Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.), «Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.), «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Саясаттану оқулықтарында саяси жаңғыртудың түрлерін атап көрсетіледі, олар:
1. классикалық спонтанды үлгі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының жүйелі жаңғыруы негізінде қазіргі қоғамның басты құрылымдарының пайда болуы;
2. жаңғыртудың кешіккен және негізгі емес үлгісі, (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) жаңғыртудың кейбір алғышарттарының (нарықтық қатынас, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, өзгерістер синхронды емес, авторитарлы сипатқа негізделінеді;
3. кешігу жаңғырту үлгісінде (Испания, Португалия) бірінші саясат екінші экономика деген қағида ұсталынады. Дамыған қоғамға өту саяси мәселелерді шешуден, мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекеттік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Ал, экономикалық жаңғырту кейінге қалдырылып, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта келеді.
Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді деп атап көрсетілген болатын, олар:
· мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау;
· әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау;
· қоғамдық сананы қайта өзгерту.
Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз. Қазақстан - 2050 Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді, олар мыналар:
1. қуатты да табысты мемлекет;
2. демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі;
3. түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы;
4. ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;
5. қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен әлеуметтік саясат;
6. әлемдік қауымдастық таныған ел;
7. ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру міндеті ұсынылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар:
1. мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;
2. басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу,
3. кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
4. мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл
жүйесін құру;
5. мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;
6. мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс;
7. құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру [2].
Достарыңызбен бөлісу: |