Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
кірісуі тиіс болатын. Алайда халыққа білім беруді қарқынды түрде өркендету мақсатымен
жаңадан ашылған жоғары оқу орнын дербес педагогикалық институт ретінде
қалыптастырып, дамыту қажет болды. Сондықтан 1930 жылы университет Қазақ
мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады да, 1935 жылы оған ұлы ақын
Абайдың аты берілді. Бұл бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті.
Алғаш құрылған кезіндегі ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының
ғимаратында орналасты. Институт жанында оқуға түсушілерге арналған бес айлық
дайындық курсы жұмыс істеді. Сондай-ақ педагогикалық техникум, училище мен
жұмысшылар факультеті ашылды. Бұл оқу орындарына негізінен ата-аналарынан
айырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері, кедейлердің балалары және аздаған орта
шаруалардың балалары қабылданды. Институтқа алғашқы қабылдау екі кезеңде – 1928
жылдың қыркүйек және қазан айларында жүргізілді. Республика Халыққа білім беру
комиссариатының округтердің санына орай жоспарлы бөлу жұмыстарының негізінде 124
адам, соның ішінде 28 қыз бала оқуға қабылданды. Студенттер құрамы көптеген ұлттардың
өкілдерінен тұрды. Олардың ішінде 76 қазақ, 42 орыс және басқада ұлттардың өкілдері
болды. Студенттердің 75 пайызы стипендиямен қамтамасыз етілді. Баспана аса қажеттеріне
жатақханадан орын бөлінді. Кейбір студенттердің дайындығы біршама төмен екендігі
ескеріліп, орыс және қазақ тілдерінен, математика мен физикадан қосымша сабақтар
өткізілді. Бірінші курста 9 оқытушы, оның ішінде 3 профессор, 5 доцент және 1 ассистент
сабақ берді. Сол бір жылдары институт қабырғасында негізінен білімге аса құштар жандар –
жасы отыз-қырықтарға келген адамдар оқыды, студенттер арасынан жиырмаға дейінгі
жастар сирек кездесетін.
Институт сонымен қатар тұрғындар арасындағы ғылыми-ағартушылық жұмыстарын
да жүргізді. Қазақ педагогикалық институтының жанынан екі жүзге жуық тыңдарман
қатысатын жексенбілік мектеп құрылды. Мұнда оқытушылар еңбеккерлерге дәріс оқып,
ғылыми баяндамалар жасады. Институт жанынына сауатсыздықты жоюға арналаған мектеп
ашылып, тақырыптық кештер, пікірталастар, оқырмандар конференциялары, басқа да
мәдени-ағартушылық шаралар тұрақты өткізіліп тұрды.
Сол кезде Қазақ педагогикалық институты үшін оқытушылар құрамын кәсіби
біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кадрлармен толықтыру аса маңызды мәселе
болып табылды. Бұл міндет екі жолмен шешілді: біраз мамандар орталық жоғары оқу
орындарынан шақырылса, қалғандары жергілікті кадрлардың арасынан даярланды.
Институттың қалыптасуына туысқан республикалардағы, әсіресе Мәскеу мен
Ленинградтағы көптеген оқу орындары үлкен көмек көрсетті. Олар өздерінің бай кітапхана
қорымен, кабинеттерге арналған жабдықтармен бөлісті. Сол жылдары Қазақ педагогикалық
институтына жұмыс істеуге әдебиеттанушы Н.Н.Фатов, математик Б.Л.Кругляк, физик
В.Ф.Литвинов, биолог С.В.Логинов, эмбриолог А.А.Захваткин тәрізді көптеген белгілі
ғалымдар келді. Сол кездерде институтта Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен
Алманов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Ілия Қабылов, Темірбек Жүргенов
сынды қазақ халқының көрнекті өкілдері оқытушылық қызмет атқарды. 30 – жылдары
Қазақ педагогикалық институтында белгілі тіл мамандары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
М.Жолдыбаев, математик А.Ермеков және т.б. еңбек етті.
Қазақстанның алғашқы оқу орнын ұйымдастыруға оның тұңғыш ректоры, көрнекті
мемлекет қайраткері, талантты ғалым және педагог, республикада жоғары мектеп пен
ғылымның іргетасын қалаушы С.Ж. Асфендияров зор еңбек сіңірді. Ол 1928-1937 жылдар
аралығында Қазақ педагогикалық институтының, Алматы медицина институтының
ректоры, Қазақ АССР денсаулық сақтау халық комиссары және халық ағарту комиссары,
Қазақтың ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі,
КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
|