Әлеуметтік жұмыстың принциптері Жоспар



бет2/3
Дата15.10.2022
өлшемі26.53 Kb.
#462734
1   2   3
Әлеуметтік жұмыстың принциптері

1. Клиентоцентризм принципі адамға оның әрекеттері, өмір сүру салты жалпы моральдық нормаларға сәйкес келдмесе де өзіндік таңдау жасауға құқық беруге негізделген. Клиентоцентризм принципі әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін шектейді, өйткені клиент азамат ретінде әлеуметтік қызметтен бас тарту құқығына ие.
2. Клиенттің өзіндік күшіне сүйену принципі. Бұл принципті жүзеге асыру клиенттің ортаның жағымсыз ықпалдарына қабілетін арттырумен байланысты.
3. Конфиденциалдық принципі клиенттің жеке өмірдің субьектісі екендігіне байланысты. Түрлі қиын мәселелер кең тарағанды қаламайды. Түрлі ақпараттарды таратпау әлеуметтік қызметкерден құжаттармен жұмыс істеуде жауапкершілікті, қарым-қатынаста өзін бақылауды талапетеді.
4. Универсалдылық принципі клиенттің жынысы, діні, ұлты, саяси көзқарастары т.б. сыйластықпен қарауды талап етеді.
5. Толеранттылық принципі әлеуметтік қызмет маманын клиент жағынан болатын агрессия, провокацияға шыдамдықпен қарауды талап етеді. Мысалы, дау-жанжалға бармау, қайырымдылық, біріккен іс-әрекетке ұмтылыс т.б.
Принциптердің екінші тобы – профилактикалық бағыттылық, әлеуметтік реакция, араласуға әрекеттілігін тексеру –алдыңғымен салыстырғанда басқаша. Олар ерекше көмекпен байланысты.
1. Профилактикалық бағыттылық – жеке проблеманың дамуының түрлі кезеңдерінде қоғамдық ресурстарды шығарудың айырмашылықтарымен шартталған. Неғұрлым себептерді ерте тапса, соғұрлым мемлекеттік құралдар және мамандардың күштері қиындықты жеңуге аз күш жұмсайды.
2. Әлеуметтік жұмыстағы тікелеу реакция көмекті оптимизациялауға жағдай жасайды. Бірақ, кейде қиын жағдайдағы адамға бірден көмек көрсету оның өміріне, денсаулығына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Бірден реакцияны қажет ететін жағдайларға кәрілік шақтағы өзіне қызмет көрсетуден айырылу, балаларға деген күш көрсету, қорқыту т.б. жатады.
3. Араласу әрекетін тексеру кәсіби көмек басқа да әлеуметтік аурулардың пайда болмауына кепілдік бере алмауымен байланысты. Сондықтан әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қызметтен, төлемнен бас тартқан клиентті үнемі назарында ұстауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет