Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


түзетіп өзгертпек болады». Абай бір кездері әлеуметтік, қоғамдық күрес жолына белсене



Pdf көрінісі
бет45/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

түзетіп өзгертпек болады». Абай бір кездері әлеуметтік, қоғамдық күрес жолына белсене 
араласқанда:
Өзімді өзім зор тұтып 
Өзгертпек едім заманды, – дейтін 
өршілдік әрекетінен де көреміз.  
Абайдағы «Толық адам» туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» (1886) өлеңінен бастау 
алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене түсетіні бар. Гуманист атаулы ғалымдардың бәрі де 
бұл дүниедегі асылдың асылы, ең бағалысы адам деп қарайды. Сол адамның бойындағы 
қалыптасатын мінез-құлықтың ең басты сипаты неден тұрмақ деген сұраққа әр заман ойшылдары 
өзі жасаған заман талабына орай жауап беруге ұмтылған. Бұған исламият әлемінде, әсіресе, 
Түркістан өлкесінде бұл өзекті мәселеге әл-Фараби бастаған XI ғасырдағы Жүсіп Қас Хаджиб, 
XII-XIII ғ. А.Ясауи, Ш.Табризи (Тарази), Ж.Руми жалғастырған «жәуанмәртлік», «хал ілімі», 
«камили инсани» жайындағы ой-толғаныстары танымдары өз үлестерін қосып жатты. Ал XIX 
ғасырдың екінші жартысында Абай бұл мәселеге айрықша назар аударып, өзіне дейінгі 
ойшылдар дәстүрін жалғастырып дамытып, толық адам туралы ілімнің негізін салды.
XX ғасыр басында Абайдың өз шәкірті Шәкәрім ар ғылым арқылы жалғастыра 
дамытты.Абай мен Шәкәрімнің әдеби мұрасындағы елеулі түрде бірегей көрініс берген ар 
түзейтін «толық адам ілімі» де олар ғұмыр кешкен қоғамдық санадағы, әсіресе, әлеуметтік саяси 
жағдай, яғни Ресей бодандығы құлдығынан азып-тозып бара жатқан халқын кісілік жолға салу, 
болашақ жастарды рухани жағынан іштей түлеп тазартудың мақсатынан туындады. Өйткені Абай 
мен Шәкәрім отаршылдық саясаттан қазақ елінің ой-танымы, әдет-ғұрпы, салтсанасы нілдей 
бұзылып, рухани жағынан азғындауы себебін жете танып білді. Ел билеудің отаршылдық 
жүйесі ендірген болыстық түрі - жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтыру 
саясаты қазақ елін іштей ірітіп, рухани жағынан азғындап кеселге ұшыраған қалпынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет