«Әлемдік қауымдастықТАҒЫ Қазақстан республикасы»


Саяси партияларға бiрiгу құқығы



бет5/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#142931
1   2   3   4   5   6   7   8

Саяси партияларға бiрiгу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.

3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.

4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

Мемлекет және саяси партиялар1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. 2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. 3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. 4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. 5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды. 6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.

Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.

2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.

3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.

4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. 5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс. 6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi. 7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ёлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметiне тыйым салынады. 8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. 9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.

Саяси партияны құру 1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. 2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi. 3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн құрамында кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін.

4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады. 5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Саяси партияның атауы мен рәмiзi 1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi. Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың атаулары мен рәмiзiнен өзгеше болуға тиiс. 2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi. 3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ. 4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы. 5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс. 6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.



Саяси партияға мүше болу 1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады. 2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi. 3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс. 4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады. 5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады. 6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс. 7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы. 8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.

Саяси партияның жарғысы 1. Саяси партияның жарғысында мыналар болуға тиiс: 1) саяси партияның атауы, мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ рәмiзiнiң сипаттамасы; 2) саяси партияның орталық аппаратының орналасқан жерi; 3) саяси партияға мүше болудың және мүшелiктен шығып қалудың шарттары мен тәртiбi, оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 4) саяси партия мүшелерiн есепке алу тәртiбi; 5) саяси партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құру, қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi; 6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртiбi, аталған органдардың өкiлеттiк мерзiмi мен құзыреті; 7) саяси партияның жарғысына және оның бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;

8) депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге саяси партиядан кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртiбi;

9) бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша саяси партия ұсынған Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi; Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу1. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

2. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуге қажеттi құжаттар саяси партияның құрылтай съезi (конференциясы) өткiзiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тiркеушi органға табыс етiледi.

3. Саяси партия мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап алты айдың iшiнде өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткiзуге мiндеттi.

4. Осы баптың 3-тармағын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен саяси партияның мемлекеттiк тiркелуiнiң күшiн жоюға әкеп соғады.

5. Саяси партияны тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

6. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс.

7. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органға мынадай құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады:

1) тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;

2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп жасалған жарғысы мен бағдарламасы;

3) саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы;

4) саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн тiзiмдерi;

5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi туралы құжат.

8. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрады. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. U952198 (9-бап); V990768 Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру 1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған; 2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған; 3) саяси партия басшыларының Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен егемендiгiн бұзуға, өкiмет билiгiн басып алуға немесе ұстап тұруға, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, заңсыз әскерилендірiлген құралымдар құруға бағытталған, сондай-ақ әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни, тектiк-топтық немесе рулық араздықты тұтатуға жария шақыруы мен сөздерi орын алған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.

2. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, саяси партияның банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.

3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.

4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды.



Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату 1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (қосылу, бiрiгу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құрылу) оның жоғары органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған саяси партияны тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi: 1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға; 2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге; 3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға; 4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге; 6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Саяси партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) органдары

Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану



Бекіту сұрақтары:

1.Саяси партия дегеніміз не?

2.Саяси партияға кімдер мүше бола алады№

3.Бүгінде қазақстанда неше партия бар?


Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.

1.Ассамблея ұғымы және ерекшелігі.

2.Қазақстан халық ассамблеясының құрылуы және қызметі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы" Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды. ҚХА 2003 жылға дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.



Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзербайжан, ассирия, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.
Бекіту сұрағы:

1. Ассамблея дегенді қалай түсінесіз?

2.Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?

3. Қоғамда халықтар Ассамблеяның алатын орны қандай?


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

1. Қазақстан Республикасының қарулы күшінің құрылуы және ерекшелігі.

2.Қазақстан Республикасының қарулы күші туралы заңы.

3.Қазақстан Республикасындағы сарбаздар.

1992 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы Красный Восток кентінде орналаскан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды.


1992 жылы Республикалык ұланға өз қызметіне байланысты мынадай міндеттер жүктелді: Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Вице-Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету;ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету;                                                                                                                          шетел мемлекет басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау;
 - мемлекеттік және  қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату; - ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату; - ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру.
 1992 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының алғаш қолбасшысы болып Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков тағайындалды.1993 жылдың 21 шілдесінен 1995 жылдың 9 қазанына дейін генерал-майор Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 1997 жылдың 3 наурызынан 1999 жылдың 9 желтоқсанына дейін генерал-лейтенант Сәт Бесімбайұлы Токпақбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 2001 жылдың 14 наурызынан 2001жылғы31 қаңтарға дейін генерал-майор Болат Бақытжанұлы Жанасаев Қазақстан Республикасының Республикалык ұланының қолбасшысы міндетін атқарды.
1999 жылдың 14 желтоқсанынан 2000 жылдың 19 желтоқсанына дейін және 2002 жылдың 31 қаңтарынан 2006 жылдың қаңтарына дейін генерал-майор Болат Ғазизұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 2006 жылдың 23 қаңтарынан бастап Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы. 1995 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар "Респуликалық ұлан туралы" Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатыны және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер құрамына кірмейтіні айындалды. Республикалық үлан Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.
Бекіту сұрағы:

1.Қазақстан Қарулы күші қашан құрылды?

2.Сарбаздар деп кімді айта аламыз?

3.Қарулы күш туралы заң қашан қабылданды, қандай мақсатпен?



Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары.

1.Үкіметтік емес ұйым ұғымы, түрлері және қызметі.

2.Тұңғыш азаматтық форум.

1990 жылдың 1 наурызындағы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 100-ге тарта қоғамдық ұйымдар қызмет етті. Олардың қатарында: «Достық» азаматтық қозғалысы, «Форум» қоғамы, «Инициатива» әлеуметтік-саяси бірлестігі, «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассамблеясы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы, «Желтоқсан» қоғамдық комитеті, «Бірлестік» азаматтық қозғалысы, сондай-ақ ірі экологиялық ұйымдар – «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы, «Арал – Азия - Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Жасыл майдан» және басқалар; тарихи-ағартушылық сипаттағы бірлестіктер – «Ақиқат», «Мемориал», «Әділет» қоғамы, «Жерұйық» тарихи-этнографиялық бірлестігі. 90-шы жылдары құрылған адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдардың арасында Адам құқықтары жөніндегі қазақстан-американ бюросы, «Қазақстанның құқықтық дамуы», саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы, Адам құқықтары жөніндегі демократиялық комитет аса белсенді қызмет етті. Түрлі одақтар мен қорлар: Қазақстан аграрлық одағы, Қазақстан жастар одағы, сәулетшілер, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстан еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстан мәдени қоры, Бейбітшілік, ғылымды қолдау қорлары, «Бөбек» балалар мейірімділік қоры, қылмыспен күрес қоры, жол қозғалысы қауіпсіздігі қоры. Елдің әйелдер қозғалысы: Қазақстанның мұсылман әйелдері республикалық лигасы, «Фемида» Алматы лигасы және «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері». Ардагерлер құқықтарын қорғаушы ұйымдар қатарында – Республикалық ардагерлер ұйымы, Қазақстандық саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы, «Чернобыль» қоғамы және т.б. 2002 жылы Үкімет қаулысымен Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтары, және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейі айқындалды. 2003 жылы Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда ҮЕҰ орнықты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-әқимыл негізінде қоғамдағы әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі олардың рөлін арттыру. Тиісті аймақтық бағдарламалар бекітілді. Бүгінгі таңда облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнықтыратын кеңестер, ал орталық ақтарушы органдарда салалық ҮЕҰ қатысуларымен консультативтік-кеңесші органдар құрылып, қызмет етуде.


ҮЕҰ мемлекеттік қолдау Бағдарламасын нақты іске асыру үшін республикалық деңгейде 42 млн. теңге бөлінді. ҮЕҰ арасында әлеуметтік маңызды жобаларға конкурстар өткізу үшін республикалық бюджеттен 2003 жылы – 10 млн. 700 мың теңге, 2004 жылы – 9 млн. 700 мың теңге, 2005 жылы – 59 млн. 700 мың теңге бөлінді.
2004 жылдан бастап ҮЕҰ қолдаудың барлық аймақтық бағдарламалары қаржымен қамтамасыз етілді. ҮЕҰ жобаларын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың тұтастай көлемі шамамен 100 млн. теңгені құрайды.
2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының (ҚҮЕҰК) Азаматтық форум өткізу туралы бастамасын қолдады.
2005 жылғы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде ҮЕҰ-ның қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңы қабылданды. Тұрақты негізде өткізіліп отыратын және нағыз жалпыұлттық үнқатысу тетігіне айналған үкіметтік емес ұйымдардың Азаматтық форумы қазақстандық қоғамның өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.
2003 жылғы 14-15 қазанда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҮЕҰ республикалық съезі – Тұңғыш Азаматтық форум болып өтті. Форумның ұйымдастырылуы мемлекеттік ұйымдар мен ҮЕҰ қоғамдық өзекті проблемаларды шешуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік туғызды.
ІІ Азаматтық форум 2005 жылғы 11 қыркүйекте өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын қолдау жөніндегі Қазақстанның Азаматтық альянсын құру, орталық, салалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін енгізу, ҮЕҰ мен бизнес құрылымдарының өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу ІІ Азаматтық форумның жаңа бастамалары болды.
2007 жылғы 17-18 қазанда Астана қаласында ІІІ Азаматтық форум өткізілді. Форумда 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды. Бұл - азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттарын және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндігін айқындайтын маңызды құжат. Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы халықаралық шарттар мен пакттар шеңберінде халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту, әрі олардың мемлекетпен және бизнес секторларымен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық - әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру болып табылады. ІІІ Азаматтық форумның бұрын өткізілген форумдардан ерекшелігі әлеуметтік сала министрліктерінің және әкімдіктердің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды дамыту бойынша екі жылда жүргізген жұмыстары туралы есеп беруінде болды. ІІІ Азаматтық форумның негізгі міндеттері: - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауына, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес биліктің, бизнес пен ҮЕҰ ынтымақтастығының нақты бағыттарын анықтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің ІІ Азаматтық форумда берген тапсырмалары мен Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін талқылау; - қазақстандық ҮЕҰ жетістіктерін көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның ахуалы туралы қоғамды кеңінен ақпараттандыру. Форум жұмысы ҮЕҰ секторын дамыту және оның басқа секторлармен өзара іс-қимылы жөніндегі мынадай өзекті мәселелер талқыланатын «дөңгелек үстел» форматындағы 7 үндесу алаңы шеңберінде өтті: 1. Үш секторлы өзара іс-қимылды дамытудың ажырамас бөлігі ретінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. 2. Жергілікті өзін-өзі басқару: азаматтық қауымдастық пен биліктің басқарудың жаңа нысандарына дайындығы. 3. Мемлекеттік салалық әлеуметтік тапсырыс: әлеуметтік аудит және әлеуметтік маркетинг. 4. Реформалардың адам және азамат құқығына әсері. 5. Қоғамның кедейшілікке, сыбайлас жемқорлыққа және өмір сапасының стандарттарына қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуге экономикалық, құқықтық және азаматтық әсер ету механизмдері.
6. Азаматтық ниеттестік негізінде экологиялық мәселелерді шешу.
7. Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатын жүргізу шарты ретінде қоғамдық сараптаманы және бағдарламалар тиімділігін бағалауды дамыту.
Қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5 мыңға тарта үкіметтік емес ұйымдар қызмет етеді. Оның ішінде 1709 үкіметтік емес ұйым белсенді әрекет етуде. ҮЕҰ өз қызметінде іс жүзінде барлық қоғамдық маңызды салаларды қамтиды. Мәселен, экология, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, гендерлік қатынас, адам құқықтарын қорғау және басқа да мәселелер.
ҮЕҰ-ның түрлі бағыттардағы тұрақты топтары тіркелді, мәселен: экологиялық - 15%; балалар мен жастар – 13,6%, әйелдер – 13,3%, медициналық – 13,1%; мәдениет, өнер, ғылым, білім салаларында – 12,5%; құқық қорғаушылық – 7,6%; әлеуметтік қорғау бойынша – 6,8%; қоғамдық бастамаларды қолдау жөніндегі - 6%; көпқырлы – 4,7%; мүгедектер қоғамы – 4,4%; мүгедек балаларды сауықтыру жөніндегі - 3%.
Үкіметтік емес секторға жалпы алғанда 200 мыңға жуық адам тартылады. Тұрақты негізде 40 мыңға жуық адам, уақытша негізде – 50 мың адам, ерікті қоғамдық негізде – 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2 млн. жуық адам ҮЕҰ түрлі қызметтерін пайдаланады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 2007 жылғы 26-27 наурызда Алматыда өткен «Белсенді азаматтық қоғам – қуатты Қазақстан» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі айрықша оқиға болды. Оған 200-ге тарта үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдарының өкілдері қатысты.
2007 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі 70 лот бойынша ҮЕҰ маңызды жобалары конкурсын өткізді, оған 392 өтініш берген 154 ҮЕҰ қатысты. Жобалардың басым көпшілігі ұлтаралық қатынастар, мәдениет, тіл, ақпараттық саясат салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Лоттардың бір бөлігі өзекті әлеуметтік тақырыптарға (жемқорлықпен күрес, гендерлік насихат, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, нашақорлықтың алдын алу және басқалар) арналған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет