Әлеуметтік жұмыстың принциптері Жоспар


Принциптердің үшінші тобының маңыздылығы -



бет3/3
Дата15.10.2022
өлшемі26.53 Kb.
#462734
1   2   3
Әлеуметтік жұмыстың принциптері

Принциптердің үшінші тобының маңыздылығы - әлеуметтік құқықтарды қорғау және әлеуметтік ресурстарды максимизациялау - әлеуметтік қызметтегі қоғамдық және мемлекеттік ресурстар, бұл ресурстардың берілу тәртібінің ролімен түсіндіріледі.
1. Әлеуметтік құқық әрбір азамат үшін қажет. Қиын жағдайдағы адамдар қосымша құқыларына байланысты ресурстарды пайдаланады. Бірақ, мемлекеттің, әлеуметтік қызметтің мүмкіндіктері шектеулі , сондықтан мемлекеттік емес және формальды емес институттардың көмегі қажет.
2. Әлеуметтік ресурстарды максимизациялауда әлеуметтік қызметкер клиенттің құқыларын сақтауға жауапкершілігімен қатар, керек кезде оның құқыларын кеңейтуге, қосымша ресурстар беруге міндетті. Мысалы, ребилитация, ресурстарды тікелей беру т.б.
1. Реабилитация механизмі – бұл толықтай не шағын бөліктері жоғалған ресурстарды қалпына келтіру. Ең белгілілері медициналық, кәсіби, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық реабилитация. Психологиялық реабилитация ішкі кризисті басынан кешірген адамдарға (жақындарынан айырылғандар, өзінің жазылмайтын ауруын білгендер, жұмысынан айырылғандар,суицидке дайын адамдар, басқа да стрессогенді жағдайдағылар) бағытталады.
2. Сыртқы ауыстыру механизмі жоқ ресурсты ауыстыруды білдіреді. Мысалы, ата-анасынан айырылған жетім балаларды тәрбиелеудің түрлі формалары (асырап алу, күту, т.б.).
3. Ішкі ресурстарды өсіру механизмінің реабилитациядан айырмашылығы қазіргі уақытта ресурстары жасына сәйкес, оны қалпына келтіріп керек емес ресурстарға ықпалды білдіреді (әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру, белсенді өмірлік позиция).
4. Ресурстарды тікелей беру механизмі әлеуметтік қамтамасыз етудің барлық формалараында әрекетті (зейнетақы, жеңілдіктер) және клиенттерге заң, медициналық, психологиялық сұрақтар бойынша ақпарат беруде (кеңес беру).
5. Ресурстарды резервтеу механизмі ең бірінші қаржылық құралдарды жинақтау және әлеуметтік сақтауда көрінеді (зейнетақылық қамтамасыз етудегі сақтау практикасының дамуы, денсаулықты сақтандыру т.б.).

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Тұмашбай Т.Е Амантаев А.О «Әлеуметтік жұмыс» 2007ж №42(2)

  2. «Қазақстан – 2030» Президенттің даму стратегиясы

  3. Сәрсенова Ж.Н «Әлеуметтік жұмыс» 19 бет .

  4. Тасмагамбетов И.Н. «Социальная политика и политическая трансформация». Алматы 1997ж.

  5. Волгин Н.А. «Социалная политика»2004ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет