Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны.
Институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
жоғары оқу орны. Институт 1) ғылыми-зерттеу мекемесінің, жоғары оқу орнының, сондай-
ақ, кейбір әлеуметтік қатынастарды реттейтін органдардың атауы; 2) қоғамдық
қатынастардың қайсыбір саласын реттеуші құқықтық ережелер жиынтығы.
Жоғары техникалық мектеп - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
1.5 (5-дәріс). Жоғары мектеп оқытушысы.
Жоспары:
1. Жоғары мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық
негіздері.
2. Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар.
3. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттері.
4. Оқытушы іс-әрекетінің логикасы. Жоғары мектеп жағдайында кәсіби педагогикалық
іс-әрекетке дайындығы.
5. Кәсіби құзыреттілік құрылымы. Құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі.
Оқытушының кәсіби педагогикалық іс-әрекет саласы:
- жоғары оқу орны;
- колледж және басқа білім беру ұйымдары;
- оқытудың әртүрлі аспектілерімен байланысты іс-әрекет ұйымдары, кәсіпорын болып
табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық қызметке даярлық»
(«ұстаздың кәсіби дайындығы») біржақты қарастырылмайды. Н.Н.Никитина және
Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін ерекше атап көрсетеді:
теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық
білім жүйелерін тиесілі меңгеру; тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті
мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.
Д.Н.Узнадзе бұл түсінікті субъектінің қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін
пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады. Оның айтуы бойынша «...даярлық –
бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып
табылады».
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович іс-әрекет кезінде адамның тұрақталған жеке
ерекшелігі ғана емес, (сендіру, көзқарастары, мінездің ерекшеліктері және т.б.), сонымен
бірге осы қызметтің түріне байланысты жағдаятқа сәйкес психологиялық күйі де көрінеді
деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі
бір уақыт аралығында сапалы қызмет атқару мүмкіншілігіне себепші икемділігі, соған
сәйкесті санасының сипаты, мінез-құлқы.
Н.Д.Хмель зерттеулерінде ұстаздың қызметке даярлығын уәждік, жеке-даралық,
мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады.
Л.В. Занина, Н.П.Меньшикова тұлғаның кәсіби даярлығына былай сипаттама береді:
«Өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің қызығушылықтарын, жеке
тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсінуі».
В.А.Сластенин педагогикалық қызметке кәсіби даярлықты «ұстазға бір жағынан -
психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына, ал екінші жағынан
– ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын талаптар жиынтығы» ретінде
анықтайды.
|