Әлеуметтік көмекті көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы


Отбасының белсенділігін арттырудың



бет3/3
Дата09.06.2016
өлшемі265.5 Kb.
#124411
1   2   3

Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшарты

__________________ № ____ 20__ жылғы "___" _____________


  жасалған орны)

      Бұдан әрі "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деп аталатын _____________________________________________ атына


                        (уәкілетті органның атауы)

__________________________________________________________


            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
             уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)

__________________________________________________________

бір тараптан және бұдан әрі "үміткер" деп аталатын келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алуына үміткер отбасы атынан азамат

__________________________________________________________,


        (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
        жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
       жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы,
              нөмірі, кім және қашан берді)

__________________________________________________________

мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуына отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:

1. Келісімшарт мәні

      1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

2. Келісімшарт тараптарының міндеттері

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) үміткерге және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының __________________ мүшесіне:

_________________________________________________________

_________________________________________________________

_________________________________________________________

_________________________________________________________
              (отбасы мүшелерінің тегі, аты,
                әкесінің аты (болған кезде)

__________________ _______________ бастап _____ дейінгі кезеңге ай

сайын ____________________ (____________________________) теңге
                                    (сомасы жазбаша)

мөлшерінде және (немесе) бір жолғы _______ (____________)


                                          (сомасы жазбаша)

теңге мөлшерінде _______________________________________


          (жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын,
                құсын сатып алу және т.б.), жеке
                кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру)

әлеуметтік көмекті төлейді;


      2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі - Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
      3) отбасының (тұлғаның) өзін-өзі қамтамасыз етуге шығуына жәрдемдеседі және келісімшарттың іске асу мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
      5) үміткердің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша (өзі немесе ассистенттерді тарта отырып) келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
      3. Үміткер және (немесе) оның отбасы мүшелері:
      1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) талаптарын орындайды;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы және (немесе) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
      4) скринингтік тексеруден өтуі, әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда емделуі тиіс, сондай-ақ жүктілігі кезінде уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;
      5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
      7) келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады;
      8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасайды, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынады.

3. Тараптардың құқықтары

      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) отбасының (тұлғаның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
      2) отбасының (тұлғаның) материалдық жағдайын тексереді;
      3) алынған ақпаратты келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
      4) егер отбасы (тұлға) жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатады;
      5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
      5.Үміткер:
      1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
      2) келісімшарттың уақытында және тиісінше орындалуын талап етеді;
      3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті қайта есептеуді талап етеді;
      4) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.

4. Келісімшарттың талаптарын


орындамағаны үшін тараптардың
жауапкершілігі

      6. Үміткер және (немесе) оның отбасы мүшелері келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.


      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (тұлғаға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Күтпеген жағдайлар

      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
      13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Өзге де талаптар

      14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20____ жыл қоса қолданылады.
      16. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (тұлға) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығымен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
      17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

7. Тараптардың мекенжайлары


мен деректемелері

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Үміткер

___________________________________
  (уәкілетті органның толық атауы)

___________________________________


             (мекенжайы)

___________________________________


           (телефон, факс)

___________________________________


   (уәкілетті өкілдің тегі, аты,
    әкесінің аты (болған кезде)

___________________


        (қолы)

Мөрдің орны



___________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (болған
                кезде)

___________________________________


               (мекенжайы)

___________________________________


             (телефон, факс)

___________________________________

__________________
       (қолы)


Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,


оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтарының 
жекелеген санаттарының  
тiзбесiн айқындаудың  
қағидаларына 6-қосымша 

Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшартына қосымша

___ _________ 20__ жылғы № ____

__________________ № ___/ ___ «_____»_____________20 __ж. (жасалған орны)

Бұдан әрі "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деп аталатын _____________________________________________ атына
                        (уәкілетті органның атауы)

__________________________________________________________


            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
             уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)

__________________________________________________________

бір тараптан және бұдан әрі "үміткер" деп аталатын келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алуына үміткер отбасы атынан азамат

__________________________________________________________,


        (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
        жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
       жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы,
              нөмірі, кім және қашан берді)

__________________________________________________________

мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуына отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:
1.  ____________________________________________________ байланысты

(қосымша келісім шартты жасаған себебі )

Отбасылық белсендіру әлеуметті келісім шарттың 2 тармағы 1) тармақшасы ___ __________20__жылғы № ___ мынадай мазмында тиіс:

«1.1. Қатысушыға және (немесе) оның отбасы мүшелеріне __________________ еңбекке жарамды отбасы мүшелері мемлекеттік жұмыспен қамту шараларында қатысқан жағдайда туындаған ақшалай көмекті төлеу:

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

(отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),)

Айсайын ___________ (___________________________) теңге мөлшерінде

(сомасы сөзбен)

________________________бастап _____________________ дейінгі кезеңге және (немесе) біржолғы мөлшерінде ___________ (___________________________)

(сомасы сөзбен)

теңге _________________________________________________________;

(күн көріс шаруашылығын дамуту (үй малын, құсты және басқаларын сатып алу ), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру )


2. Бұл келісім _____________ ____ жылға дейін жарамды.Отбасын активтендіру әлеуметтік келісім шарттың қолдану мерзімі ___ __________20__жылғы № ___ бастап осы келісімнің қолдану мерзіміне дейін ұзартылады.

3. Бұл келісім екі данада, бірдей заңды күші бар, екі тарапқа біреуден құрастырылған.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Үміткер

___________________________________
  (уәкілетті органның толық атауы)


___________________________________
             (мекенжайы)


___________________________________
           (телефон, факс)


___________________________________
   (уәкілетті өкілдің тегі, аты,
    әкесінің аты (болған кезде)


___________________
        (қолы)


Мөрдің орны





___________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (болған
                кезде)


___________________________________
               (мекенжайы)


___________________________________
             (телефон, факс)


___________________________________

__________________
       (қолы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет