Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абайдың заманындасы оқымысты ақын Мәшһүр Жүсіп те: Хал ілім мен Қал білімінен



Pdf көрінісі
бет43/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Абайдың заманындасы оқымысты ақын Мәшһүр Жүсіп те: Хал ілім мен Қал білімінен 
хабары мол әрі оны жіті танып білуі себепті «Хал» ілімі мен «Қал» білімінің айырмасын 
кейінгі ұрпақ танып білсін дегендей, пендеден пенде сабақ алып, көзбен көріп, тілмен 
оқылатын оқуды «ғылым қал» дейді. Көңілден көңіл сабақ алатын бір жол бар, оны 
«ғылым хал» дейді, – деп ол ғылымдардың өзара жігін көрсетіп, Ясауи негізін салған «Хал» 
ілімінен хабар беретіні бар. Ал, оны «хал» ілімі қазан төңкерісне дейін Түркістан 
медреселерінде арнайы курс ретінде оқылып келгенін ақын Мәди Меркішұлы (1865-1924)
Үйрендім елден хал ілімін, Ұстадым 
аз-маз хал ілімін.
Көп алмадым аз алдым,
Әпендім Шажыбал ілімін, –
деп медресе мударисі Шажыбал заманында А.Ясауидің хал ілімін оқып үйренгенін әрі сол 
жолды өз өмірінде ұстанып өтуін хабарлауында мән-мағына жатыр. Мәди «Бірі едім жарлының» 
кітабында: Әубәкір, Разах, Фараби, Әбдуғали Сина, Араби. Ғұлама мұндай көп болған, 
Хикметтер ашқан шараби. Европа өнері исламнан
Үйренді десем сенбейді, - деп евроцентристік көзқарасты әшкерелеп, алғаш рет қазақ 
әдебиеті тарихында Әл-Фарабиді таныстыруы - өз заманы үшін елеулі жаңалық.
Жәуанмәртлік (хал) ілімін Осман империясына жайып таратқан Сырдариялық 
қыпшақ руынан шыққан Шамс Табризи (XIII ғ.) болатын. Кейбір деректерде оны Шамс 
Тарази деп те көрсетеді. Шамс Табризи Түркияның Кони қаласына барып, Жалаладдин 
Румимен (1207-1243) кездесіп, оның дүниетанымын бір ай ішінде түбірімен өзгертіп 
жіберген ұстазы Шамс Табризиге, оның хал (жәуанмәртлік) іліміне құлай берілуіне әсер 
етеді. Оның бүкіл шығармаларында жәуанмәртлік ілімінің негіздері мен кісілік мақсаттары үзбей 
желілі түрде насихатталып, оқырмандар санасына өзі ұстанған ілімін сіңіруді мақсат етті.
М.Әуезов Абайдың жәуанмәртлік ілімімен таныстығы медреседегі шәкірттік кезінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет