Халық статистикасы – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, яғни халық санын бір тұрақты қалыптында жыныс, жас, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, туған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.
Халық динамикасы – қозғалыс және халық санының өзгерушілігін зерттеу. Халық санының өзгерушілік себебі халықтың механикалық қозғалысы немесе халықтың табиғи өзгеруі болуы мүмкін.
Халық саны мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызды. Тұрғындар тығыздығы жалпы республика бойынша бір шаршы киллометрге 5,5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл қөрсеткіш бір шаршы киллометрге 140 адамды құрайды.
Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы 1-ші қаңтарда мемлекет тұрғындарының саны 15 394,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық тұрғындар - 8838,1 мтң (57,4%), ауыл тұрғындары – 6 556,5 мың адам (42,6%), ал 2008 жылы 1-ші қаңтарда - 15 565 647 адам, соның ішінде қалалық тұрғындар 8 230 319 (52,8%); ауыл тұрғындары 7 335 328 (47%).
2010 жылы 1-ші қаңтарда республика тұрғындарының жас құрамы былай құралды: жалпы халық санынан 15 жасқа дейінгі балалар 24% (24,2), 15 пен 65 жас аралығындағылар – 68,2% (68,0), 65 жас және жоғары жастағылар –7,8%. 2009 жылы 1-ші қаңтардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 0 ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,2%, 15-64 жас арасындағылар саны 1,5%, 65 жас және жоғары жастағылар саны 1,2% өсті.
Қазақстанда гендерлі ассиметрия - әйелдердің сандық басымшылығы орын алды. 1000 ер адамға 1078 әйел келеді. 2010 жылы 1-ші қаңтарда жалпы халық санынан ерлер саны 7407,8 (7324,8) мың адамды, немесе 48,1%, ал әйелдер саны 7986,8 (7894,5) мың, немесе 51,9% құрады. 15-64 жас аралығындағы әр 100 әйелдің өліміне осы жас тобындағы 246 ерлер өлімі келетіні бұл жағдайды ұлғайта түседі.
15-64 жас аралығындағы ерлер өмірінің қысқаруы стресске алып келетін заманауи әлеуметтік-экономикалық факторлардың бір қатар мәселелеріне байланысты.
Республикада 2010 жылы халықтың табиғи өзгеруі 157 891 адамды құрады. Халықтың табиғи өзгеруінің жалпы коэффициенті 2010 жылдың 1-ші қаңтарда 1000 тұрғынға 10,2 адамды құрады.
Мемлекетте 2001 жылы қаңтар-желтоқсанда өлім-жітім саны 158931 адамды құрады, соның ішінде, қалалық тұрғындар 92881 және 66050 ауыл тұрғындары. Бұл кезеңде 90760 ер және 68171 әйел, немесе 133 ер 100 әйелге қайтыс болды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,3 өлгендерді құрады.
2010 жылы қаңтар-желтоқсанда мемлекетте 1 жасқа дейінгі сәбилердің 4561 өлімі тіркелді, соның ішінде ер балалар - 2701 және қыздар - 1860. Сәби өлімінің коэффициенті 1000 тірі туылғанға шаққанда 14,5 өлімді құрады. Сәби арасындағы өлімнің негізгі себебі перинаталды кезеңде пайда болған күй-жағдайлар. Сол себептен 2010 жылы қаңтар-желтоқсанда 2169 сәби, немесе барлық сәби өлімінен 47,6% құрады.
Демографиялық жағдайды жақсарту ролі денсаулық сақтауға байланысты. Тұрғындар миграциясы 2010 жылы қаңтар-желтоқсанда 10878 адамды құрады, соның ішінде ТМД елдерімен - 2989. Республикаға келгендердің саны 53309 адамды, ал шыққандардың саны - 42431 адамды құрады.
Қазақстанға келгендердің арасындағы қазақтардың ара салмағы 78,2%, орыстардың - 12,5%, немістердің - 1,0% құрады. Қазақстан шекарасынан тыс шыққандар арасында орыстар 69,5%, немістер - 7,1%, қазақтар - 5,3% құрады.
Статистика көрсеткіштері бойынша 15 пен 29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстан тұрғындарының бүкіл санының 28% құрайды. Жастарға ересек қоғамның барлық мәселелері тән. Соның ішінде жұмыссыздық, жастар арасында ересектерге қарағанда 2 есе артық, ауыл жастарының қала жастарымен салыстырғанда кедейлік, жалпы құқықбұзушылық статистикасындағы жастар арасындағы қылмыстың өсуі.
Демографиялық сұрақтарды шешетін экономикалық ынталандыруды сипаттай отырып, Қазақстанда сәбилерге арналған тауарлар мен азық-түлік өндірісінің жоқтығын айта кеткен жөн. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі демографиялық мәселелерді шешуге бағытталмаған. Сонымен қатар, мемлекетте мектепке дейінгі дайындық мекемелерінң жетіспеушілігі орын алды. Бұл мәселе әйелдің, ананың еңбек потенциалын іске асыруына жол бермейді.Бүгінгі таңда тұрғындардың туу көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалуда. Бұл жағдайды кейбір зерттеушілер демографиялық кризисінен шығудың басы деп бағалайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда туу көрсеткіштері жоғарылауда, жыл сайын 300 мың сәби дүниеге келіп жатыр. Ал бірақ, жалпы тұрғындар саны, 1989 жылы өткен халық санағымен салыстарғанда, азайып отыр. Қазақстанға келіп қоныстанған жарты миллион иммигранттар демографиялық жағдайды жақсарта қойған жоқ. 1989 жылы өткен халық санағының көрсеткіштері бойынша Қазақстанның тұрғындар саны 16 199 154 кұрады, ал қазіргі таңда халық саны 15 565 647 құрайды.
Демографиялық жағдайды жақсартуға арналған жұмысты бірнеше бағытта жүргізу керек:
-жанұя, әсіресе көп балалы жанұя статусын жоғарлату;
-көп балалы жанұя пәтер немесе жер берілу құқығын заңды түрде орнату;
-үш-төрт балалы жанұя, жанұялы өмір салтына халықты тұрақты түрде ынталандыру;
-жанұялы өмір салты әлеуметтік қалыпты жағдай ретінде болуы тиіс;
-заңды түрде ата-аналық еңбекті мамандырылған еңбекпен теңестіру және сол үшін «жанұялық айлықты» енгізу, яғни балаларды бағып отырған әйелге жанұядағы балалар санына байланысты минималды айлық төлеу;
-демографиялық мониторингті, әсіресе екінші және үшінші туылған балалар бойынша тұрақты түрде жүргізіп отыру;
-балалары жоқ жанұялық жұптардың емделуін мемлекеттік деңгейде қаржыландыру;
-шетелдердің тәжірибесіне негізделе отырып сәбилер туылуын қаржылай ынталандыру;
-фертильді жарсағы әйелдердің емделуінің ақысыз жүйесіне үлкен көңіл бөлу.
Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халқына жолдауында Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсетті. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.
Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс – деп насихаттаған болатын . Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады.
Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр. Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді.
Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42,5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған. Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқарсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жатары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді.
Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т.б ) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозқалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу тапсырысының өсуі және басқада нарықтық қоғамда жарамсыз әрекеттер қосылды. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. Қалалар көпшілігінде алуан этносты болып келсе, ауылда бір этносты басым болып келеді. Егер, ауылды жерде дәстүрлі ұлттық мәдениеттің белгілері басым болса, ал қалада сан алуан этностардың түрлі мәдениетінің нышандарын кездестіруге болады. Қалада жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және сол сияқты сан қилы мәдениетті құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал ауылды жерде бұл мүмкіншіліктер шектеулі. Қай заманда, қай қоғамда да тарихи дауылдардың, төңкерістер мен сілкіністердің ауыртпалығын ауыл тартты.
Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың – өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі. Осы ауыл мен қалаға қатысты негізгі мәселе қоғамымыздағы урбанизация процесі. Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан қоғамының дамуында урбанизация құбылысына үлкен мән беру керек. Урбандалудың қазіргі әсерінен елімізде үлкен – үлкен қалалық агломерация пайда бола бастады, ал кейбір ауылдар халықтан босап қалды. Бұл мәселеге мемлекетте араласып, реттеу тетіктерін іске қосқаны жөн болар еді. Қазақстан жері кең байтақ, ал онымен салыстыра қарағанда халқының саны аз. Мұның өзі халықтың қайта қоныстану үлгілерін жоспарлауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың өзара байланысын жан-жақты зерттеу орынды. Әсіресе стихиялы түрде жүріп жатқан осы процесске мәдени-әлеуметтік, әлеуметтік-философиялық тұрғыдан талдау жасау алда тұрған маңызды шаралардың бірі.Қазақ қанша қалалық мәдениетті бойына сіңіргенімен оны өзінің менталитетіне сәйкестендіріп қабылдауы қажет. Ал дәстүрлі мәдениет ошағы – ауыл.
Достарыңызбен бөлісу: |