Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі (майевтика). (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудармасы
- босанатын әйелге көмек көрсету) - сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы адам бойындағы
жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогикада Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі
бағыттаушы сұрақтар мен пікірталастар орталық орын алатын оқыту түрі деп түсіндіріледі.
Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен оқушылардың ақиқат туралы түсінігін бұзып, кейін
олар өз ұстанымдарын қорғай отырып, оны қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан
кейін бір сұрақты қоя берген. Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні –
әңгімелесушінің «барлық нәрсе жайлы білемін» деген орныққан пікіріне қарамастан,
шындығына келгенде, көп нәрсені білмейтіндігіне көзін жеткізу. «Ізденіссіз өмір сүрудің
қажеті жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана
мәжбүрлей аламын» – Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы ойды желеу ету
қажет болады.
Бағдар картасы – белгілі бір тапсырма, сондай-ақ жалпы сабақ көлемінде оқудың
соңғы нәтижесіне жетуге бағытталған және оқушыларға арналған қадамдап көрсетілген
нұсқаулық; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, оқушыларды
шығармашылықпен ойлауға бағыттайды, тапсырмаларды орындауда қолданылатын
креативті тәсілдерді дамытады.
Блум таксономиясы – 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған
танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі. Оған ойлау
дағдыларының алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Білу - деректерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету
арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау.
Түсіну - негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту
арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету.
Қолдану - жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |