I БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
- ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ педагогтарды даярлау мәселесінің ғылыми еңбектерде қарастырылу жайы
Бүгінде тәуелсіз еліміз - ұлттық білім берудің өзіндік жүйесі мен үлгісі және сапасын қамтамасыз ететін заманауи үдерістерді, технологияларды ескере отырып, болашақтағы даму мүмкіндіктерін айқындауда. Қазақстанның егемен мемелекет ретінде, Лиссабон декларациясына қол қоюы мен Болон үдерісіне қатысуы және т.б. әлемдік білім беру кеңістігіндегі өзіндік орнын көрсетеді. Бұл жағдай жоғары білім берудегі сапа мен технологиялық жетістіктерді анықтайтын мемлекетіміздің әлеуметтік-мәдени қызығушылықтары мен білімденудің жаһандық үдерістерін ескере отырып, жоғары білім беру жүйесін қарқынды дамытуды жолға қоюда.
Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде еңбекке, іс- әрекеттің алуан түрлеріне адамның даяр болу феномені туралы теориялық және практикалық материалдар жинақталған. Оларда «дайындық» ұғымы тұжырымдалып, оның мазмұны, құрылымы, негізгі параметрлері анықталып және көрініс беруінің динамикасы, ұзақтығы мен тұрақтылығына әсер ететін шарттары айқындалды. Жалпы кәсіби іс-әрекетке даярлық іс-әрекетті тудыратын тұлғаның белсенді күйі ретінде қарастырылады; іс-әрекеттің салдары; кәсіби жағдаяттарға бағдарды анықтайтын сапа ретінде; мақсатқа бағытталған іс- әрекеттің алғы шарты ретінде сипатталады.
Осы орайда, жоғары педагогикалық оқу орны түлектерінің тек кәсіби құзіреттіліктерді ғана игеріп қоймай, сонымен қатар бәсекеге қабілетті болуы, яғни бақталастық жағдайында меңгерген теориялық білімдері мен білік, дағыларын жүзеге асыра алуға даяр болуы аса маңызды. Бұл ретте, «дайындық»,
«даярлық», «даяр болу», ұғымдарының мәнін ашу қажеттілігі туындайды.
Сөздіктерде «дайындық» сөзі әр түрлі мағынада беріледі: «жағдай», «бір нәрсеге дайындық»; «бір нәрсеге бел буу»; «бір нәрсені пайдалануға жарамды күйге әкелу»; «бір нәрсе жасауға қадам жасау» [8], т.с.с.
Жоғары өнімділік дәрежедегі іс-әрекетке «дайындық» немесе «даяр болу» ұғымын Б.Г. Ананьев «қабілеттердің көрініс беруі» деп [9], В.А.Крутецкий «іс- әрекетке дайындықты» тұлға қасиеттерінің синтезі деп таниды [10]. Профессор С.И.Архангельскийдің пікірінше, педагогтың ұстаздық әрекетке «даяр» болуы оның өз пәнін шебер жүргізе алуында, оқу ақпаратын ұғынықты жеткізе білуінде, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оята алуында, өзінің еңбекқорлығы, табандылығы, педагогикалық мәселелерді шешудегі дербестігінде көрінеді [11]. Айтылған пікірлерде педагогтың кәсіби әрекетке дайындығын көрсететін негізгі сапалар айқындалған деп санаймыз және олардың біздің жұмысымыз үшін маңызы жоғары.
Тұлғаның кәсіби іс-әрекетке даяр болуы оның кәсіппен айналысуға деген дайындығының саналы түрде ұғына бермейтін күйі, ол арқылы тұлға өзінің
қажеттілігін қанағаттандыратын бағдары да болып табылады. Бұл дегеніміз, тұлғаның кәсіби іс-әрекетке дайындығы оның сол мамандыққа бағыттылығына да тікелей тәуелді екендігін білдіреді. Атап өтсек, И.А.Кучерявенко дайындықты мүмкіндіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалдық және ерік-жігерлік қасиеттердің жиынтығы арқылы оның жалпы психо-физиологиялық күйі ретінде; белгі бір әрекеттерді орындауға бағдарланған тұлғаның бағыттылығы деп біледі [12]. Бұған қатысты, кәсіби әрекетке даяр болудың психологиялық астарларын автор жеткілікті көрсете алған. Көрсетілген қасиеттер жиынтығы бойында қалыптаспаған педагог өз жұмысын табысты орындай алмайды деген пікірімізді де қосамыз.
Кәсіби іс-әрекетке дайындық мәселесін іс-әрекеттік тұрғыдан Л.А.Кандыбович тұлғаның барлық жақтарының көрініс беруіндегі оның біртұтастылығы деп есептейді [13]. А.А.Деркач кәсіби іс-әрекетке тұлғаның дайындығын зерттеу барысында оны маман тұлғасының барлық жақтарының біртұтас көрініс беруі ретінде қарастырып, оған танымдық, мотивациялық және эмоционалдық компоненттерді кіріктірген. Ғалым дайындықтың құрылымындағы мотивациялық-құндылықтықты негізгі компонент ретінде анықтайды [14]. Екі ғалым да педагогикалық әрекетке даяр болуды жеке тұлғалық сапалардың біртұтастығымен байланыстыруы көңілге қонымды. Біздің жұмысымызда да бұл басты орында болады.
О.В.Юдин өзіне дейінгі жазылған еңбектерді талдай келе «даяр болу» категориясына: - құндылық тетік ретінде ішкі сенімділікті;
|