Әлеуметтік экономикалық жоспарлау



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі441.5 Kb.
#21517
1   2   3   4   5   6

Мысалы, рентабельділік нормативтердің көмегімен минимальды тұтынушылық бюджет базасында кәсіпорын-монополистердің өніміне деген баға бекітіледі, олар ортақтандырылған әлеуметтік нормативтер болып саналады, сондықтан минимальды жалақы бекітіліп, зейнетақылар мен шәкіртақылар қалыптасады. Экологиялық нормалар мен нормативтер экологиялық салықтың көлемін анықтауда негіз болады. Сонымен қатар, олар жаңа техника мен технологиялар жасауда, жаңа және қызмет істеп тұрған кәіпорынды жөндеу жұмыстарынан өткізуде және жобалы-құрылыс жұмыстарын жүргізгенде, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында қолданылады.

Барлық нормалар мен нормативтер ағымдағы және перспективадағы, яғни болашақтағы деп екіге бөлінеді. Алғашқылары – ағымдағы кезеңге (жыл, ай аралығында) жоспар-болжамдарды жасауда, ал екіншілері алдағы, болашақтағы уақытта жасалынады. .

Макро деңгейде негізінде үлкейген, іріленген нормалар мн нормативтер қолданылады, ал микро деңгейде – бөлшектенген, бөлшектеніп-егжей-тегжейленген және жекеленген нормалар қолданады. Кәсіпорынның болашағына қажетті болжамдар мен жоспарларды жасау барысында топтасқан нормалар пайдаланылады, мысалы, бір тракторға кететін металлдың нормативтік шығыны (трактордың моделін ескермеген жағдайда) немесе 1 тонна кондитер өнімдеріне кететін қанттың шығын нормасы. Топтасқан нормалар нақты өнім түрінің бірлігіне шаққандағы бөлшектенген немесе жекеленген нормалардың шығынының негізінде анықталады, олар ассортименттік таралымына сәйкес өнімнің саны арқылы өлшенеді.

Таралу сипатына байланысты нормалар жергілікті, салалық және сала аралық болып бөлінеді.

Қолданыстағы тәжірибеде нормалар мен нормативтер әр түрлі әдістермен анықталады. Жан-жақты зерттелгендердің бірі болып есептік-аналитикалық әдіс саналады, ол нормалар мен нормативтерді техникалық-экономикалық есептеулердің көмегімен анықтайды. Бұл үшін ғылым мен техниканың, методика мен ережелердің жаңа жетістіктері ескерілген техникалық құжамнама пайдаланылады. Осы әдіспен есептелген нормалар техникалық негізделген деп аталады. Олар аса прогрессивті болып табылады. Они являются наиболее прогрессивными. Есептік-аналитикалық әдісті жүргізу мүмкіндігі жоқ жағдайларда, нормалар мен нормативтер өткен кезеңде жүргізілген есептік-статистикалық деректерге сүйеніп жасалынады немесе тәжірибелік жолмен, яғни өндіріс резервтеріне жүргізілген талдау барысында анықталған және таралымдық тәжірибе көмегімен қол жеткізілген тәжірибелер мен экспериментальдық деректер негізінде жасалынады. Есептік-статистикалық нормалар уақытша болу керек, себебі олар өткен кезеңдегі деректер негізінде есептелінеді, және оған тән барлық кемшіліктерді басынан өткізеді. Оларда кейде ескірген деректер деп айтады, себебі олар болжанған кезеңдегі ғана ХТӨ жетістіктерін көрсетеді де қайта қаралуға мәжбүр болады. Қарастырылған әдістермен қатар нормалар мен нормативтерді қалыптастыруда факторлық әдіс қолданылады, ол нормалар мен нормативтерге боджанған (жоспарланған) кезеңде әсер етеді.

Нормалар мен нормативтерді іске асыру сапасы мен ғылыми деңгейін жоғарылату үшін нормалауды жасауды, нормалар мен нормативтерді ұйымдастыру мен дайындау технологиясын жақсарту керек.

Инфляциялық үрдістердің болуына байланысты ірі нормативтердің (орташа салалық) үнемі түзетілуді талап етеді, олар өнімнің (жұмыстың)

1 млн.т. кететін ресурстардың шығының немесе өнімнің (жұмыстың) 1 млн.т. шаққандағы тасымалдау жүгінің көлемімен сипатталады.

Нормалар мен нормативтер жүйесін кеңейту, оларды қалыптастыру ЭМРАЖ (экономиканың мемлекеттік реттеудің ақпараттық жүйесі) дамытуға деген талаптарды жоғарылату АНЖ (нормалар мен нормативтерді жинау, жинақтау және жаңартудың автоматтандырылған жүйесі) құруға деген қажеттілікті туғызды. АНЖ-ға нормалар мен нормативтердің материальдық, қаржылық, әлеуметтік, ғылыми негізделген еңбектердің кешені, оларды қалыптастыру тәртібі мен әдістері, болжамдық және жоспарлық есептерді жүргізу барысында пайдаланылуы жән жаңартылуы, сонымен қатар ЭЕМ арқылы нормалар мен нормативтерді бақылау және дайындауды ұйымдастыру жатады. Барлық нармалар мен нормативтер жүйелерге, ал жүйелер ішінде АНЖ-ның көмегімен шешілетін амалдар бойынша өзара топтасқан.

Бағдарламалы-мақсатты әдіс

Басқа әдістермен салыстырған бағдарламалы-мақсатты әдіс (БМӘ) жаңа және жеткіліксіз жасалынған болып табылады. Ол тек соңғы жылдары ған кең пайдалана басталды, алайда бұл әдіс бұрыннан белгілі болжан және ЭЭСДМЖ (элекроэнергетикалық салалық дамудың мемлекеттік жоспары) жоспарын жасау барысында алғаш рет қолданған.

БМӘ нормативтік, баланстық және экономикалық-математикалық әдістермен тығыз байланысты, болашақтық ізденістердегі экономиканың даму мақсаттарынан шығатын қорытынды қажеттіліктерге баға беруге жасалынатын жоспардан басталады да оларға жетудің әжерлі жолдарын және ресурстық қамтылуын анықтаумен аяқталады. Осы әдістің көмегімен жоспарлаудың басымдылық қағидасы қалыптасады.

БМӘ-нің маңызы әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-технкалық дамудың негізгі мақсаттарын тандаумен, оларды әсерлі пайдалану есебімен ресурстармен қамту балансында бекітілген мерзімде қол жеткізуі үшін өзара байланысқан іс-шараларды жасаумен сипатталады

БМӘ мақсатталған кешендік бағдарламаларды жасауда қолданылады, ол құжат ретінде болады, онда ресурстары, орындаушылары және орындалу мерзімдері бойынша бірлескен ғылыми-зеттеушілік, өндірістік , ұйымдастырушылық-шаруашылық, әлеуметтік және тағы да басқа тапсырмалар мен іс-шаралардың кешені мен мақсаты көрсетіледі. Мақсатты кешенді бағдарламалдың жасалуы деңгейлер бойынша іске асырылады. Бірінші кезенде маңызды мәселелердің тізімін құрастырады, содан соң олардың ішінен бірінші қаралуды талп ететіндері бөлініп алынады. Екінші кезенде нақты мәселені шешу үшін бағдарламаны жасауға тапсырма беріледі. Онда бағдарлама мақсаттары, ресурстар лимиті, қатысушылары мен бағдарламаны іске асыру мерзімдері байқалады. Осы кезенде бағдарламаның мақсатын сипаттайтын нақты параметрлер мен жеке кезендер бойынша оларды іске асыру амалдары анықталады. Генеральды басты мақсат мақсат бөлімдеріне іріленеді. Үшінші кезенде бағдарламаны табысты іске асыру үшін қажетті тапсырмалар мен і с-шаралар жасалынады. Бағдарламалардың негізгі тапсырмаларының құрамы құрастырылып қойған мақсаттар иерархиясынан бекітіледі. Әр тапсырма бойынша оларды оларды орындау деңгейлері жасалынады. Төртінші кезен негізгі көрсеткіштердің есебі мен бағдарламаның ресурстық қамтылуын қарастырады. Оларды іске асыруға қажетті материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстардың шығыны анықталады тасымалдаушылары мен қабылдаушылары көрсетілген материалдық ресурстардың тізімі қалыптасады. Осы кезенде бағдарламаны іске асыру әсерлігінің есебі жүргізіледі. Бесінші кезен соңғы қорытынды кезен болып табылады. Ол бағдарламалық құжаттарды жасаумен, келісуімен және қажет жағдайда бағдарламаны бекітудің қажеттілігімен байланысты болады.

Мағнасы бойынша мақсаттық кшендік бағдарламалар келесідей болып бөліеді: әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік-экономикалық, аймақтық, ұйымдастырушылық-шаруашылық және экологиялық. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешіп, халық өмірінің материалдық деңгейін жоғарылатуды қарастырады. Осындай бағдарламаларға жұмыспен қамтылу бағдарламасын жатқызуға болады, онда онда жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары мен халықты, республика тұрғындарын ұн, қант және тағы да басқа өімдермен қамты қарастырылған. Ғылыми-техникалық бағдарламлар ғылыми және техникалық мәселелерді шешуге бағытталған, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін өндіріске жедел еңгізу жақын арада он әсерін (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық) көрсететіні сөзсіз. Ғылыми –техникалық бағдарламалардың тізімі экономиканың дамуының нақты приоритеттерімен қалыптасады. Өндірісті-экономикалық бағдарламалар өндіріс аймағындағы аса ірі сала аралық мәселелерді шешуге қолайлы, олардың көмегімен өндіріс әсерлілігі мен жаңа өндірістің дамуы жоғарылайды. Аймақтық бағдарламар аймақтарды қайтақалыптастыруға, жаңа территорияларды кешенді түрде қамтуға және тағы да басқа мәселелерді шешуге бағытталған. Экологиялық бағдарламар табиғатты қорғау және табиғатты қалыптастырушы сипаттағы іш-шаралардың кешенің құрайды. Бұған мысал ретінде қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың Мемлекеттік бағдарламасын келтіруге болады. Ұйымдастырушылық-шаруашылық бағдарламалар экономикамен басқаруды ұйымдастыруды жаңдандыруға бағытталған. Жалпы мемлекет бойында, жеке кешендерде, аймақтарда, өнеркәсіптерде мәселелерді шешу үшін қалыптасқан бағдарламалармен бірге халықаралық экономикалық бірлестік бағдарламалары да жасалынады. Мақсатты кешенді бағдарламалар ұзақ мерзімге (35, 1015 жыл аралығын) және қысқа мерзімге жасалынуы мүмкін (квартал, жыл).

Бағдарламалар ресурстары, орындаушылары және орыдалу мерзімдері бойынша байланысты болу керек. Олар әдетте ұсынушылық сипатта. Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу бойынша жекеленген бағдарламалар да бекітілуі мүмкін. Бағдарламаларды іске асыру үкіметтің экономикалық бағдарламасы арқылы бір жылға арналған жоспар-болжамдармен іске асырылады.

Бұл нормативтер шикізатқа, материалға, жанармайлық-энергетикалық ресурстарға, сәйкесінше өнімге деген бағаның өсуімен әркез нақтыланып отыру керек. Экспортқа деген қажеттілік басқа елдермен келісім шарт негізінде жасалынады, ол өнімге және оның бағасына, сонымен қатар өнеркәсіптің мүмкіндіктеріне деген сұраныстан туындайды. Нарықтық қор, әдетте, өтіп кеткен кезендердің деректері мен болашаққа жасалынған іс-шаралардың есебінде анықталады. Халықтық қолданыстағы тауарларға келетін болсақ, нарықтық қор тауар айналымының болжамдық деректеріне сай жүргізілуі керек, оны анықтаудың негізі – халықтың саны мен адам басына шаққандағы тұтыну нормасы болып саналады. Сонымен қоса халықтың кірістері мен өткен кезендегі бағалар мен тұтыну деректері ескерілуі керек. Басқа шығындарды эксперттік жолмен экстраполяция әдісінің бірлесуімен анықтауға болады. Ресурстардың қалдығы бекітілген нормативтер негізінде саналады.

Баланстың ресурстық бөлігі қажеттіліктерді анықтағаннан кейін қалыптасады. Ресурстар барлық түсу көздері бойынша есептеледі. Ресурстардың басты көзі болып оларды өндіретін өнеркәсіп саналады. Егер де мемлекет өз өнеркәсібінің есебінде ресурстарға деген қажеттіліктерді қанағаттандыра алмаса, онда ресурстармен қамту мәселесі импорт арқылы жүзеге асырылады. Онда құрылымдық саясат пен сыртқы-экономикалық қызмет саясаты ескеріледі.

Баланс жасаудың ақырғы деңгейі болып өнім бірлігіне деген ресурс шығындарының нормасын азайту бойынша іс-шараларды жасауды іске асыратын ресурстар мен қажеттіліктердің байланысқан үрдісін және ресурс өндірісінің жоғарылауын және т.б. айтады

Баланстық тәсілді жандандыру келесідей бағыттар бойынша іске асырылады: баланстарды жасау әдістемесін жақсарту, әсіресе, сала аралық балансты; ЭММ және ЭЕМ-да баланстық есептеулерді жүргізу үшін пайдалану; болжамдық және жоспарлық баланстарды жасауда прогрессивті нормалар мен нормативтерді қолдану.

Сала аралық, еңбектік және қаржылық баланстарға сипаттама және оларды жасау әдістемесі оқу құралының келесі бөлімдерінде толығырақ қарастырылатын болады.


5 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды ұйымдастыру
Болжау және жоспарлауды ұйымдастырудың негіздері

Болжау және жоспарлауды ұйымдастыру халықтық шаруашылықты басқарудың барлық деңгейлеріндегі жоспарлау органдарының жүйесін, олардың қызметтерін, болжамдар мен жоспарлаулардың жасау тәртібін бекітуді, орындаушыға маңызды көрсеткіштерді жеткізу мен олардың орындалуын қамтиды.

Болжау және жоспарлауды ұйымдастыру ғылыми негізі болып қағидалар саналады, яғни талаптар, негізгі ережелер.

Директивтік жоспарлау шарттарында бастысы болып демократиялық орталықтандыру қағидасы саналды.орталықтандырылған тәртіпте жалпы мемлекеттің, оның кешендері мен аймақтарының экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары анықталған. Маңызды көрсеткіштер тапсырма түрінде бекітіліп отырған. Өндірістік күштерді орналастыруда, еңбекті төлеуде, бағада, қаржыларда және тағы да басқаларын жүзеге асыру барысында бірыңғай мемлекеттік саясат қолданды.

Кәсіпорынның әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары жоғарыдан келтірілген қосымша сандардың негізінде жасалынған болатын. Нарықтық қатынастарға көшу барысында жоспарлау жүйесімен қатар оны ұйымдастыру қағидалары да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Қазіргі уақытта жоспарлауды ұйымдастырудың маңызды қағидалары келесідей болады:

децентрализация және демократизация;

демонополизация;



интеграциялық үрдістерде мемлекеттің қатысуы экономикалық тұрғыдан тиімді;

әлеуметтік және экологиялық мәселелерді приоритетті тұрғыдан шешу.

Келтірілген қағидалардың тәжірибелік тұрғыдағы өміршендігі келесілерді қамтиды:

- кәсіпорындар мен ұйымдардың деңгейіндегі шаруашылық басқарудың барлық қызметінің концентрациясы, бағыттарды тандау мен олардың қызметін жоспарлауды қосып алғанда;

- мемлекеттік, республикалық және жергілікті басқару және жоспарлау органдарының қызметтерін, олардың құқықтары мен қызмет орталары мемлекеттің әкімшілік-аймақтық құрылуларының өзің-өзі қаржыландыру мен өзің-өзі басқарудың қолайлы жағдайларын нақты талқылайды;

- жоспарлы және болжамды есептулер үрдісінде макро және микро деңгейлерінің әсерлесу механизмін қалыптастыру;

- сыртқы экономикалық байланыстардың альтернативтік нұсқаларын жасау және олардың ішінен әсерлісін тандау;

- бәсекелестік пен кәсіпкерліктің даму жоспары.

Мемлекеттік басқару және жоспарлау органдары меншіктің түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың әсерлі қызметі үшін жағдай жасауға және экспортерлер мен басқа экономиканың приоритетті кешендеріндегі кәсіпорындарға қолдау көрсетуге арналған. Еш қандай басқа орган кәсіпорын мен ұйымның шаруашылық қызметіне араласуға құқығы жоқ.

Жергілікті басқару органдары мен шаруашылық субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастың экономикалық-құқықтық негізінде ресурстарды және табиғатты пайдалану бойынша келісім шарт құрылу керек, ол келісім шартта аймақтық рсурстардың пайдалану шарттары құрылады, оларды орнына келтіруге кеткен шығындары толтыру тәртібі, сонымен қатар қоршаған ортаға және тұрғылықты халыққа шаруашылық қызметпен келтірілетін зиян мен ысыраптарды орнына келтіру жолдары келтіріледі. Келісім шартта өнімді жеткізу және жергілікті нарыққа және басқа да аймақтық қажеттіліктерге көрсетілетін қызметтер, сонымен қоса кәсіпорынның инфрақұрылымды құруда және сақтауда елеусіз қалмауы және тағы да басқа жайттар қарастырылады.

Экономикалық және әлеумттік дамуға әсер ететін тенденциялар, шарттар мен факторларды анықтау мақсатында басқару мен жоспаралудың барлық деңгейлерінде аналитикалық жұмысқа аса үлкен көңіл бөліну керек. Болжау және жоспарлау органдарының құрылымдары, және де олардың қызметтері өміршендігі бар әлеуметтік-экономикалық даму шарттарына сай болу керек.

Макро деңгейде жоспарлаудың мемлекеттік органдары ағымдағы экономикалық жағдайға талдау жасау керек, екпіндерді болжап, экономиканың дамуының маңызды пропорцияларын анықтау керек, приоритеттерді негіздеп, экономиканың құрылымын қалыптастырып, сонымен қатар, материальдық және қаржылық балансты қамтып отыру керек. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының стратегиясы мен тактикасын жасауға, экономиканың негізгі реттеуіштерінің сандық мағынасының нақты жоспарланған мақсаттарын анықтауға (мемлекеттік тапсырыс, баға салықтар мен льготтар, мемлекеттік инвестициялар мен ссудалар, сақтандырушы және басқа резервтер және т.б.) аса үлкен көңіл бөліну керек.

Мезо деңгейдегі болжау жәе жоспарлау органдары нарықтың кешенді зерттелуін, сұраныс пен ұсыыс болжамын, уақыт аспектісіндегі сәйкес салалар мен аймақтадың дамуы бойынша болжамдар мен жоспарларды жасап, маңызды мәселелерді шешу үшін мақсатты бағдарламаларды жүргізу керек, ведомство астындағы кәсіпорындарға әдістемелік нұсқаулықтар жасауға, экономикалық реттеуіштердің параметрлерін қалыптастыруға қатысуға және тағы сол сияқты амалдарды шешеді.

Микро деңгейде жоспарлы органдар басқа басқару органдармен бірлесіп мақсаттарды анықтап, оларға жету үшін болжамдар мен жоспарлар жасайды (бизнес-жоспар), және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Ауыспалы кезеңде мемлекеттің экономиканың жүйесінің негізі болып өзіндік мемлекеттік, ұжымдық, бірлескен кәсіпорындық, ұйымдық, фирмалық түрдегі шаруашылық субъектілері саналады, оларға жеке кәсіпкерлер мен жеке сатушыларды да жатқызуға болады. Олар өзін-өзі басқару, өзіңе-өзі сатып алу және өзің-өзі қаржыландыру, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы қағидалар негізінде қызмет етеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар экспорттық-импорттық операцияларды жүргізуге құқылы. Олардың қызметі валюталық өзін-өзі сатып алу қағидасында жүзеге асырылады. Кәсіпорындар өздері экспорт пен импорттың жоспары жасайды, өнімді жеткізуге келісім шарттар жасап, сатылым операцияларын іске асырады. Мемлекеттік басқару органдары сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық базасын жасау керек, әлемдік нарықтың кәсіпорынға деген қызығушылығын тудыру қажет. Сонымен қоса олар халықаралық келісімдер жасай алады, мемлекетте сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдасқан құрылымын қалыптастырады, жергілікті сыртқы экономикалық органдарды құрады, халықаралық келісімдерді іске асыруға бақылау жасайды.



Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі

Мемлекеттік басқару жүйесі – қағидалардан, құжаттардан, үрдістерден және мемлекеттік жоспаралуға қатысушылардан тұратын өзара байланысқан элементтердің кешені. Ол мемлекеттің ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары), орта мерзімді (1 жылдан 5 дейін), қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) кезендерде дамуын қамтиды.

Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттің даму үрдісіне қатысатын мемлекеттік басқару органдарының қызметтері мен басқа да қатысушыларды жинайды, ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің жоғарылауына, азаматтарының жағдайының жақсаруына және ел қауіпсіздігінің нығайюына бағытталған.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қағидалары

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі келесі қағидаларға негізделеді:

1) бірлік және тұтастылық – мемлекеттік басқару сферасындағы заңнаманың бірлігі, ұйым қағидалары мен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуі, мемлекеттік жоспарлау үрдісін жүргізу тәртібінің бірлігі;

2) ішкі баланстылық – даму мақсаттары, амалдары мен қорытынды көрсеткіштері бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынң өзара келісілгендігі;

3) қорытындылық және әсерлілік - мақсаттары, амалдары мен қорытынды көрсеткіштерді тандау максимальды түрде дұрыс болу керек, ағымдағы жағдайға терең талдау жүргізіліп, берілген қорытындыға жету мақсатында ресурстарды тиімді пайдалануға негізделеді;

4) амалдарды шешу жолдарын өз еркімен тандау – мемлекеттік жоспарлау үрдісіне қатысушылардың мақсатқа жету жолдары мен әдістерін өз еркімен тандау, мемлекеттің даму амалдарын өз құзыретінің шегінде шешу;

5) мемлекеттік басқару үрдісінің қатысушыларының жауапкершілігі – шешілетін амалдардың әсерлі еместігіне жауапкершілікті күшейту және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күтілген жетістіктерге жетпегенде жауаптыларды тағайындау;

6) айқындылық (ашықтылық) – мемлекеттік құпияға жататын ақпараттан басқаларын, яғни мемлекеттік жспралау жүйесінің құжаттарын міндетті түрде жарыққа шығару керек;

7) ақиқаттық және шынайы – мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарымен бекітілген даму мақсаттарына жету мүмкіндіктерін негіздеу, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау үрдісінде пайдаланылатын қорытынды көрсеткіштрінің негізделуі;

8) үздіксіздік, жалғасымдық және реттілік – мемлекеттік жоспарлаау жүйесінің сатылық сипаты, яғни мақсаттарға, қойылған амалдарға, жоғарыда айтылған қорытындылық көрсеткіштерге жетудің табыстылығы жоспарлаудың және мақсаттар мен амалдардың, қорытынды көрсеткіштердің төменде көрсетілетін құжаттардың өз уақытында жасалуы және сапасына, сонымен қатар олардың қызметінің үздіксіздік механизміне байланысты болады;

 9) ресурспен қамтылуы – адамдардың, басқа да материальдық және материальдық емес ресурстардың алға қойылған мақсаттар мен амалдарды шешудегі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының негізгі бағыттары бойынша қаржыландыру көздері мен көлемін анықтау.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатады:

1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы;

2) Қазақстан Республикасының алдағы 10 жылға жасалынған дамуының Стратегиялық жоспары, мемлекеттің аймақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасы;

3) 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар;

4) алдағы 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы;

5) аймақтарың дамуының 5 жылға арналған бағдарламалары;

6) мемлекеттік органдардың алдағы 5 жылға арналған стратегиялық жоспары;

7) ұлттық басқару холдингтарымен, ұлттық холдингтар мен ұлттық компаниялардың бекітілген капиталда мемлекеттің қатысуымен жасалынатын 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары (енді ұлттық компаниялар деп атаймыз);

8) салалық бағдарламалар;

9) 3 жылға арналған мемлекеттік (жергілікті) бюджет.

Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын халыққа мемлекеттің жағдайы мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жайындағы өзінің Жолдауымен қатынасады. Мемлекеттің Басшысының жолдауы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын өзгертуге, түзетуге негіз болады.

Жолдау талаптарын орындау мақсатында іс-шаралардың сәйкес ортақ ұлттық жоспары жасалынады. Іс-шаралардың ортақ ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығы бойынша концепциялар мен доктриналар жасалынады. Концепция нақты бір ортаның, кешеннің дамуын көрсететін, сәйкес мемлекеттік саясатты негіздейтін және осы саясаттың негізгі қағидалары мен ортақ тәсілдерін айқындайтын құжат болып табылады. Концепция Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе кеңес беруші органдармен бекітіледі және мақұлданады. Доктрина – бұл құжат, нақты бір мәселе бойынша саяси қағидалардың жиынтығының жүйесін анықтайды. Доктрина Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі және мақұлданады. Концепция және доктриналар стратегиялық және бағдарламалық құжаттар арқылы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен заңдары арқылы іске асады. Концепция және доктриналардың жасалу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігінің келісімі бойынша анықталады.

2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы

2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы Қазақстан Республикасының даму стратегиясы мен ауқымды көрінісін, мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарын жасауды іске асыру мақсатында мемлекеттің экономикалық, саяси, қоғамдық дамуының ұзақ мерзімді бағыттары мен приоритеттерін анықтайды.

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында алдағы 10 жылға жасалынады, және ол алға қойылған мақсаттарды, амалдарды, мемлекеттің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттардың осы он жылдықта, және алдағы уақытта кезендік мақсаттық бағыттарды, көрсеткіштерді айқындап отырады.

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспарының жобасы алдағы кезенге мемлекеттік жоспарлау бойынша мемлекеттік жоспарлау бойынша басқарушылық органмен осы кезендегі мемлекеттің даму стратегиясының жоспарының негізінде тоғызыншы жылдан кеш жасалынбау керек.

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарының дамуына мониторинг пен бағалау мемлекеттік жоспарлау бойынша басқарушылық органмен жүргізіледі. Осылардың негізінде оған түзетулер еңгізуге болады.

Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарының дамуының іске асуына бақылауды Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарының дамуының жасалу тәртібі Қазақстан Республикасының Президентімен анықталады.

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспарын іске асыру мақсатында белгілі бір кезенге арналған мемлекеттің аймақтық-кеңістіктік дамуының Болжамдық схемасы жасалынады. Мемлекеттің аймақтық-кеңістіктік дамуының Болжамдық схемасы – бұл өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың, транспорттық-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа да инфра құрылым жүйесі, оған және де мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті аймақтар бөлігіндегі мемлекет халқын орналастыру жүйесі де жатады.

Мемлекеттің аймақтық-кеңістіктік дамуының Болжамдық схемасы және оның жүзеге асырылу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет