Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк)



Pdf көрінісі
бет101/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Педагигика

ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір 
тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының 
жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, 
әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы 
жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме 
жасалуы керек.
Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. 
Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл 
оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші планында - автор 
тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, 
идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің 
ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды.
Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет:
1. 
Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі;
2. 
Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы;
3. 
Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау 
және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті;
4. 
Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға 
нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті;
5. 
Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі; 
6. 
Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы;
7. 
Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра 
білуге қабілеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет