Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Халықаралық қатынастар деп -



бет32/34
Дата14.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#495572
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
?ëåóìåòò³ê-ãóìàíèòàðëû? ï?íäåð êàôåäðàñû

2. Халықаралық қатынастар деп - халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлейметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, олардың іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Қазіргі әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады, бірақ, халықаралық қатынастарды негізгі рөлді мемлекет атқарады, себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім шарттар жасау, соғыс ашу т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
3. Сыртқы саясат жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс әрекеті жатады Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.
Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және т.б. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына әсер ететін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа ағартушысы- Ш.Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады.
Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым – қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой пікірлері болады. Бұл көзқарасты сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет