Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың 
өздігінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағытталса, оқушы 
жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын әлеуетті оқу-танымдық 
ерекше қасиетін, зерттеушілік іздемпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің 
спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, 
оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен 
жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен 
шығармашылықтың ерекшелігін оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек. 
Оқыту әдістері жоғары мектеп дидактикасының теориялық және практикалық тұрғыда 
көкейкесті проблемасының бірі болып саналады. Оқу үдерісінің жолға қойылуы, оқытушы 
мен студенттің қызметі, ЖОО-дағы оқытудың нәтижелі болуы осы мәселенің оң шешіміне 
байланысты. 
Оқыту әдісіндегі «әдіс» (метод) термині гректің «metodos» ақиқатқа жету жолы, тәсілі 
деген мағына береді. Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы
тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді 
атқарады. 
Педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің рөліне және анықтамасына берілген 
ортақ бір қорытынды пікір әзірге жоқ. Мысалы, И.Ф.Харламов оқыту әдістері
анықтамасының мәнін былайша түсіндіреді: «оқыту әдістері деп оқытушының оқыту 
жұмысының және түрлі дидактикалық міндеттерді шешу үшін меңгерілетін материалдарға 
бағытталған оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудағы амал-тәсілі». 
Ю.К.Бабанскийдің пікірінше, «оқыту әдістері - оқытушы мен білім алушының білім 
міндеттерін шешудегі бірлескен қызметінің ретке келтірілген тәсілдері. Т.А.Ильина оқыту 
әдістері «оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру тәсілдері» деп түсіндіреді. 
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты 
іс- әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге 
бағытталған іс-әрекет түрі. 
Дидактика тарихында оқыту әдістерін жіктеу (классификация) қалыптасқан. Кең 
таралған жіктеме білім мазмұнын жеткізуге негізделген – сөздік әдіс (баяндау, әңгімелеу, 
нұсқау беру және т.б.), практикалық әдіс (жаттығу, сызу, кескіндеу, есептер шығару және 
т.б.), көрнекілік (иллюстрация, нақты материалды көрсету және т.б.). Негізінен, жоғары 
мектепте 1965 жылы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин ұсынған жіктемедегі оқыту әдістері 
пайдаланылады. Оқытудың нәтижелі болуы білім алушының бағыттылығы мен ішкі 
белсенділігіне, ол орындайтын қызмет сипатына, өз бетімен орындайтын жұмысына, 
шығармашылық қабілетін танытуына тікелей байланысты. Сондықтан олар (білім алушының 
бағыттылығы, ішкі белсенділігі, орындайтын қызмет сипаты, өз бетімен орындайтын 
жұмысы, шығармашылық қабілет танытуы) оқыту әдісін таңдау критерийлері болуы тиіс. 
И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқытудың 5 әдісін бөліп және бұл әдістерді орындайтын 
қызмет сипаты, өз бетімен орындайтын жұмысы, шығармашылық қабілетінің біртіндеп өсу 
дәрежесіне қарай дамып отыратындай етіп ұсынған. 
1. 
Түсіндірмелі-иллюстративті 
әдіс. 
Білім 
алушылар 
оқулықтан, 
түрлі 
әдебиеттерден, экранды оқу құралдарынан «дайын» білім алады. Фактілерді, 
қорытындыларды қабылдау, ой елегінен өткізу негізінде студенттер репродуктивті дәрежеде 
ойлайды. ЖОО-ында ауқымды мәліметті жеткізу мақсатында бұл кеңінен қолданылатын 
оқыту әдісі. 
2. 
Репродуктивті әдіс. Бұл әдісте оқылатын материалдар үлгі немесе ереже 
бойынша меңгеріледі, білім алушының қызметі алгоритмдік сипатта болады. 
3. 
Проблемалық баяндау әдісі. Оқытушы жаңа материалды баяндамас бұрын сан 
түрлі амал-тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, студенттердің алдына проблема, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет