Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет33/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
көп ғасырлық тарихи дамуды өткерді. Олар ғылымдағы, мәдениеттегі, әлеуметаралық 
өзгерістер нәтижесіндегі көзқарастарға сәйкес күрделі қайта құруларға ұшырап отырды. 
Мектеп пен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ, басқа да білім беру 
институттарының дамуы ұлы өркениет дәуірінен бастау алады. Ерте дәуір өркениеті бір-
бірінен дара болғанына қарамастан, адамды белгілі бір біліммен қаруландыруда ортақ 
қағидаларды ұстанған. 
Жазудың пайда болуы мектептердің қалыптасу факторларының генезисі бола алады. 
Жазба түрде ақпаратты жеткізу арнайы оқытудың болуын қажет етті. Екінші фактор - адам 
еңбегінің ақыл-ой және дене еңбегі болып даралануы, осыдан әр түрлі мамандықтар 
қалыптасты, олардың алғашқылары қатарында оқытушылық пен тәрбиешілік болды. 
Отбасын, шіркеуді және мемлекетті ерте өркениет дәуіріндегі білім беру ошақтары 
дей аламыз. Сондықтан мектептің – отбасылық, шіркеулік, жеке және мемлекеттік түрлері 
болды. 
Университет – жиынтық, жинақ – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік 
ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары 
оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. 
Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сабақтас 
жүргізілуі. Алғашқы университет ХІІ ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі 
тұңғыш университет Мәскеу университеті (1755 жылы құрылған), байырғы 
универсиетттерге Львов (1661 жылы алғашқы академия ретінде), Тарту (1802), Вильнюс
(1803), Қазақ (1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург 
(1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орта Азияда 1920 жылы Түркістан 
мемлекеттік университеті, 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай 
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті), 1934 жылы Қазақ мемлекеттік 
университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 1972 жылы 
Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды. 
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Қазақстанның Ресейге қосылуы 
жалпы қазақ халқының білім жүйесінің дамып, мектептер ашылуынан бастап әрі қарай 
ілгерілеуіне ықпал етті. Бұл - Қазақстанға Ресейдің экономикасы мен алдыңғы қатарлы 
мәдениетінің ықпал етуіне қолайлы жағдайлар туғызды, өндіргіш күштер мен өндірістік 
қатынастардың дамуына әсер етті. 
1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылып, мұнда әскери шендегілердің балалары 
оқыды. Бұл мектепті бітіргендер өкімет кеңселерінде, сауда-саттық орындарында жұмыс 
істеп, тілмаштық қызмет атқарды. 1786 жылы Омскіде ашылған «Азия мектебі» де осындай 
мақсатты көздеді. Олардың ішінде қазақ балалары да болды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей ордасында мектептегі білім беру кең тарала 
бастады. Бұнда үлкен рөлді Жәңғір хан атқарды. Ханның білім беру саясатының 
орталығында мешіт жанындағы бастауыш мектептерін ұйымдастыру болды. 1841 жылдың 
желтоқсанында Жәңгір ханның үкімімен орталық мектеп ашылды. Мектепте арабша, 
татарша және орыс тілі, жаратылыстану негізі, тарих және медицина оқытылды. Мектепті 
жақсы бітіргендер кадет корпусында білім алды. 
Кадет корпустарының оқу курсы сегіз жылдық, әр класс екі жылдық мерзімді 
қамтыды. Кадет корпустарын бітірушілер Қазақстандағы әр түрлі басқару орындарына 
қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін меңгерген және орыс мәдениетінен 
хабардар, әжептәуір білімді жастар болды, кейбіреулері орыс баспа сөзімен байланыс 
жасап, қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды, сол арқылы қазақ жастарын оқу 
орындарына ынталандыруды ойлады. 
1960-жылдардағы Халық ағарту жөніндегі алдыңғы қатарлы теориялар біртіндеп 
мектеп тәжірибесіне ене бастады. Бұл кезде ағарту ісінде қоғамдық орындардың алдыңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет