, үнділік ойшылдар саналатын Вивеканада мен Ауробиндолар Батыстағы үнді мәдениетінің келбетін танытқан болатын. Нақ еуропалық білімдар жапондықтар еуропалықтар мен американдықтарға өздерінің дзен-буддизмге жан-дүниесімен берілгендігін әйгілей алды.

Қырғи-қабақ шымылдығы түрілмей тұрған кезеңде диалог тек қана қарама-қарсы тараптың кемістігін айту мен сынаудан аса алмаған болатын.  Жаһандық қарама-қайшы екі жүйе – коммунизм мен антикоммунизм өркениеттік бастаулардың түбегейлі әркелкілігін және де жөнге келмейтін антиномиялығын дәлелдеп баққан болатын. Шын мәнінде, зерттеушілердің бар назары Батыс пен Шығыс дәстүрлерінің өзгешеліктері мен бір-біріне ұйласпайтын сипатын сараптауға бағытталған еді. Мұнда диалог кері байланысқа түсе алмайтын жабық жүйе ретінде қарастырылды.

Бүгінде әлем тұтастануда. Жаңа ынтымақтастықты қажет етуде. Бірлесіп даму мен өзара қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастық жандануда. Қазіргі әлемде бірде бір өркениет өзінің мәдение ерекшеліктеріне қарамастан жаһандық экономикалық та саяси да модернизация үдерісінен тысқары қалмақ емес. Мысал ретінде осынау өзара бір-біріне тәуелділік әлемінде Батыс елдері Шығыстық пробемалардан тысқары өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес.                

Батыс экономикалық, саяси және мәдени стандарттарының жаһандық экспанциясы, батыстық мәдениет үлгілерінің шығыс аймақтарына жасанды таңылуы Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықты ушықтыра түспек. «Мәдениет диалогы» ұғымы «Мәдениет өнімдерімен алмасу» баламасына алмасып, барлық құндылықтар жойылып, барлық құндылықтар мен мәдениеттерді  тауарға айналдырады. Осыған орай ширек ғасыр бұрын ғалым К.Леви-Строс өзінің ойын былай деп білдірген болатын: «Қазіргінің адамы мәдениет арасындағы айырмашылықты өзіне ұнамсызын жоя отырып, түсінуге талпынады».

Батыстық-шығыстық диалог таяу 10-15 жылда қандай болады деген сауалдар, әрине, көптеген зерттеушілер мен саясаткерлерді, мәдениет пен өнер, дін қайраткерлерін толғандыратыны заңды.  Болашақты болжау қиын. Бүгінгі ықпалды идеялар ертең-ақ өзінің күшін жоюы мүмкін. Керісінше, бүгінде тек қана атауы бар идеялар, ертесіне ақыл мен ойдың шыңына өрлеуі мүмкін. Дегенмен екі әлем – Батыс-Шығыс арасындағы диалог қашан да жалпыадамзаттың ынтымақтастығы мен бірлігіне негізделуі, басты ұстанымына айналуы, болашаққа болжар аспашамындай болуы тиіс. Бұл мыңдаған ғасырлардан мұрамен жеткен кешегі өркениеттің,  ғаламат жылдамдықпен дамып бара жатқан жаһанданудың жемісі саналатын бүгінгі өркениеттің және де болашақ ұрпаққа аманат етерлік ертеңгі өркениет талаптары. 
Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы

FTP құрылымы

Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.



ҒТР-дың негізгі белгілері

FTP-дың басты белгілері мыналар:

1) әмбебаптық, ауқымдылық;

2) ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі;

3) өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

4) әскери-техникалық революция (33-сызбанұсқаны қараңдар).



Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті менмінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі.

FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру — ғылым — өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.

ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.

Жеке елдің ғылыми-техникалық күші осы салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШЖапония жәнеГермания) жетекші орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға "маманданған" қалалар пайда болды, олардың аса ірілерінің көрсеткіштері 13-кестеде берілген.



Қала

Ел

Ғылыми-зерттеу мекемелері мен университеттер саны

Цукуба

Жапония

52

София

Болгария

49

Рейли

АҚШ

40

Иль-де-Франс

Франция

26

Новосибирск

Ресей

21

Жоғары дамыған елдердің сыртқы саудасында ғылымды көп қажет ететін өнімдердің үлесі жоғары. Ғылымды қажет ететін өнімдердің дүниежүзілік нарықтағы көлемі 2300 млрд долларды (2008 ж.) құрайды. Оның 39%-ы АҚШ, 30%-ы Жапония, 16%-ы Германияға тиесілі болады. Сонымен, мұндай өнімнің 90%-дан астамы жоғары дамыған және жетекші елдерде өндіріледі (14-кестені қарандар).

Өнім түрлері

АҚШ

Германия

Жапония

Ұлыбритания

Авиация техникасы

1

2

-

3

Телекоммуникация жабдықтары

2

3

1

-

Сандық бағдарлама бойынша басқарылатын станоктар

3

1

2

-

Микросұлбалар

2

4

1

-

Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. ҒТР жағдайында техника мен технология өндірістің мүлде жаңа салаларын қалыптастырумен қатар, дәстүрлі салалардың жабдықталуын жетілдіру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.

Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды.

Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.

ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы

FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:

1) ғылым;

2) техника және технология;

3) өндіріс;

4) басқару.

FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.

FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.

Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.

Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.

Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда.

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН

ЖҰМЫСТАРДЫҢ (СОӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


  1. СОӨЖ – ді орындауда студенттерге көмек.

  • оқытушымен берілген немесе тізім бойынша таңдап алынған рефераттарды, баяндамаларды жазуға көмек көрсету және оларды тексеру.

  • Пән бойынша құрылымды - логикалық схемаларды құруға көмек көрсету.

  • Халықаралық құқықтың маңызды мәселелері бойынша көріністер, баяндамалар жазуға көмек көрсету.

  • Глоссарий дайындауға көмек.

  1. Студенттермен дайындалған материалдарды тексеру және талқылау.

  • Тақырып бойынша дайындалған глоссарий тексттерін тексеру.

  • Тақырып бойынша үлгерімі жоғары студенттердің орындаған әдебиеттік көрінісімен танысу.

  • Берілген тақырыптар бойынша студенттердің баяндамаларға дайындығын тексеру.

  1. Конспекттерді, берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  2. Студенттердің білімін тексеруді жүргізу.

  3. Орындалған тапсырмалар бойынша бағалар қою.

  4. Үлгерімі төмен және сабақты өткізіп алған студенттер үшін жеке консультациялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет