Конфликтология теорияшылары технологиялық өзгерістер бәсекелес мүдделер арасындагы шиеленістерді көрсетеді және солармен шарттас деп тұжырымдайды, әлеуметтік өзгерістерден зардап шеккен немесе пайда табатын адамдар мен топтардың қалыптасқан жағдайды сақтап қалуда немесе түрлендіруде үлестері бар. - Конфликтология теорияшылары технологиялық өзгерістер бәсекелес мүдделер арасындагы шиеленістерді көрсетеді және солармен шарттас деп тұжырымдайды, әлеуметтік өзгерістерден зардап шеккен немесе пайда табатын адамдар мен топтардың қалыптасқан жағдайды сақтап қалуда немесе түрлендіруде үлестері бар.
- Торстейн Вебленнің (1919) айтуынша, қалыптас қан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады, заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады, әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді, ал өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды. Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең бөлінбейді, әдетте шығынға әлсіздер ұшырайды дейді.
- Мысалы: электр компаниялары электромобильдерді сатуға мүдделі, бірақ бұл жанармай компанияларының мүддесіне сай келмейді; колледж студенттері ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл тиімді емес.
Репродуктивті технологиялар арқылы балаларының генетикалық тұрғыдан өздерінікі болуын қалайтындардың мүмкіндігі молайды. Сөйте тұра бұл да денсаулық, әлеуметтік және этикалық мәселелер тұрғысынан күрделі проблемалар тудырды. - Репродуктивті технологиялар арқылы балаларының генетикалық тұрғыдан өздерінікі болуын қалайтындардың мүмкіндігі молайды. Сөйте тұра бұл да денсаулық, әлеуметтік және этикалық мәселелер тұрғысынан күрделі проблемалар тудырды.
- Ақпараттық технологиялар - компьютерлер мен телекоммуникациялық құрылғылар біздің күнделікті өмірімізді қатты өзгертті.
- Ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің көптеген қырларын өзгертті, олар бізді өзге адамдармен және ақпаратпен байланыстырады, сонымен бірге қорғануға қатысты жаңа проблемалар, жаңа тиімсіздіктер, әлеуметтік бақылаудың жаңа пішіндерін, жаңа аурулар мен жарақаттар туындатады.
- Технологиялық императив - жаңа технология қолжетімді болған кезде оны қолданбау мүмкін емес деген тұжырымға келу.
Достарыңызбен бөлісу: |