Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет31/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
табысына қанағаттанады. Ол материалдық және рухани да болады. Еңбекке деген қарым-
қатынас жаңа типтегі жұмысшының еңбек арқылы өзінің еңбегінің құнын танытуы ретінде 
болады. Осылайша адам еңбек үдерісінде басты өмірлік қажеттілігінен қанағат тауып ‒ 
өмірдің мәнін түсінеді. Өмір мен еңбек ұласады. Постиндустриалдық қоғамдағы оқу әрекетін 
ұйымдастыру методологиясы тұрғысынан педагогика және педагогикалық психология 
жаңаша қарауды талап етеді.
 
1.4 (4-дәріс). Жоғары мектепті реформаландыру
Жоспары:
1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының негізгі бағыттары (тенденциясы).
2. Болон үдерісі қазақстандық жоғары білімнің еуропалық білім беру кеңістігіне ықпалдасуы 
(интеграциялануы) ретінде.
3.Отандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі қағидалары.
4. Жоғары білімнің көпдеңгейлі жүйесінің сипаттамасы.
5. Жоғары білім беру ұйымдарының (мекемесінің түрлері).
6. Тұрақты даму мүддесінде білім беру. STEM-контекстіндегі білім.
 
XXI ғасыр – жоғары технология мен білім ғасыры. Білім беру адамзаттық өркениеттің 
дамуында маңызды фактор болғаны белгілі. Бүгінде жаһандық проблемалар туындауда: 
жалпыадамзаттық мәселелер (әлемдік термоядролық соғыс, т.б.); адам мен табиғаттың 
қатынасы; қоғам мен адамның аса қауіпті ауруларды жоюдағы өзара қатынасы.
Осы 
мәселелерді шешудің жолдары қандай? (жаңа технология, адамның ойлауын өзгерту, әлемдік 
масштабта келісілген және жоспарлы әрекетке көшу). XX ғасырдың соңында экономикалық 
дамудың жоғары кезеңі басталды. Жаһандық қозғалыс басталды: материалдық экономикадан 
интеллектуалдылыққа өту немесе ол экономикаға негізделген білім. Оған мына факт дәлел 
болады: табысты дамыған елде ұлттық байлықтың: 15% материалдық құндылық, 20% - 
табиғи ресурс, 65%- білім, білімді адамдар құрайды. Тек білімнің ғана емес, адам 
факторының рөлі өсуде. Техникалық күш жоғары болған сайын, адамның кәсібилігі ғана 
емес, оның адамгершілік мәдениеті, гуманизмі, жауапкершілігі де жоғары болуы керек. 
Сондықтан тұлғаның қалыптасуында білім факторының рөлі зор. Білім беру мәселесімен тек 
педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, 
экономика, мәдениеттану, т.б. зерттейді. Білім беруді әлеуметтік феномен ретінде зерттеуге 
көптеген ғылымдар қажетті, құнды үлестерін қосты, бірақ бұл ғылымдар білім берудің мәнді 
аспектілерін- адамның күнделікті өсуі мен дамуы, осы үдерістегі педагог пен білім 
алушының өзара әрекеттестігі және оған сай институционалды құрылымын қарастырмайды. 
Бұл аспектіні педагогика ғылымы зерттейді.
Қазақстан қазіргі жаһандану заманында дамудың нарықтық қатынастар талабына
жауап беретін жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Бұл сапалы жоғары білім берудің мақсатын қайта 
қарауды қажет етеді. Мемлекетіміз өзінің табиғи байлықтары көзіне сүйене отырып бәсекеге 
қабілетті 30 - алдыңғы қатарлы елдің құрамына енуді көздейді. 
Сапалы жоғары білімді көздей отырып Қазақстан Европалық жоғары білім 
стандарттарына бет бұрды. Мысалы, 1997 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең 
алғашқы болып мемлекет аралық дипломдарды өзара қабылдау туралы айтылған жоғары 
білім туралы Лиссобон конвенциясын енгізген. 
Бүгінде Қазақстан жоғары білім беру жүйесі Болон үдерісі принциптеріне сүйеніп 
қайта қарастырылуда. Болон үдерісі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-
еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. 
Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған 
Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық үдеріске 40 ел 
мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет