Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет34/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
қатарлы бастамалары өріс алды. Қалалар мен ауылдарда бастауыш мектептердің бірнеше 
түрлері ашылды: жеке адамдар ашқан гимназиялар, жексенбілік мектептер. 
Қазақ балаларына арналған Орынбор орыс мектебі 1850 жылы 22 тамызда ашылды. 
Мектепке 50 бала қабылданды. Мектептің оқу жұмысы белгілі тәртіпке келтіріле бастады: 
оқу жылының мерзімі белгіленді, жалпы оқу мерзімі (7 жыл), оқушыларды қабылдау кезеңі 
(әрбір екі жыл сайын), жазғы демалыс (15 маусымнан 15 тамызға дейін) анықталды, сабақ 
кестесі мен оқушыларға арналған үзіліс енгізілді, емтихандардың ережесі жасалды. 
Орынбордағы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп (1850-1869) оқушылар санының 
тым шағындылығына қарамастан, қазақтар арасында орыс білімін таратудың алғашқы 
ошағы болды. 
Ішкі қазақ (Бөкей) ордасында мектептің негізінен екі түрі (алты жылдық екі класты, 
төрт жылдық бір класты орыс-қазақ училищелері) болды. Торғай және Орал облыстарында 
алты жылдық екі класты уездік, төрт жылдық болыстық орыс-қазақ училищелері және
Ы.Алтынсарин негіздеген ауыл мектептері ұйымдастырылды. 
Ақмола мен Семей облыстарында интернатты мектептер ашылып, кейінен ауыл 
шаруашылық мектептеріне айналды. 19-ғасырдың аяғында бұл облыстарда ауылдық 
мектептер ашылды. 
ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстан аймағында медреселер мен мектеп-оқу орындары 
жұмыс істеді, олар ежелгі Шығыс және Азия мұсылман халықтарының жоғары дамыған 
мәдениетіне тартуда, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің 
дамуында жағымды рөл атқарды. 
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірінші рет орта және кәсіби оқу 
мекемелері пайда болды. Орта мектеп бастауыш және келесі буындағы білім арасындағы 
аралық буын болып есептеліп, екі міндетті орындады. Біріншіден, гимназияны бітіргендер, 
алғашқы кәсіби білім алу, екіншіден, қабілетті оқушылардың жоғары оқу орынына түсуіне 
мүмкіндіктері болды. 
Қазақстанда 1917 жылы 1 қаңтарда 17 орта мектеп, 4 реальды училище және 13 
гимназия жұмыс істеді, онда 5880 оқушы оқыды, оның ішінде 215 ғана қазақ ұлтының 
өкілдері. 
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы білім 
саясатында өзгерістерді талап етті. Өндірістің дамуы кәсіби жұмысшы кадр мамандарды 
даярлау міндетін қойды. 1903-1904 жж. Ресейдің білім министрлігі бірқатар қаулыларды 
шығарып, соған сәйкес мемлекеттік қазыналық қаржыға мектеп жанынан қол еңбегі және 
қол өнер мектептерін ашуды шешті. Сонымен, қол өнер бөлімі Қазақстанда кәсіби білім 
беруді қалыптастырудың негізі болып табылады. Олардың даму мөлшері бойынша кәсіби 
бағыттылығы кеңи түсті. Қазақстандағы кәсіби мектептер 3 бағытты қарастырды: 
ауылшаруашылық, қолөнер, педагогикалық. 
Қазақстанда мұғалім мамандықтарын дайындау мұғалім семинарияларымен 
педагогикалық сыныптарда жүзеге асырылды. Бірінші мұғалім семинариясы Қазақстанда 
1903 жылы Семейде ашылды. Педагогикалық сыныптар Қазақстанның білім жүйесінің 
қалыптасуында жағымды рөл атқарды, олар арқылы оқу орындарының негізгі түрі -
бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау жүргізілді. 
Революцияға дейінгі Қазақстан аймағында жоғары оқу орындары болмады. Сондықтан 
жоғары білім алуға ұмтылған кейбір қазақтар Ресейдің басқа қалаларының оқу 
орындарында оқыды: Томскде, Казанда, Петербургте, Орынборда және т.б. ХХ ғасырдың 
басы және ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасындағы оқу-ағарту және 
мәдениеттің дамуында негізгі рөлді Омск қаласының орталығы және Түркіменстан 
өлкесінің орталығы - Ташкент қаласы атқарды. 
Білім беру жүйесінің қалыптасуында алдыңғы қатарлы баспасөз үлкен рөл атқарды. 
Орыс-қазақ мәдени-ағарту ынтымағының және Қазақстандағы ой-пікірдің дамуында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет