Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Ақпараттық сауаттылық – көптеген
сандық технологияларды қолдану арқылы
ақпаратты тиімді және сыни іріктеп,
талдап және құра білу, сонымен қатар сол
технологиялардың құрамдас бөліктері мен функцияларын білу.
Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту
тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда
болған сұрақтарға жауап бере отырып,
жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
Әңгіме-дебат – оның барысында қатысушылар арасында ой-пікірлерде үлкен
алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Әңгіме-дебат ынтымақтастыққа
бағдарланбаған бәсекелестікке негізделеді.
Диалогтік әңгіме - белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге
негізделген
вербалды-коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының
қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың
мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже
алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу»
үдерісіне тартылады.
Зерттеушілік әңгіме – бұл әңгіме түрінде
әркімнің идеясы пайдалы деп
қарастырылғанымен, олар егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді.
Зерттеушілік әңгімеге
қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді.
Алайда
зертеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі маңызды
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: