Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет99/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Педагигика

Аннотацияның үлгісі: Оқу құралы «Студент жастар арасында салауатты өмір салтын 
қалыптастырудың негіздері» арнайы курс бағдарламасына сәйкес даярланған, онда 
салауатты өмір салтын қалыптастырудың ерекшеліктері сипатталады. Ұсынылып отырған 
оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарға, 
ұлттық тәрбие және салауатты өмір салты мәселелерімен айналысатын оқырмандарға 
арналған.
Презентация (лат. praesento - көрсетілім) – алдында берілген тапсырма негізінде 
орындалған жұмыс туралы есепті басқаға, көпшілікке ұсыну үдерісі. Мақсаты – аудиторияға 
таныстырылатын объекті туралы ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Таныстырылым белгілі 
бір ортаға сәйкес ұйымдастырылған мәтін, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік 
анимациялар, графиктер, бейнежазба, музыкадан тұруы мүмкін. Презентация бұл 
пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы, жариялау деген 
мағынаны білдіреді. Оның нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, 
даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда 
жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар ақпаратты оңай қабылдау үшін таныстырылымның 
сюжеті, сценарийі және құрылымы болады. Мультимедиялық презентация - 
мультимедиялық 
технологияларды 
қолдану 
арқылы 
жасалған 
таныстырылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Мультимедиялық таныстырылым жасауға арналған технологияларға мынадай бағдарламалар 
жатады: Microsoft PowerPoint, OpenOffice.org Impress, SoftMaker Presentations, Multimedia 
Builder, ProPresenter, Prezi. 
Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл мәтіннің мазмұнын бұрмалаусыз айтып 
беру. Реферат: 1) Әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір 
тақырып бойынша жасалған баяндама; 2) Ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б мазмұнын 
баяндау (Словарь иностранных слов. – М., 1985. –С.433.) Реферат – алғашқы түпнұсқаның 
негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. 
Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат 
көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» 
тұжырымы көрініп тұруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет