Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін,
идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің
ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды.
Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет:
1.
Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі;
2.
Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы;
3.
Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау
және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті;
4.
Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу
жасай білу және сұрақтарға
нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті;
5.
Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі;
6.
Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы;
7.
Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра
білуге қабілеттілігі.