Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет52/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді 
жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және 
(немесе) оған кіруге құқылы. 
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа 
білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. 
Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалға – адамның 
өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр 
етті. Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және 
өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру 
парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен 
бірге мықты негізділік (фундаменталдық) те шешуші рөлге ие. ЮНЕСКО-ның халықаралық 
симпозиумында 
қабылданған 
меморандумда 
бұл 
жайында 
былай 
делінген: 
«...Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі 
заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет 
нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына 
және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке 
өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс.
 
2.2 (7-дәріс). Педагогикалық ғылым жүйесіндегі дидактика. 
Жоспары: 
1. Дидактика педагогиканың бөлімі ретінде.
2. Дидактиканың категориялық аппараты.
3. Дидактиканың әдіснамалық негіздері және категориялары.
4. Жоғары мектептегі оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері.
 
Дидактика (грек тілінен аударғанда Didaktikas – зерттеу бойынша, didasko – зерттеуші) 
– балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті 
және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын
әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын 
педагогиканың құрамдас бөлігі.
Оқыту үдерісін қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, 
адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық 
прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған студент тұлғасына қойылатын 
талаптармен айқындалады. Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін 
заңдылықтарды зерттейді, оқыту үдерісінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын 
тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат, міндеттердің жүзеге асырылуын 
қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың 
негізінде ол екі басты қызмет атқарады: Теориялық (диагностикалық және прогностикалық); 
Практикалық (нормативтік құрал ретінде). Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, 
онымен тығыз байланыстағы басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану
мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме 
және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап 
отырады. Кез-келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан құбылыстың мәніне 
жақын белгілі-бір тобын білдіреді, екінші жағынан сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның 
дамуымен байланысты. 
Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады: 
- философиялық категория: «мән мен құбылыс», «байланыс», «жалпы және жалқы», 
«болмыс», «сана», «тәжірибе», т.б. 
- педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет», 
«педагогикалық ақиқат» және т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет