Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
қолданылатын белсенді оқыту әдістері: «Жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу
материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау
элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Репродуктивтік элементі ғылыми тұрғыдан
дәлелденген, қосымша түсіндіруді қажет етпейтін оқу материалын баяндаудан тұрады.
Проблемалық элемент проблемалық жағдаятты қою, талдау, болжаулар жасау, оны растау не
теріске шығару, проблеманы шешу жолдарын іздестіруден құралады. Интеграциялық
элемент бір проблема төңірегінде әр түрлі ғылыми амалдарды қарастырады. Диалогтік
элемент оқытушы мен студент арасындағы пікір алмасу арқылы көрініс табады. Пікірталас
әдісі – оқу материалының пікірталас тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға
бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын
оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген. Пікірталастың туындауына
теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым
мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.
«Шағын топтар» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік
сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін,
студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі.
Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады,
студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс
істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі. Бұл әдісті семинар сабақтарында қолданған
орынды.
«Тірек конспектілер» әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне
(оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет
қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі. Бұл әдісті семинар және практикалық
сабақтарда қолдануға болады.
«Оқытудың жекеленген жүйе» әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу
материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы
меңгеретін оқыту тәсілі.
Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса қашықтықтан оқитын студенттермен
жұмыс барысында қолданыс табуда. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын
модульдерге бөлу болып табылады. Әрбір модульге әдістемелік тапсырмалар мен
нұсқаулықтар әзірленеді, студенттер өздігінен даярланады, әдебиетті өңдейді, электронды
оқу қорларын (слайд-дәрістер, электронды оқулықтар және т.б.) қарап шығады. Материалды
игерулеріне байланысты студенттер бақылау жұмысын (реферат, тест, эссе, жоба және т.б.)
орындайды, оқу модуліне байланысты тапсырмаларды сәтті орындап шықса, келесі модульге
көшеді.
Оқыту құралдары. Әдіс-тәсілдер мен оқыту құралдары бір-бірімен тікелей
байланысты. Оқыту құралдары – білім алудың, іскерліктерді қалыптастырудың көзі,
сонымен қатар оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген материалдық заттар,
құралдар, құрылғылар. Оқыту құралдары іс-әрекет субьектісіне, нысандар құрамына, оқу
ақпаратына, оқытушы қызметін алмастыра алу мен білім алушы әрекетін автоматтандыру
мүмкіндігіне және т.б. негіздерге байланысты жіктеледі.
Іс-әрекет субьектісіне байланысты оқыту құралдары оқыту және оқу құралдары деп
екіге бөлінеді.
Оқыту құралдарына: көрнекілік түрлері, демонстрациялау құралдары, оқытудың
ақпараттық техникалық құралдары, компъютер, электронды тақталар, жазу құралдары (бор,
компъютерлік құралдар, жарық сәулесі және т.б.) жатады.
Оқу құралдарына оқулықтар, жұмыс дәптерлері, қалам, дидактикалық үлестірмелі
материалдар, карточкалар, сызбалар, тірек конспектілер, зертханалық құрылғылар, дербес
компьютер, жеке оқытудың ақпараттық құралдары, ғаламтордың оқу бағдарламалары, оқу-
зертханалық жабдықтар, кестелер, модельдер және т.б. жатады.
|