«Әлемдік қауымдастықТАҒЫ Қазақстан республикасы»



бет4/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#142931
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту сұрақтары:

1. 90 жж. экономиканың басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

2. Қазақстан 90жж. саяси аренадағы ролі қандай деп баға берер едіңіз?

3. Шаруашылық саласындағы үлестер кімдерге тиімді, кімдерге тиімсіз болды?


Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерк – Алматы: «Дәуір», 1994

2. Первые лица государства: полполитические портреты/ Авт. Кол.: Е.Абен, Е.Арын, И. Тасмағамбетов и др. – Алматы: Қазақстан даму институты. 1998 – 368с.

3.Қазақстан тарихы. /Авторлар ұжымы: Қаражан.Қ., Әбсеметова Ж., Қозыбақова А., т.б. / А., 2009.



Азиядағы өзара ықпалдастық.

1.Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылу тарихы.

2. АӨСШК-ның Терроризмдi аластау және өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы декларациясы.

3.Терорризм мәселесі.

1.Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады.

Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті.Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.1994 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті құттықтау сөз сөйледі.Қазіргі уақытта АӨСШК-ке Ауғанстан, Әзірбайжан, Қытай, Египет, Үндістан, Иран, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттері мүшелікке енген. Австралия, Индонезия, Жапония, Корея, Монғолия, Украина, АҚШ, Ливан, Вьетнам, Таиланд, Малайзия елдері бақылаушы қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЛАК, ЦАЭС сияқты халықаралық ұйымдар да АӨСШК жұмысына белсене атсалысып келеді.

2.АӨСШК-ның Терроризмдi аластау және өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы декларациясы.



        Бiз, Азиядағы ықпалдастық және өзара сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң (АӨСШК) Алматы қаласындағы бiрiншi басқосуына жиналған АӨСШК-ға мүше мемлекеттер басшылары немесе мемлекеттер үкiметтерi басшылары мынаны мөлiмдеймiз.
        Бiз бүкiл әлемге, соның iшiнде АӨСШК-ға мүше мемлекеттердiң арасында терроризм өрекеттерiнiң таралуына байланысты терең алаңдаушылық бiлдiрiп отырмыз. Бiз терроризмге қарсы күресуге және БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес осы қатерге қарсы қимыл жасау қамымен екi тарапты, өңiрлiк және халықаралық ынтымақтастықты нығайта беруге бекем бел байлап отырмыз. Бiз осы жұмыстың ауқымын әзірлеуде БҰҰ-ның, оның Бас         Ассамблеясы мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң орталық рөлiн атап көрсетемiз.
        Бiз терроризмнiң барлық өрекеттерiнiң, өдiстерi мен нақты қарекетiнiң салдарынан жазықсыз жандардың опат болуына байланысты терең қайғырамыз және құрбан болған адамдардың отбасыларына қайғысына ортақтасып, көңiл айтамыз. Бiз қайда, қашан және кiмнiң жасағанына қарамастан, терроризмнiң барлық түрлерi мен көрiнiстерiн жазықсыз жандардың өмiрi мен игiлiгiне алалаусыз кезелген тағылық қол сөғушылық пен қылмыстық өрекет ретiнде бағалап, халықтардың бейбiт қатар өмiр сүруiне қатер төндiретiн өрекет ретiнде айыптаймыз. Қандай болғанына қарамастан, нендей бiр ниет терроризмдi ақтау үшiн негiз ретiнде пайдаланылуға тиiс емес. Бiздiң терроризм атаулының адамның құқығын, өсiресе оның өмiр сүруге, еркiндiкке, қауiпсiздiк пен дамуға деген құқығын тiкелей бөзушылық екенiне өбден көзiмiз жетедi.
        Бiз терроризмдi аластау барлық мәдениеттер мен өркениеттердiң ортақ мөраты болып табылатынын атап көрсетемiз. Бiздiң әлемдегi барлық дiндердiң зорлық-зомбылық пен терроризмдi мансөқ етiп, адам құқығын қорғауды жақтайтынына сенiмiмiз көмiл.
        Бiз терроризмнiң қандай болсын дiнмен, ұлттық сипатпен немесе өркениетпен сыйыспайтынын атап көрсетемiз. Бiз терроризмнiң өзiмiздi дiндер, мәдениеттер немесе өркениеттер арасындағы егеске тартуына жол бермеудi өте-мөте маңызды деп санаймыз. Бiз сонымен қатар терроризмге қарсы ауқымды күрестiң мәдениеттерге, дiндерге немесе халықтарға қарсы бағытталған соғысқа айналып кетпеу үшiн ерекше қырағылық көрсетудi өз мiндетiмiзге аламыз.
        Бiз өзiмiздiң өзiн-өзi билеу құқығын қоса алғанда халықаралық құқықтың барлық низамдары мен қағидаттарына, БҰҰ Жарғысының мөраттары мен қағидаттарына, АӨСШК-ның Алматыдағы актiсiне халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау, елдердiң арасында¬ы тату көршiлiк және достық қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан алғанда, айрықша ықыласты екенiмiздi қуаттаймыз. Бiз БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық қоғадастықтың терроризмге қарсы күресте жұмсап отырған күш-жiгерiн белсене қолдаймыз. Терроризмге қарсы күрес кең ауқымда, жан-жақты өрi дұйектi жүргiзiлуге тиiс, ол таңдауға және кемсiтуге бармауға тиiс. Бұл төста екi өдай көзқараста болуды, тұрк ету қажет. Бiз, сондай-ақ терроризмге қарсы күрестi егемен мемлекеттердiң iшкi iстерiне араласудың сылтауы ретiнде пайдалануға қарсымыз. Бiз БҰҰ Жарғысын көзге iлмей, егемен мемлекеттерге қарсы күш қолдануды қабылдамай тастаймыз.

3.Бiз терроризмге қарсы күрес жөнiндегi БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1373 қарарының және БҰҰ-ның басқа да тиiстi қарарларының көкейкестi маңызын қуаттаймыз және толығымен қолдауға мiндеттенемiз, ұйткенi олар ұлттық, өңiрлiк және халықаралық мiндеттемелер үшiн және осы кесапатты зөлматқа қарсы күрестегi күш-жiгер үшiн айқын өрiс ашады.


Бiз терроризмге қарсы күресте адам құқығын және заңның өлықтығын сақтау қажеттiгiн атап көрсетемiз. Бiз БҰҰ-ның терроризмге қарсы сан түрлi конвенцияларына қатысушы мемлекеттердi осы конвенциялардың тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету үшiн олардың ережелерiне сәйкес сабағат салуға және ынтымақтасуға шақырамыз. Бiз Терроризмге қарсы күрес туралы жалпыға бiрдей конвенциясы және Ядролық терроризм актiлерiне қарсы халықаралық конвенция сияқты және басқа да пөрмендi тетiктердiң БҰҰ-да тезiрек келiсiлiп, қабылдануына жәрдемдесетiн боламыз. Бiз терроризмге қарсы күресте барлық басқа да мемлекеттермен, өңiрлiк және халықаралық ұйымдармен және форумдармен ынтымақ үшiн ашықпыз. Терроризмнiң ұлттараралық сипатын, сондай-ақ оның ұйымдасқан қылмыс, есiрткi айналымы және адамдар саудасы, сондай-ақ қару-жарақтың заңсыз айналысы сияқты қауiпсiздiкке төнетiн басқа да қауiп және қатерлермен тығыз байланысты екенiн ескере келiп, бiз өздерiмiздiң тиiстi билiк орындарымыздың ынтымақтастығын нығайтуға және әлемдiк қоғамдастықтың терроризмдi қаржыландыруды тыюға және оны аластауға бағытталған мүмкiндiктерiн нығайту мақсатында өдайы ақпараттар алмасуды жүзеге асыруға ұмтылатын боламыз. Бiз әлемдiк қоғамдастықтың кедейшiлiктi, жұмыссыздықты, сауатсыздықты, экстремизмдi, араздықты, тамыр тартқан өшпендiлiктi және кемсiтудiң барлық нысандарын жою үшiн күш-жiгерiн молайтуды бiрiншi кезектегi мiндеттердiң бiрi ретiнде қараймыз. Бiз әлемнiң барлық өңiрлерiнiң тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету және жаһандасудың әлеуметтiк-экономикалық қырларына көбiрек назар аударуды қажет деп санаймыз. Бiздiң бұл мақсатымызға жету үшiн сонымен қатар өңiрлiк және халықаралық дағдарыстар мен егестердi бейбiт жолмен реттеуге жәрдемдесудiң маңызы зор. Бiз Ауғанстанды қалпына келтiру мен жаңғырту жөнiндегi халықаралық күш-жiгердi қолдаймыз, мұның өзi осы елдi халықаралық қоғамдастықтың тұрақты өрi гүлденiп көркейген мүшесi ретiнде түлетуге мүмкiндiк бередi. АӨСШК-ға мүше мемлекеттер терроризмге қарсы ортақ күресiмiздiң мүддесi үшiн ортақ қөндылықтарды, өзара түсiнiстiк пен сенiмдi iлгерiлету мақсатында өздерiнiң арасындағы ынтымақтастық пен үн қатысуды нығайту ниетiн көздейдi.Бiз АӨСШК-ны өз бойына түрлi мәдениеттер мен дәстүрлердi сiңiрген елдердi қамтитын бiрегей азиялық басқосу деп бағалаймыз, мұның өзi оны өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы үн қатысуды iлгерiлету бағытындағы аса маңызды тетiктердiң бiрiне айналдырып отыр. Бұл ретте бiз БҰҰ Бас Ассамблеясының Өркениеттер арасындағы үн қатысу жөнiндегi 56/6 қарарын толық қолдайтынымызды қуаттаймыз және оның iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудың бүкiл әлемде бейбiтшiлiкке, игiлiк пен тұрақтылыққа қол жеткiзу жөнiндегi халықаралық күш-жiгерге сындарлы үлес болып қосылатынына сенiмiмiз көмiл. АӨСШК-ға қатысушы мемлекеттер Еуразияның бiрталай аса iрi әлемдiк өркениеттердiң бесiгiғана болып қоймай, солардың өздерiнiң арасын жалғаған көпiр болғанын ескере келiп, осындай үн қатысуды жан-жақты өрi белсендi тұрғыда дамыту ниетiн көздейдi.

Бекіту сұрақтары:

1. Азиядағы өзара ықпалдастыө дегенді қалай түсінесіз?

2. Терорризм мәселесіндегі Қазақстанның орнын атаңыз?

3. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес қашақ құрылды? Себебі қандай еді?


Қазақстанның Қонституциясы-демократия кепілі.

1.Конституция ұғымы, түрлері.

2.1993 жылғы ҚР-ның Конституциясы.

3.1995 жылғы ҚР – ның Конституциясы.

1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы болды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді.ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1993 ж. ҚР Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демокра-тиялық, қүқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлау-да болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерек-шелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарьш-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және парти-ялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудын дамуына кеп көңіл болінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 ж. 4-маусымда ҚР-сын мемлеекттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді. Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді.ҚР-ның мемлекеттік туы, авторы Ниязбеков Ш., мемлекеттік елтаңба, авторлары Мәлібеков Ж., Уәлиханов Ш., мемлекеттік әнұранның авторлары Нәжімедденов Ж., Назарбаев Н.

1997 ж. еліміздің президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды.Онда ұлттық қаіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру, экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму стратегиясы, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, энергетикалық ресурстар, кәсіби Үкімет мәселелерінің даму жайы қарастырылады.


Қазақстан құқықты, демократиялы мемлекет.

Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді.

Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. На-зарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.

Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.


Бекіту сұрақтары:

1.Конституция дегенді қалай түсінесіз?

2.Конституция заң ба, әлде заңға сәйкес акт ме?

3.Тәуелсіз алғанан кейін неше Конституция қабылдадық, неліктен?


Қазақстандағы өкімет билігі ерекшеліктері.

1.Өкімет билігі ұғымы және билік салалары.

2.Билік салалары және олардың өзіндік ерекшеліктері.

2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. На-зарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді.Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени ша-ралар мен отандьтқ өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан түрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі түрақты-льтқты нығайтуға, үлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің түрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді.

Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара-ны делимитациялау жөніндегі бірлескен жүмыстарда не-гізінен аяқталып қалды. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған.

Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама Қытай Халық Респуб-ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы ба-ғытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізеді.
Бекіту сұрақтары:

1.Өкіметті бөлу теориясын ұсынған ғалым кім?

2.Билік түрлерін атаңыз және себебін көрсетіңіз?

3. ҚР – сы қандай билікке негізделген мемлекет?


Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар.

1.Саяси партиялар ұғымы және түрлері.

2.«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы.

3. Қазақстан коммунистік партиясы

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.



Қазақстан коммунистік партиясы.Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы.Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.



Қазақстанның патроиоттар партиясы

Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.



Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.



«Руханият» партиясы

Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.



«Әділет» демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.



Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.



Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)

Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады.



Қазақстан | Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер | Саяси партиялар туралы

1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.

2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет