Әлеуметтік экономикалық жоспарлау



бет1/6
Дата25.02.2016
өлшемі441.5 Kb.
#21517
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономика факультеті
Мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасы

Әлеуметтік экономикалық жоспарлау

Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар


Кереку

2012


ӘОЖ 338.26(07)

КБЖ 65.23я7

Ә 53
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:

Г. Р. Байтаева – экономика ғылымдарының кандидаты профессор, мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасының меңгерушісі;

З. А. Арынова – экономика ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия Университетінің «Экономика» кафедрасының доценті;

Ш. К. Жетписова – экономика ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия Университетінің «Экономика» кафедрасының доценті.


Құрастырушы Салимжанова Б. Б.

Ә 53 Әлеуметтік экономикалық жоспарлау: экономика

мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы /

құраст. Салимжанова Б. Б. – Павлодар : Кереку, 2012. – 70 б.

Оқу құралының материалдары 7 бөлімде көрсетілген, оларда экономикалық деңгейдің әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әр түрлі аспектілері логикалық түрде рет-ретімен келтірілген. Оқу құралы жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың негіздерін тереңдетіп оқыту үшін дайындалған.

ӘОЖ 338.26(07)

КБЖ 65.23я7
© Салимжанова Б. Б., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Әр кәсіпкер мен өндірушінің жақсы жетістіктерге ұмтылып отырған нарық шарттарындағы экономикадағы жоспарлау жаңа қызметтерге иеленеді. Ол тек қана өнімнің өндірістік бәсекелестік үрдісін қамтып қана қоймай, сонымен қатар ресурстарды толық қамту, кірістерді дұрыс бөлу және өмір сапасының өсуін қамтамасыз ететін болды.

Экономикалық нарық шарттарында индикативтік жоспарлау әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге кешенді жүйелі құралдардың бірі болып саналады, ол мемлекеттің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тура араласпай, экономикаға жанама әдістер арқылы әсер етеді. Жапония, Оңтүстік Корея, Франция және Германия сияқты көптеген дамыған мемлекеттерде кең таралған әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспары соғыстан кейінгі жылдары оларға экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесіп жоғары даму шегіне жетуге көмектесті, сонымен қатар 70 жылдардағы энергетикалық дағдарысқа төзіп, оның әсерін біршама жеңілдетуге өз септігін тигізді.

«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» курсының негізгі мақсаты студенттерде қажетті арнайы мамандандырылған білімдерді беріп, есептік-аналитикалық қабілеттіліктерін жетілдіру, тауарлар мен қызметтерді өндірудің бизнес жоспарлары мен кәсіпорын дамуының әлеуметтік-экономикалық жоспарларының оптимальды нұсқаларын тандауға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін іс-шаралар мен жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыруда және негіздеуде тәжірибелік біліктіліктерін жоғарылату болып саналады.

Оқу құралының материалдары әр түрлі экономикалық жүйе деңгейлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әр түрлі аспектілерін рет-ретімен ашып көрсететін 7 бөлімде көрсетілген.

Оқу құралы экономикалық оқу орындары мен экономикалық факультеттердің студенттеріне әлеуметті-экономикалық жоспарлаудың негіздерін тереңдетіп оқуға арналған.

1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау теориясының пәні
Нарықтық қарым-қатынастар жеке меншіктің өндіріс құралдары мен тұтыну заттарына, тұтынушылардың еркін қызметіне, еркін бәсекелестік пен баға белгіленуге, адамның өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін қызмет түрінің еркін тандалуына, экономиканың ашықтығына негізделеді.

Ортақтандырылып басқарылып отырған экономикаға тән сипаттар келесідей:

- өндіріс құралдарына деген мемлекеттік меншік;

- халықтық шаруашылық жүесінің барлық деңгейлерін қамтуды ортақтандырып жоспарлау;

- өндіріс бәсекелестігінің жоғары деңгейі және оның мемлекеттік кәсіпорындарда монополизациялануы;

- өндірістік қызметтің халықтық шаруашылық әсерлілікке деген бағыты;

- адамның жан-жақты дамуындағы қоғамның жоғарғы мақсаты ретіндегі декларациялау;

- еліміздің ортақ халықтық шаруашылық кешенінің жабық болуы.

Қазіргі заманғы цивилизацииның даму тәжірибесі топтық-әкімшілік, бюрократиялық жүйемен салыстырғанда нарықтық қарым-қатынастар жүйесі қоғамның барлық өмір суруге қажетті аспектілерінің әсерлі қызмет етуіне өз септігін тигізетінің анық көрсетеді. Сонымен қатар бұл тәжірибе басқа да қорытындыға келуге тағы негіз бола алады, яғни, нарықтық экономикалық жүйені ұстанатын барлық елдер әр түрлі мақсаттарда, қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерді мемлекеттік реттеу әдістерін кеңінен қолданады.

Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық, әдетте, адамның көп қырлы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Сол уақытта көптеген өндірістік дамыған елдерде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерге араласуының негізінде (жасалып отырған жағдайды бөліп қарау, салықтық саясат, құқықтық қамтамасыз ету және т.б.) өз азаматттарының жоғары қорғаныштық деңгейін қамтамасыз етіп тұрады. Бұл әлеуметтік-нарықтық деген шаруашылық түрін анықтауға негіз болды.

Әлеуметтік нарықтық шаруашылық – бұл шаруашылық түрі өз алдына еркін бәсекелестік қағидаларымен, тұтыну заттарын еркін тандаумен, тұлғаның еркін ашылуы мен гүлденуіне негізделеді (Л. Эрхард «Благосостояние для всех», 1960 ж.). Ол тәртіпке, капитал салушылыққа, тұтынуды кеңейтуге деген дайындықпен сипатталады. «Нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік мағынасы келесіде, яғни экономиканың қандай да бір жетістігі, жетілдірудің кез келген шыны, еңбектің өндіргіштігінің барлық жоғарғы жетістіктері барлық халықтың игілігіне, тұтынушылардың қажеттіліктерін жоғары дәрежеде қанағаттандыруға жасалынады» – деп жазды Л. Эрхард.

Әлеуметтік нарықтық шаруашылық мемлекет саясатының концепциясы сияқты еркін, экономикалық әсерлі, мықты, экономиканың, жалпы қоғамның әлеуметтік және әділ құрылуына бағытталған. Сонымен, әлеуметтік нарықтық шаруашылық нарықтық экономиканың бір моделі бола отыра, әлеуметтік-экономикалық жүйе болып табылады, ал өз кезегінде меншіктің барлық түрлерінің алуандығы, азаматтардың экономикалық еркіндігі негізінде, тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің еркін бәсекелестігі мен баға қалыптастыру ретінде қызмет етеді, әр азаматтың шынайы еңбек кірісін қатаң түрде сәйкестендіріп, ұлттық өнімді мемлекет көмегімен әділ бөлуді, және де қоғамның қорғалмаған қабаттарына әлеуметтік кепілдіктер берумен сипатталады.

Әлеуметтік нарықтық шаруашылыққа берілген анықтамадан, мемлекеттің өз азаматтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге беретін көмегі орасан зор екенін байқауға болады. Сонымен, мемлекеттің негізгі амалдары келесідей болмақ:

- мемлекеттегі сенімді тәртіпті қалыптастыру және қолдау;

- сыртқы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- әлеуметтік инфрақұрылымның кешендерін дамыту (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және өнер, қоғамдық көлік және т.б.);

- бәсекелестік түрлері бойынша заңнамалардың ұстануға деген бақылауды жүргізу;

- қоғамның өте әлсіз мүшелеріне еңбектік құқық аймағында кепілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғауға деген нарықтық ынталарды жетілдіру, талаптарды, шектеулерді іске асыру және оларды пайдалану;

- нарықтық және әлеуметтік құқық аймағындағы, және де сыртқы экономикалық қатынастағы ортақ «ойын тәртіптерін» анықтау;

- мүмкін боларлық нарықтық шаруашылық шегіндегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді макроэкономикалық басқару.

Қазақстан Республикасының экономикасының нарыққа өтуі мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі мен орның қайта қаруды талап етті. Отыз жыл бойы көптеген экономистер жоспар және нарық түсініктеріне қатысты көп айтысты. Нарықтық қарым-қатынастар шындыққа айнала бастағанда, жоспар мен нарықтың бір біріне қарама-қайшы емес екендігі белгілі болды, керісінше олар экономикалық жүйенің сыбайлас толықтырушы элементтері болып шықты. Ақша-несиелік, нарықтық, кедендік саясат ортақ мемлекеттік жоспарлардың байланыстылығының болмауының негізінде өз-өзін ақтап шыға алмайды. Осыдан Қазақстандағы 1990 жылдардың бірінші жартысындағы экономикалық реформалардың сәтсіздіктерінің мемлекеттің көптеген ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметтерден, соның ішінде ортақ ұлттық жоспарлаудан бас тартуының салдарынан болды деп айтуға болады.

Әлеуметті нарықтық шаруашылықта мемлекетің осы мәселелерін табысты шешілуі келесідей мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:

а) қоғам өмірінің сапасы мен деңгейінің жоғарылауына;

б) бағалардың тұрақты деңгенін қамтылуына;

в) жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейін;

г) әлеуметтік әділдікті, және әлеуметтік қамтылудың әсерлі қызмет етуші жүйесін қолдау.

Экономиканы және әлеуметтік қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша және оларды өндірудің қажетті қарқының қамтамасыз ету, еркін тауар өндірушілердің қызмет етуіне жақсы ортақ (саяси, құқықтық, экономикалық) жағдай жасап, оларға әлеуметік қолдау бар екендігіне кепілдеме беру мемлекеттің бағытталған қызметі болып табылады,

Мемлекеттік реттеудің негізгі түрлері:

а) құқық нормалары;

б) бюджеттік – салықтық тетіктер (салықтық саясат, мемлекеттік бюджеттің шығындары, амортизацияланған саясат, есептік саясат, минималді резервтер саясаты, ақша эмиссиясын басқару, ашық нарықта операциялар жүргізу, өз еркімен келісу);

в) несиелік-ақшалық құрал-жабдықтар

г) стратегиялық жоспарлау.



Болжау бұл экономикалық жүйенің болашақ параметрлеріне қатысты дәлелдендірілген мүмкіндіктер (сапалық және сандық түрде көрсетілген) кешені. Болжау амалы – бір немесе басқа шарттарда мүмкін болатын жайттарға объективті, шынайы болжам жасау. Бұл амалды шешу үшін ізденгіш болжам жасалынады, ол экономиканың дамуының (немесе оның бір қабатының), оған деген мемлекеттік әсер мінезі өзгеріссіз қалады деген шартта, қандай екенің көрсетуі мүмкін. Сонымен ізденгіш болжам теріс үрдістерді жеңуге бағытталған мемлекеттің бірінші болып араласуын талап ететін экономиканың қабаттарын көрсетеді.

Болжау болашақта мүмкін болатын жайттардың пассивті рөліне ғана сүйенбейді. Мақсатты болжаулар да жасалынып жатыр. Олар мемлекеттің экономика алдына қойған мақсаттарын және оларға жетудегі мүмкін жолдарын анықтайды.

Кез келген деңгейдің не болмаса, кез келген территориядағы өндіріс, кешен тірлері мен мәселердің болжамы мүмкін және қажет болып табылады. Болжамдардың келесідей жүйелері перспективті болуы мүмкін:

- мемлекеттегі және шет елдердегі мүмкін боларлық жайттардың қорытындысын болжау;

- жеке орталардың, экономика кешендерінің, өндірістің нақты түрлерінің, аймақтың дамуын болжау;

- демографиялық болжау;

- саяси болжау;

- әлеуметтік болжау;

- ғылыми-техникалық болжау;

- сыртқыэкономикалық болжау;

- экологиялық болжау.

Болжамдар жекеленіп жасалынса да, өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олардың негізінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ болжамы жасалынады.

Нарықтық экономика жағдаында кез-келген болжамды жасау барысында келесі жайттар ескеріледі:

1) материалдық ағындарды ұйымдастыру түрлері. Өнімнің барлық түрлерінің негізгі бөлігі еркін түрде іске асырылады. Осыған байланысты кез-келген өндірісте өнімділікті арттырудың нақты болжамын жасау, тауар нарығының конъюнктурасыны туралы нақты ақпарат алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады;

2) ақша ағымдарын қалыптастыру әдістері. Басты бөлігінің қаржылық ресурстары тура мемлекеттік реттеу ортасынан шығып қалды. Сондықтан да жеке капиталдың қандай көлемде алынып, және оның қайда жіберілетіндігін анықтау маңызды болып табылады.

3) баға динамикасы, оның өндіріске деген әсері, және де оны бөлу. Қазіргі уақытта баға коньюнктурасын білмей өндіріс бойынша бірде бір нақты болжамдық баға алу мүмкін емес;

4) теңгенің ішкі конвертирациясы. Валюта қандай кешендерде табысталынады, және қандай кешенде импортқа жіберіледі екені белгілі. Болжам оның қозғалысын, яғни бір меншіктен екіншіге өтуін анықтап отырады.

Болжау жоспарлаумен тығыз байланысты, жоспарлы есептердің қажетті сілтемесі болып табылады.



Жоспарлау бұл мемлекеттің, басқару органдарының, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын жасау бойынша шаруашылық субъектілердің, аймақтардың, кешендердің, меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындардың мақсатты бағытталған қызмет түрі.

Болжау директивтік, индикативтік, келісімшарттық және кәсіпкерлік болып өз ішінде бөлінеді.



Директивтік жоспарлау мекен-жайлық тапсырмаларды бекіту бойынша және жоспарды орындаушылардың арасында оларды орындау үшін қажетті ресурстарды бөлумен сипатталады. Мемлекеттік меншіктің монополиялық шарттарында өнеркәсіптің негізгі заттарын жоспарлау қоғамның өмірлік шенінің барлық жақтарына түгелдей таратылады. Директивті жоспарлаудың негізгі рычагі ретінде бюджеттік қаржыландыру, капиталдық салымдардың лимиттері, материалды-техникалық ресурстардың қорлары, мемлекеттік тапсырыстар болып табылады.

Индикативтік жоспарлау дегеніміз нарықтық субъектілердің паритеттік тең бастамаларда мемлекетпен даму бағдарламаларының жасалуын және іске асыруын өзіндік қызықтыру әдісі болып табылады. Ол экономикалық рычагтардың пайдаланудың тауарөндірушілерге, сатып алушыларға, және жалпы нарықтың өзіне әсерлесуге негізделеді, сонымен қатар мемлекет және жеке капиталдың қызығушылықтарын үйлесімді реттеуге мүмкіндік береді.

Келісімдік жоспарлау нарық субъектілерін коммерциялық қарым-қатынастарын реттейді, ол қатынастар өз кезегінде еркін немесе өзара пайда негізінде өнеркәсіптер арасында, бірлестіктер, банктер, басқару және билік органдары арасында құрылады. Келісімдік қарым-қатынастар тұрақты өндірісті-экономикалық байланыстарды, өзара міндеттерді, оларды орындау шарттары мен нарықтық жағдайда жоспарлылықтың кепілдік шаруашылық механизмін қалыптастырады.

Келісімдік жоспарлар келісім түрінде, жеткізу туралы контракт түрінде, қатысу жүйесі және басқа да түрлері бойынша іске асырылады. Келісімдік жоспарлауды қамтамасыз етуде сәйкесінше экономикалық және құқықтық сілтемелер келтіріледі: заңнамалық нормалар, тәуелсіз сот жүйесі және т.б.



Кәсіпкерлік жоспарлау дегеніміз әсерлі даму жолдарын негіздеуге және тандауға бағытталған қаржылық қызметтің және өндірісті-шаруашылық қызметтің барлық субъектілерінің, кәсіпорынның, фирмалардың қызметі болып табылады. Оның негізі әртүрлі жеделдікпен орындауға тиісті фирмаішілік жоспарлар, яғни жедел түрде шешуге қажетті, ағымдағы және стратегиялық амалдардан тұрады.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мемлекеттің қызметі болып табылады. Заңға сәйкес, мемлекеттік жоспарлау ҚР әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы ғылыми-негізделген ұсыныстар жүйесін құрайды, ол өз кезігінде нарықтық шаруашылық заңға негізделген. Сондықтан, заң жоспарлауды нарықпен байланыстырады. Бұл мемлекеттік кәсіпорын өзінің мемлекетпен қарым-қатынасын бекітілген жоспарлы көрсеткіштер негізіне сүйеніп құратынын, ал мемлекеттік меншікте емес өнеркәсіптер және ұйымдармен нарықтық шаруашылық қағидалар негізінде құратынын білдіреді. Бұл жағдайларда оларға да мемлекеттік жоспарлау тәртібі жүргізіледі.

Жоспар дамудың қандай да бір негізді нұсқасын ұсынады, алдын-ала белгілі қорытындыға жетуге бағыттайды, ол – қажетті барлық ресурстар бар болған жағдайда іске асырылуға жетекші және орындалуға міндетті болады, бірақ барлық құнмен емес. Қандай орындалмау қатерлерін ескеріп, қайсысынан алшақ болуды, барлық жағдайларда жоспар өзі шешеді

Стратегиялық, перспективалық, ағымдағы, жедел жоспарларды іске асырады.

Стратегиялық жоспарлаудың басты амалы дегеніміз ұзақмерзімді бағдарламаларды іске асыру негізінде болашақта бәсекелестікті, жоғары әсерлілікті қамтамасыз ету болып табылады.

Стратегиялық жоспар болашақтағы дамуларға, мүмкіндіктер мен мақсаттар арасындағы сәйкестіктерге, сыртқы ортаға бейімделуге, ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Даму жоспары мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық есептеріне, жаңа технологияларды еңгізу есібімен дамытуға, ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Ағымдағы жоспарлау қызметтің нақты бір бағытының анықтамасы мен негіздемесіне сүйеніп, қаржыландыру көздерінің алдағы 1 жылдың кезеңіндегі күтілетін қорытындыларын реттеуге бағытталған.

Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың қажеттілігі келесідей жайттармен байланысты, яғни:

- ауқымды мәселелерді (экология, ресурстардың азаюы) тек қана ұзақ мерзімді дамуда, ортақ ұлттық масштабта ғана шешуге болады;

- қоғамдық (ұжымдық) тұтыну бөлігі объективті жоғарылайды, ал оны тек мемлекеттің көмегімен ғана әсерлі реттеуге болады;

- нарықтың макроэкономикалық балансы мен тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды;

- қоғам масштабтағы экономиканың әсерлілігін жоғарылату жоспарлаусыз мүмкін емес;

- басқарудың бір түрі сияқты жоспарлаудың жоқтығы анархияға тең келеді.

Нарықтық экономика шарттарында жаспарлау жүйесіне бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағыт кіреді.

Біріншісі – бұл мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау, оған ғылыми болжамдар, бағдарламалар, тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге бағытталған басқа да жоспарлы құжаттарды жасап өндіру жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен дамуынан, параметрлер жүйесінен (индикаторларынан), осы мақсаттар мен артықшылықтардан, сәйкестіктерден және оларға қол жеткізу тәсілдерінен тұрады.

Екіншісі – бизнестің шаруашылық (фирмаішілік) жоспарлануы, яғни ол мемлекеттік бағдарламаларды, болжамдарды, тұтынушының шаруашылық субъектілік қызығушылықтарына, оның өнімдері мен қызметтеріне нақты бағытталған қызметті ұйымдастырудың бағытталған көрсеткіштері мен орындаушы қызметтерін қанағаттандырады.

Макро деңгейдегі халықтық шаруашылық немесе әлеуметтік-экономикалық жоспар келесілерді анықтайды:

- алдағы 20–25 жылға (болжам) болашақтағы ғылыми жетістіктерге көз жүгірту;

- өндірістің мақсатты бағыты, ҒТП-ның кешенді бағдарламаларына қоғамдық болжамдық баға беру және іске асырудың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары, негізгі бағыттар мен ғылым концепциялары, ұзақ мерзімге деген республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы (15–20 жылға);

- өндірістің технологиялық мен құрылымдық қайта құрылуының іске асыру басымдықтарын тандау, 5, 10, 15 жылға арналған инвестициялық және сыртқы экономикалық саясат;

- ағымдағы кезеңдердегі (1, 2, 5 жылға) өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық және интелектуалдық шаманы әсерлі қолдану.

Нарықтық қарым-қатынастарға ауысу шарттарында макро деңгейдегі жоспарлау ұсынушылық сипатқа енеді. Мемлекет өз кезегінде экономиканы реттеу мақсатында макроэкономикалық көрсеткіш ретіндегі индикаторлар жиының жасап шығарады. Мұндай экономикалық реттеушілер (льготтар, лицензиялау, квота беру, бюджеттік субсидиялар және дотациялар және т.б.) өзара байланысты болып, индикативтік жоспарда қарастырылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталу керек.

Кәсіпорын (микродеңгей) өз қызметін өз еркімен жоспарлап, келесі жағдайларға қарап даму перспективаларын анықтайды, яғни, шығарылатын өнімге, жұмысқа, қызметтерге сұраным бар болған жағдайда, кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының қажеттілігі туындағанда, олардың қызметшілерінің жеке кірістері жоғарылаған жағдайларда. Жоспарлардың негізін өнімнің, қызметтің, жұмыстың тұтынушыларымен бекітілген келісімдер құрайды, соның ішінде материалдық-техникалық ресурстармен қамтитын мемлекеттік органдармен де келісімдер жасалынып жатады.



Микро- және макроэкономикалық болжам және жоспарлау объектілері

Макроэкономикалық жоспарлау мен болжаудың субъектілері болып, орталық жоспарлаушы органдар болып табылады.

Микродеңгейде жоспарлау мен болжаудың объектісі болып ұлттық экономика саналады.

Макродеңгейде болжамдық есептер жасалынады, экономиканы дамытудың қандай да бір әсерлі нұсқасы анықталады, құрылымдық, инновациялық, құндық, әлеуметтік, аймақтық, сыртқы экономикалық саясаттың шаралары жасалынады. Макроэкономикалық болжамның маңызды объектілері болып ұлттық өнімнің көлемі, жұмыспен қамтылу деңгейі, халықтың кірістері мен жинақтары, жұмыссыздық көрсеткіштері және т.б. табылады.



Микродеңгейде жоспарлау мен болжаудың объектісі болып фирмалардың өндірістік-шаруашылық қызметі саналады. Зерттеу объектілері болып сұраныс пен өнім көлемі, өндірістік ресурстарға деген қажеттілік өндіріс шығындары мен баға және т.б. табылады. Кәсіпорынның негізгі жоспарлы құжаты болып бизнес-жоспар табылады.

Жоспарлау мен болжаудың субъектісікәсіпорынның жоспарлы-қаржылық органдары, маркетингті және техникалық бөлімдер болады.

2 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
«Жүйе» термині грек сөзінен шыққан, мағынасы – толық, бөлшектерден және қосындылардан құралған дегенді білдіреді.

Жоспарлау жүйесі негізінде ұйымдастырушылық үлгілер мен әдістердің жиынтығын құрайды, олардың негізінде қоғамның экономикалық заңдарының талаптары іске асырылады.

Ол өз құрамына мерзімі бойынша барлық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың болашақтағы және ағымдағы жоспарларын құрайды. Бұл жоспардағы амалдар, оларды жасау әдістері, оларда қолданылатын көрсеткіштері өзара шартталған.

Теорияда және тәжірибеде құрамына, мағынасына, орындалу мерзіміне және тағы да басқа да белгілері бойынша жоспарлардың көптеген түрлерін ажыратуға болады:

1) мағынасы бойынша экономикалық саясат және кәсіпкерлік қызмет аспектілерінде:

- стратегиялық жоспарлау, онда мемлекеттік саяси-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен әдістері, дамуы бойынша шаруашылық субъектілердің мақсатты амалдары, ұзақ кезендік уақыттағы қызметтің қайта бағытталу модификациялары негізделеді. Ол жаңа мүмкіндіктерді іздеуді талап етеді;

- тактикалық жоспарлау, онда нарықтың өзгермелі коньюнктурасын есепке ала отыра қысқа мерзімді даму амалдары шешіледі. Ол белгілі мүмкіндіктерге сілтемелерді анықтайды;

- жедел жоспарлау, өте қолайлы қысқа мерзімдегі (жыл, мезгіл, ай, декада) бар мүмкіндіктердің іске асырылуы.

2) қамту деңгейі бойынша:

- жоспарлау, осы мәселеге қатысты барлық аймақтар мен көлемдер (кешенді, халықтық шаруашылық);

- бөдшектеп жоспарлау (белгілі бір аймақтар мен көлемдер, территориялық- аймақтық);

- кәсіпорын деңгейінде (фирма).

3) орындалу мерзімі бойынш:

- қысқамерзімді (жедел) жоспарлау (жарты жыл, квартал, мезгіл, ай, апта); 2. ортамерзімді (тактикалық) жоспарлау ( 1-ден 5 жыл аралығында).

4) жоспарлау тереңдігі бойынша:

- ауқымды;

- контурлық;

- шектеулі;

- бөлшектік.

5) қызмет ету аймақтары бойынша – жоспарлау бөлінеді:

- өндірісті жоспарлау;

- қызметкерлерді жоспарлау;

- қаржыны жоспарлау;

- инновациялық жоспарлау;

- дайындалған заттар мен шығындарды жоспарлау.

6) мәліметтердің өзгеруі бойынша: қатты (жоспарды орындау барысындағы көрсеткіштердің өзгермеуі); иілгіш (шарттардың өзгеру есебіндегі көрсеткіштерді кезеңдік дұрыстау);

7) уақыт реті бойынша: тәртіптендірілген, ағымдағы (мерзімі өтуі бойынша – жаңа жоспарлар);

8) уақытша бейімделу бойынша:

- реактивті (тек қана өткенге мақсатталған);

- инактивті (тек қана қазіргі уақытқа бейімделетіндер);

- преактивті (тек қана болашаққа қарауды қалайтындар);

- интерактивті (жоспарлаудың барлық жақсы идеяларының өзара әсерлесуіне бағытталған).

9) жоспарлау тәсілдері бойынша: «астынан үстіне» (прогрессивті тәсіл); үстінен астына» (ретроградты тәсіл); айналмалы тәсіл (қарсы жоспарлау).

Жоспарлау жүйесі мақсаттары мен амалдарына байланысты өзіне болжамдарды ұйымдастырудың әр түрлі түрлері мен әдістерін қосады.

Болжамдар типологиясының маңызды белгілері болып болжам масштабы, уақыты, объект кескіні, болжам қызметі табылады

Масштабы бойынша болжамды келесідей ажыратады:

- макроэкономикалық (халықтық шаруашылық) және құрылымдық (салааралық және аймақаралық) болжамдар;

- халықтық шаруашылық кешендерді дамыту болжамдары (жанармай-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық, өндірістік инфрақұрылым, халыққақа қызмет көрсету орталықтары және т.б.);

- салалық және аймақтық болжамдар, халықтық шаруашылық жүйелердің, яғни кәсіпорындар, өндірістік бірлестіктердің, сонымен қатар жекеленген өндірістер мен өнімдердің алғашқы түйіндерін болжау.

Алдын-ала уақыты бойынша болжамдар бөлінеді: жедел, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, алыс мерзімді. Жедел болжамның орындалу кезеңі – бір айға дейін, қысқа мерзімді – бір айдан бір жылға дейін, орта мерзімді – бір жылдан бес жылға дейін, ұзақ мерзімді – бес жылдан жоғары болғанда.

Жоғарыда көрсетілген болжам түрлері зерттелетін мәселелерге баға беру келбеті және өзінің мағынасы бойынша бір-бірінен ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет