Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
«Педагогика – білім беру және жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу
практикасындағы шеберлік туралы ғылым» (И.И. Прокопьев, Н.В. Михалкович);
«Педагогика ‒ а) практикалық іс-әрекеттің аймағы, өнер, қолөнер; б) ғылыми білімнің
аймағы, ғылым» (Козлова С.А., Куликова Т.А.);
«Педагогика – ғылым және адамды тану саласы, яғни, нақты педагогикалық жүйе
контексінде дамуында дербес-жас ерекшеліктерді ескере отырып мәліметті тасымалдау-
қабылдау және жалпымәдени құндылықтарға икемдеу тәсілдері мен жолдары туралы
гуманитарлық ғылым саласы» (Е.С. Рапацевич);
«Педагогика – ұйымдастырылған педагогикалық жүйе жағдайында субъектілердің
дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық үдеріс туралы ғылым» (Н.В. Бордовская, А.А.
Реан, С.И. Розум);
Педагогика – теориялық ғылым және педагогикалық іс-әрекет, өнер» (И.Ф. Харламов);
«Педагогика – адамды тәрбиелеу, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру және өздігінен
шығармашылығын дамыту туралы заң мен заңдылықтар туралы ғылым» (В.И. Андреев);
«Педагогика – тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке адам
дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынан
қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу
үдерісін зерттейді» (Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова).
Педагогика өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне ие дербес білім саласы ретінде
қарастырылатын, педагогикалық тәжірибенің әсерінен дамитын, өзінің теориясы мен
әдіснамасын қалыптастырған (әдіснамалық деңгейлерді) және өзіне тән әдістерді
қолданатын, негізгі категориясы ‒ тәрбие, білім беру, оқыту болып табылатын ғылым. Ол
адамзаттың жинақтаған тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы мақсатты үдеріс пен
өскелең ұрпақты өмірге, іс-әрекетке даярлаушы ғылым. Педагогика қоғамның тәрбиелік
қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Бүгінде нақты педагогиканың пәні
анықталмағанымен көпшілік зерттеушілер оны адамзат жеке тұлғасының қалыптасу мен
даму мәнін зерттеу және осы негізде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс ретінде
тәрбие теориясы мен әдістемесін жасау деп түсіндіреді.
Б.Т. Лихачев бойынша: «Педагогика пәні – нақты-тарихи тәрбие процесінің
объективті заңдары». Педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік
тәжірибесін меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі біртұтас педагогикалық үдеріс
болып табылады. Педагогика пәні - адамдарға білім беру заңдылықтары, принциптері,
формасы мен әдістері. Педагогика ғылымының пәні – бала (адам), соның тәрбиесі, оқуы,
үйренуі, дамуы, қалыптасуы. Педагогика пәні нақты тарихи тәрбие процесін оның
объективтік заңдылықтарына, әлеуметтік қатынасына, өмірдегі қоғамдық тәрбие
тәжірибесіне сүйене отырып,
жас
ұрпақтың
даму, қалыптасуын зерттеу.
Педагогиканың зерттеу пәні – тәрбие, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру және
адамның шығармашылық өзін-өзі дамыту туралы тұтастай жүйе. Педагогиканың пәні –
арнайы әлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру және мәдени-тәрбие
орындарында – мақсатты-бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас үдеріс ретінде
көрінетін жүйеленген білім саласы. Педагогика пәні – тәрбиелеу, оқыту, білім беру
жағдайында жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бағытталған тұтас педагогикалық
үдеріс. Педагогика ғылымының міндеттері педагогикалық мақсаттар арқылы анықталады.
Олай болса, педагогикалық мақсаттар төмендегідей:
• Нормативті (мемлекеттік) мақсаттар – өкіметтік құжаттарда анықталған жалпы
мақсаттар. Олар мемлекеттегі білім беру мен экономиканың жағдайы туралы кең түрдегі
мәлімет негізінде анықталады. Бұл мақсаттар кез келген педагог жұмысының негізгі бағыты.
• Қоғамдық мақсаттар ‒ әр түрлі топтардағы адамдардың қажеттілігі,
қызығушылығы, қоғамдық көзқарасы түрінде қалыптасады;
• Инициативалық мақсаттар – білім берушілер мен білім алушылар тарапынан
|