Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
•
Білім берудің өз бетімен білім алуға ауысуы;
•
Оқытудың өмірмен, болашақ мамандығымен байланыстылығы;
•
Студенттердің танымдық белсенділігінің дамуы мен білімнің беріктігі;
•
Оқытудағы жағымды эмоционалды ахуал;
•
Оқытудың ұжымдық және жеке даралығымен есептесу;
•
Оқытудағы ізгілендіру және гуманитарландыру;
•
Оқытуды компьютерлендіру;
•
Интеграция - пәнаралық байланыс;
•
Оқытудың инновациялылығы;
•
Оқытудың интеграциясы.
С.И.Зиновьев жоғары мектептегі оқу үдерісіне арналған алғашқы монографияларының
бірінде жоғары мектеп дидактикасының принциптеріне жатқызады: ғылымилық, теорияның
практикамен байланысы, ғылымның практикалық тәжірибемен байланысы, мамандарды
дайындаудағы жүйелілік пен бірізділік, саналылық, студенттердің оқудағы белсенділігі мен
өзбеттілігі, оқу жұмысындағы жеке ізденушілік пен ұжымдық жұмыстың бірлігі; оқытудағы
абстрактілі ойлаудың көрнекілікпен үйлесуі; ғылыми білімнің түсініктілігі; білімді
меңгерудің беріктілігі. Ғалым бұл оқыту қағидаларын орта мектеп қағидаларына
сәйкестендіріп қолданған. Ал
жоо-ның орта мектепке қарағанда өзіндік ерекшеліктері
бар: жоғары мектепте ғылым негіздері, ғылым және оның даму барысы оқылады;
студенттердің өз бетімен орындалатын жұмыстары оқытушылардың ғылыми-зерттеу
жұмысымен ұштасады; оқытушылардың қызметінде оқыту мен ғылымның байланысы анық
көрінеді; барлық пәндерді оқыту барысында мамандандыру идеясы нақты, мақсатты көрініс
табады. Оқыту принциптері жоғары мектеп оқытушысының оқыту үдерісіндегі негізгі
бағдары деуге болады. Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып жоғарғы оқу орнында
мынадай оқыту принциптері ұсынылып келеді: студенттердің ғылыми және оқу жұмысының
бірлігін қамтамасыз ету (И.И.Кобыляцкий); мамандыққа бағыттылық (А.В.Барабаншиков);
мамандықтағы ұтқырлық (мобильділік) (Ю.В.Киселев, В.А.Лисицын және т.б.);
проблемалылық (Т.В.Кудрявцев); оқу үдерісіндегі эмоционалдық және мажорлық
(Р.А.Низамов, Ф.И.Наумов).
Достарыңызбен бөлісу: |