Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
бастысы - тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Ғылыми айналымда
сөйлеу мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының 23 түрі айқындалған, олар: сөздің
дұрыстығы, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі,
орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы,
жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилылығы, идеялылығы, ықпалдылығы,
сенімділігі, тұтастығы. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс:
Әдіснамалық (психология, педагогика). Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ). Пәндік-
бағдарлық. Тұлғалық және кәсіптік “МЕН” тұжырымдамасы, іс-әрекет, тәрбиеленушінің
бірлігі. «Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен,
жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген
шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана
алуымен анықталады.
ХІХ ғ.аяғында П.Ф.Каптерев педагогикалық іс-әрекеттің жетістікке жету факторы
ретінде педагогтың «жеке тұлғалық қасиеттерін» атап көрсеткен. Олар педагогтың бойында
міндетті түрде болуға тиіс қасиеттер: мақсатқа жетуге ұмтылушылық, табандылық,
еңбекқорлық, қарапайымдылық, байқағыштық, ақылдылықтың, шешендіктің, артистизмнің
қажеттілігі. Педагог үшін эмпатияға, демек білім алушының психикалық күйін түсіне білуге
даярлық пен әлеуметтік өзара қарым- қатынасқа деген қажеттілік те ерекше маңызды
орында. Педагогикалық іс- әрекетте жоғары кәсіби шеберлік пен педагогтың мәдениеттілігі
көрінетін педагогикалық такт пен ғылыми ізденістің де мәні зор деп көрсеткен.
А.К.Маркова кәсіби сапаларға келесі сапаларды жатқызады: педагогикалық эрудиция
(білімдарлық); ғылым салаларын терең меңгеру; педагогикалық мақсат қоя білушілік;
педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау; педагогикалық интуиция
(сезімталдық); педагогикалық импровизация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару,
шешім қабылдау); педагогикалық байқағыштық; педагогикалық көрегендік. Ғалым ойынша,
педагогтың жеке тұлғалық сипаттамасында ең басты орында мұғалімнің педагогикалық
мамандықтың моделін, нормасын, ережелерін сезінуінен, кәсіби кредоның қалыптасуынан,
мұғалім еңбегінің концепциясынан; кейбір кәсіби эталонға өзін енгізуден, кәсіби референтті
адамдардың берген бағасынан және өзін-өзі бағалаудан тұратын кәсіби педагогикалық
өзіндік сана.
Л.М.Митина
кәсіби
сапаларға:
әдептілікті,
сыпайылықты,
сезімталдықты,
тәрбиелілікті, зейінділікті, ізденімпаздықты, шыдамдылықты, адамгершілікті, іскерлікті,
тәртіптілікті,
белсенділікті,
саяси
сауаттылықты,
сыншылдықты,
патриоттықты,
болжағыштықты,
өзбеттілікті,
принципшілдікті,
батырлықты,
кешірімшілдікті,
кішіпейілдікті, балаға деген сүйіспеншілікті жатқызған.
М.М.Мұқанов педагог мамандығына лайықты сапалар қатарына: педагогтың идеялық
сенімін, қабілетін, ұстамдылығын, әділеттілігі мен абыройын жатқызған. Осылардың ең
ортасы, өзегі, яғни жеке тұлға сапасының ядросы – оның бағыттылығы, бейімделушілігі,
өзін-өзі бағалауы, «Мен» бейнесі» - деп ойын тұжырымдаған. Сонымен, педагог
тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары: Әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар-
намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық); Рефлексивті сапа ( ұқыптылық, тиянақтылық,
білімпаздық); Коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя
білушілік); Эмпатиялық сапа (өзара түсіністік, қайырымдылық, қайғыға ортақтаса білуге
қабілеттілік);
Педагогтың адамгершілік қасиеттері: (дәлелдей білушілік, ұстанымдылық, патриотизм,
ұжымшылдық, тәртіпшілдік, мәдениеттілік). Педагогтың кәсіптік-этикалық іс-әрекеті
тұлғаны ерекше өмір сүру салтымен, мақсаттылығымен, арнайы қарым-қатынас жүйесін,
адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы пікірлерін, жетістіктерін үнемі жетілдіріп
отыруға ұмтылысымен сипатталады. Ал, педагогикалық қабілеттер - педагогтың
педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететін даралық-
|