Ферғана- тау арасындағы ойпат.Бұл жерге су Сырдариядан тартылған.Ферғана ахеменидтік және Александр Македонский империяларының құрамында да болған.Дәл осы жерге Александр патша өз империясының солтүстігіндегі ең шеткі қала – Александрия Эсхатты салуды бұйырды. Б.з.б. IIІ - Б.з.б. VI ғасырлар аралығында Ферғана өз билеушілері бар дербес мемлекет болған.Оның солтүстігінде ғұндар, шығысында Қытайдың хан империясы, ал оңтүстігінде Бактриядағы Юэчжи мемлекеті орналасқан. Сыма Цянның дерегі бойынша Даваниде (Ферғанада) 70 қала болды.Олардың жылқыларымен, жүзімдіктерімен, ерекше гулдерімен даңқы шықты.Ферғана арқылы да Үлы Жібек жолы өтті. VI ғасырда Ферғана Түрік мемлекетінің құрамына қосылды.Ал Әмір Темірдің заманында бұл жерде Бабыр дүниеге келді.Кейін Ферғана Қоқан хандығының орталығы болды.Оның тарихы Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты өрбіді.Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениеттінің уш мәдени ошағы –Шаш, Сырдария аймағы және Жетісу Қазақстан аумағымен тікелей байланысты.
Шаш – Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің алқабын, сондай-ақ Сырданияның оң жағалауын қамтитын тарихи өңір.Бұл аймақ – қазіргі Ташкент пен Шымкент қалалары орналасқан жер. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында өңірде 30 жуық шаһар болған.Шаш қаласының іргесі Б.з.б. ІІI мыңжыл бұрын қаланған.Ал І мыңжылдықта даладық түркілермен соғдылықтар, кейінен Мәуреннахр тұрғындарының негізгі сауда орталығы қызметін атқарды.Шаһар ХІ ғасырдан бастап Ташкент атала бастады. ХVI ғасырда Ташкент үшін қазақ хандығымен Бұхара әмірлігі арасында тартыс басталады. . ХVIІ ғасырдың басынан . ХVІІI ғасырға дейін шаһар қазақ хандығының иелігінде болды. ХVІІI ғасырдың соңында Ташкент Қоқан әмірлігінің билігіне өтті.Ал 1865 жылы қаланы орыс әскері басып алып, орыс билігіндегі Түркістанның орталығына айналды.Мыңжылдықтың соңында бұл жер сауда мен қолөнер орталығына айналды.
Жетісу-Балқаш көлімен Ысты көлдің арасындағы тарихи-мәлени аймақ. Аймақтың атауы дәл «жеті өзенді» емес, «көп сулы» деген мағынаны білдіреді.Бұл-Балқаштың солтүстігімен шығысындағы құрғақ далалы жермен салыстырудан шыққан атау.Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау басынан көптеген өзен ағады. Ал өңірдің ең басты су көзі – кең арналы Іле өзені.Тянь-Шаньның бөктерінде аралас шаруашылықпен –жартылай көшпелі малшылықпен, егіншілікпен әрі бау-бақша өсірумен айналысқан.Ежелгі уаұытта бұл жерде Үйсін мелекетінің орталығы болған.Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісуда қалалар дамып, Соғдылықтардың сауда орындары өркендеген.Ал өлкенің астанасы – Алматының тарихы мыңжылдан асады.Мұны қазба жұмыстарын жүргізген Қазақстандық археологтер нақты деректермен дәлелдеді.
Шығыс Түркістан -Тянь-Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені алабындағы аймақ.Осы аймақтағы Тұрпан, Қашқар, Жаркент т.б. шаһарлар б.з.б. І мыңжылдықта Такла-Макан шөліндегі жазираларда пайда болды.Шығыс Түркістандағы жазиралар Жетісудағы сияқты Ұлы Жібек жолындағы сауда үшін аса маңызды рөл атқарды.Аймақтың батыс бөлігі ІІ мыңжыл бойы Тянь-Шаньның солтүстігімен батысындағы тарихи үдерістерге, сондай-ақ жалпы Орталық Азиядағы оқиғаларға қатысып келеді.
Қорытынды. Ежелгі уақытта Орталық Азияның Оңтүстік бөлігінде ортаазиялық отырықшы-егіншілік өркениет қалыптасты.Бұл өркениеттің мыңдаған жыл бойы өз мәдени маңызын сақтаған, сабақтастығын мен тұрақты дамуын қамтамасыз еткен бірнеше ошағы болды.Жазиралар мен тау баурайларындағы отырықшы-егіншілік өркениет көшпелілер өркениетімен өзара тығыз байланыста болды.Осындай өзара байланыстың нәтижесінде бұрын иран тілінде сөйлеген халықтар түркіленді.
Бөлім
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |