Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


 Абай танымындағы педагогика және басқа ғылым салалары



Pdf көрінісі
бет72/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

2. Абай танымындағы педагогика және басқа ғылым салалары.  
Енді, Абай мен химия ғылым саласының байланысы, Орта ғасырларда пайда болған Ал - 
химия ұғымы ҮІІІ-ІХ ғасырларда кен, көн өндіру, шиша мен қағаз шығару химия ғылымының 
дамуына әсері болды. Алғашқысы ылғал, екіншісі құрғақ бу. Ылғалды будан сынап, құрғақ будан 
күкірт пайда болады. Олардың қосындысынан алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, қорғасын, шыны 
пайда болатындығын анықталған.
Абайдың «Әзім әңгімесіндегі» Мұстафаға бір шалдың көрік арқылы көмірдің қызуын 
күшейтіп, мысты талқандап ол еріген кезде ұсақ қара дәріні қосу арқылы алтын жасаайды деген 
ұғым:
Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем,
Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын. - дегені осының айғағы. «Бергі 
таудың басында сол дәрі бар» деп Қап тауының шыңында ғана болатынын оны игеруде аса 
қиындықпен қол жеткізетінін, ол жолда адамды құрбан етуден тайынбайтынын ұлы ақын жеткізе 
суреттейді. Жай металды алтынға айналдыруға болады және ол дәрі адам баласын мәңгі 
жасартады деген түсінік «философиялық тасты» іздеумен шектеледі.
Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогика ғылымына көзқарасын білдіреді.
Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты 
жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-
өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты 
адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір 
мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында 
өзіңнен өзің есеп ал», - дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне 
ерекше тоқталады.
Абайдың ұлағатты мұрасын педагогика ғылым салаларында ғана емес басқа мамандықтардан 
да Абай идеяларын табуға болады. Мәселен: экономика, әлеуметтік-қоғам, саясат, ел басқару, 


83 
Алланы тану, өзін-өзі тану сияқты барлық техника мен жаратылыс ғылым салаларын ұлы Абай 
«Заһири ғылым» деп атаған.
Қазіргі бизнес мәдениетіне баулу үшін кәсіпкерлікке дұрыс бағыттап, олардың адал болуы 
жолында, бизнесі бекем болу үшін Абайға жүгіну керек: Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас. – деген Абай бизнестің қас жауы
«тәуекелсіз» «талапсыз», «еріншек» сияқты бойкүйездіктен қашып, ерінбей адал еңбек етуге 
шақырады.
Абайдың заңгерлігі өзінің тікелей әрекетімен орындалған; 1885 жылы Абай жазған 93 бабтан 
тұратын Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін бекітті. Бұдан былай билер, 
осы заң аясында билік айтатын болды.
Заң шеңберінде де Абай азғана қызмет етпегені көрініп отырады. 1876-1878 жылдары 
Қоңыр-Көкше еліне Абай болыс болады. Ар жолындағы Абай ел ішінде әділдік таразысын тең 
ұстап, қорғансыздарға пана болуға тырысты. Ұрлық жасағандарды ашықтан-ашық әшкере етті. 
Бір топ шонжарлардың жолын кескен ақын үстінен «Абай барымта алды, ауыл шауып, әйел 
қорлады» деген жала расталмай Абай ақталып шықты.
Мәселен; Абай өзі тілге алған Шығыс ғұламаларының бірі Ғұламаһи Дауанидің «Ахлақ-э 
Жалали» еңбегінің 63-бетінде құқықтық ілім шарттары жөнінде айтылған.
1886 жылғы патшалық империя қазақтардың үш жүзге және руларға бөлінетінін бақылай 
отырып өз арасына іріткі салу мақсатында білімсіз етіп «жаңа өмірге бейімдейміз» деген болып, 
«Уақытша ереже» - «Жаңа низам» сияқты заңдарды ойлап тауып елубасы, жүзбасы, болыстық 
билік қазақтар үшін тиімсіз басқару жолдарын ойлап тапқан отаршылдар, шағын елді мекендерде 
билер санын көбейту арқылы дау жанжалға ерік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет