Әлеуметтік серіктестік



бет43/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
бәскеге (1)

81 ЭТ топ

80 БТ тобы

Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін өлшеу үшін таңдап алынған диагностикалық әдістемелерді 6-кестеде және қосымшаларда – көрсетеміз.


Кесте-6. Бәсекеге қабілеттіліктің деңгейін айқындайтын әдістемелер.





Бәсекеге қабілеттілік
деңгейінің өлшемдері

Диагностикалық әдістемелер

1

Болашақ педагогтың кәсіби қызметке қызығушылығы

Н.П. Фeтискиннің «Кәсiби-пeдaгогикaлық мотивaцияны өзiндiк бaғaлaу» әдiстeмeсi

2

Рухани адамгершілік қасиеті

В.И.Андреевтің студенттердің рухани-адамгершілік
деңгейін анықтау сауалнамасы

3

Инновациялық белсенділік

Е.Е. Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық
диагностикасы»

4

Кәсіби ұтқырлық

А.Г. Зверьков, Е.В. Эйдманның ерікті өзін өзі бақылау
тесті

5

Рефлексияға қабілеттілік

М.Гранттың «Рефлексияға бағыттылықтың пен көріну
деңгейі» әдістемесі

Бұл әдістемелерден алынатын нәтижелер ұсынылған модельдің компоненттеріне сәйкес іріктелді. Атап айтсақ, мотивациялық компонент Н.П.Фeтискиннің «Кәсiби-пeдaгогикaлық мотивaцияны өзiндiк бaғaлaу» [209] және В.И.Андреевтің «Студенттердің рухани-адамгершілік деңгейін анықтау»


[210] сауалнамасы бойынша анықталады. Екінші сауалнаманың мотивациялық компонентке жатқызылу себебі, біздің ойымызша тек рухы биік, адамгершілігі жоғары студенттің (педагогтың) алдыңғы қатарда болуға, басқалармен таза бәсекелесте болуға, соған орай кәсіби қызметті табысты атқаруға деген мотиві жоғары болады. Іс әрекеттік компонент көрсеткіші Е.Е. Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық диагностикасы» [211] айқындайтын болса. кәсіби ұтқырлық компонентін А.Г. Зверьков, Е.В. Эйдманның «Ерікті өзін өзі бақылау»
[212] тесті, ал рефлексивтік компонентті М.Гранттың «Рефлексияға бағыттылық пен көріну деңгейі» [213] әдістемесі арқылы қорытындылау мүмкін болады деп шешілді.
Алғашқы айқындаушы экспериментінің мақсаты – болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің алғашқы мәліметтеріне сүйене отырып, әрі қарай дамытудың тетіктерін анықтау, сонымен бірге, болашақ педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін әлеуметтік серіктестік негізінде дамыту моделінің: мотивациялық, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттері бойынша зерттеліп отырған сапаның деңгейлерін (жоғары, орта, төмен) айқындау болып табылады. Диагностика жүргізуге таңдап алынған әдістемелерді іріктеуде: әдіснамалық ұстанымға сәйкестігі, әдістемелердің нақтылығы мен түсініктілігі, өңдеуге ыңғайлылығы және өзара бірін-бірі толықтыратындығы алынған нәтижелердің шынайы және нақты болуына айтарлықтай септігін тигізді деуге болады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың алғашқы айқындаушы эксперимент кезеңі В.И.Андреевтің «Бәсекеге қабілеттілік деңгейіңіз қандай?» [214] сауалнамасын бейімдей пайдалану негізінде жүргізілді (Қосымша Ә). Сауалнамаға қатысушылар берілген сұрақтардың: «Ия», «Жоқ», «Жауап беруге қиналамын», жауаптарының біреуін ғана белгілеуі керек. Сауалнаманың сұрақтарына талдау жасай келе, бәсекеге қабілеттілік коммпоненттерін анықтауда, біз түрлі кәсіби дайындықтағы ЖОО болашақ педагогтардың зерттеліп отырған сапаларының
деңгейлерін объективті өлшеуге мүмкіндігіміз болатынына көз жеткіздік [215]. Алынған нәтижеде жоғары деңгейді- 15% көрсетсе; орташа деңгей - 24%; төменгі деңгейді – 61% көрсетті. Әрине, бұл жерде студенттердің өзіндік дағдыларының артық та кем де болу мүмкіндігін есепке алдық, дей тұрғанмен
«жоғары» деңгей жеткіліксіз екендігі 6-суретте айқын көрініп тұр.

Сурет -6. Экспериментке қатысқан болашақ педагогтардан «Бәсекеге қабілеттілік деңгейіңіз қандай?» сауалнамасын жүргізудегі салыстырмалы


пайыздық көрсеткіштері (%)

Суреттен байқайтынымыз, экспериментке қатысатын болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің шама мөлшері төмендеу екенін аңғаруға болады. Болашақ педагогтардың басым бөлігінде бәсекеге қабілеттілікті сезінуінің көрінісін пайымдауға болады.


Ал, педагогтың бәсекеге қабілетті болуының басты қозғаушы күші оның осы мамандыққа деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі. Сондықтан студенттердің осы сапасының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында Н.П.Фeтискиннің «Кәсiби-пeдaгогикaлық мотивaцияны өзiндiк бaғaлaу» әдiстeмeсi таңдалып алынды. (Қосымша Б) Төмeндeгі 7-суретте бaқылay тoбының кәсiби пeдaгoгикaлық мoтивaциясының көpсeткiштepiнiң мәнi көpсeтiлгeн.

15.6

35.4 49

17 25.6

.6

56.8

22.4

31.5

46.1

13.2

30.3

56.5

12.3

28.2

59.5

13.8

29.7

56.5

15.2

34.4

50.4

24.9

1

8.4

56.7

21.7

22.5

55.8

13.2

30.3

56.5

12.3

28.2

59.5

13.8

29.9

56.3


Сурет-7. Н.П. Фeтискиннің «Кәсiби-пeдaгогикaлық мотивaцияны өзiндiк бaғaлaу» әдiстeмeсiнің бастапқы нәтижесі

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, бақылау тобының жоғары деңгейі мотивациялық көрсеткіштердің 12,3%-дан 22,5%-ға дейінгі деңгейлерді көрсеткішінен болашақ педагогтарға жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажеттілігінің бар екені аңғарылады. Бұдан соң бәсекеге қабілетті педагогтың өзіміз ұсынған модельдегі көрсеткіштерінің таңдаған әдістер жүйесі арқылы алғашқы деңгейлерін анықтау жұмысы жүргізілді.



Сурет -8. Болашақ педагогтардың рухани-адамгершілік тұлғaлық типтepiнiң бөлiнyi (%)


Болашақ педагогтардың рухани-адамгершілік қасиетінің деңгейі В.И.Андреев ұсынған сауалнама бойынша анықталды (Қосымша В). Сауалнама нәтижесінде тұлғa типтepiнiң бөлiнyiнің орта мәні кeлeсi 8-суреттегі нәтижeні көpсeттi.
Тұлғa типтepiнiң рухани–адамгершілік сапаларыны әpқaйсысы кeлeсiдeй epeкшeлiктepмeн: мiнeз-құлық жәнe aқыл-oй, бeлгiлi бip iс-әpeкeткe қaбiлeттepiнiң бeйiмдiлiгiнe, жүрек қaлayлapынa, қызығyшылықтapынa, кәсiби және т.б. мүмкiндiктepiнe бaйлaнысты сипaттaлды. Eгep болашақ педагог өз тұлғaлық типiнe сәйкeс кeлeтiн мaмaндықты тaңдaсa, oл өз жұмысынa қaнaғaттaнып, aйтapлықтaй жeтiстiккe жeтe aлyы мүмкiн. Жoғapыдaғы сypeткe сәйкeс бaқылay тoбындaғы жәнe экспepимeнттiк тoптapдaғы болашақ педагогтардың бaсым көпшiлiгi оптимист типіне жaтқанын байқаймыз.
Сонымен қатар, Е.Е.Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық диагностикасы» әдістемесін. (қосымша Г) модификацияланған түрі болашақ педагогтардың инновацияға дайындығының деңгейін айқындау үшін пайдаланылды Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі сапалық көрсеткіші ретін біз
«инновацияға қызығушылық», «педагогикалық технологияларды білуі, қолдана алуы», «шығармашылық әлеует» сияқты көрсеткіштерді алдық. Диагностика нәтижесі, студенттердің үш категория бойынша да жоғары деңгей 10 мен 20 пайыз аралығында, ал төменгі деңгей 38 бен 55 аралығындағы пайызды көрсетті. Байқағанымыз, студенттер жаңа іспен айналысқанды ұнататындары, педагогикалық технологиялар жайлы жалпы хабардар болғанымен практикалық тұрғыда қолдануға берген өзіндік бағалары төмендеу, шығармашылық ойлауының әлі де қалыптаспағандығы. Педагогикалық практикаға барып қайтқан 3 курс студенттері үшін бұл жеткілікті нәтиже дей алмаймыз. Бұл осы бағытта арнайы жұмыстардың жүргізілу қажеттілігін тудырады.

20.5

38.4
41.1

16.6

45.3
38.1

11.2

32.6

56.2

18.7

38.6
42.7

13.2

46.8

40

26.6
36.9
36.5
9-Суретте алынған диагностикалық жұмыстың графикалық бейнесі келтіріледі.

Сурет -9. Е.Е.Туниктің “Жеке тұлғаның шығармашылылығын диагностикалау» тестінің модификацияланған түрінің диаграммасы


Суреттен болашақ педагогтардың бақылау тобында жоғары деңгей - үш сапалық көрсеткіштен: 11,2% дан 20,5% аралықта, ал, эксперименттік топта 13,2% ден 26,6% ды көрсетіп, сапа көрсеткіштерінің өзара шамалас екенін көруге болады. Бұдан болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілін дамытудағы технологияларды меңгере отырып, инновациялық қызығушылықтарына түрткі болатын ресурстық орталық жұмысын жүйеледік.
Бұл болашақ педагогтың кәсіби ұтқырлығы оның ерік жігерімен және оны өзінің бақылай, басқара алушылығымен байланысты. Сондықтан бәсекеге қабілетті болашақ педагогтың негізгі сипаттамасының бірі ретіндегі бұл сапаны анықтау үшін А.Г. Зверьков, Е.В. Эйдманның ерікті өзін өзі бақылау тесті қолданылды. (Қосымша Ғ) 30 сұрақтан тұратын бұл сынақта «табандылық»,

38.5

55.8

40.2

55.1

37.7

56.2

39.7

55.4
«сенімділік» шкалалары бойынша 10-суретте нәтижелер анықталды.

5.7

4.7

6.1

4.7
Сурет - 10. А.Г. Зверьков, Е.В. Эйдманның ерікті өзін-өзі бақылау тесті бойынша алынған алғашқы нәтижелер диаграммасы

Тестен алынған нәтижелер бойынша, бақылау тобы мен эксперименттік топтарының табандылық және сенімділік шкалаларының жоғары, орта, төмен көрсеткіштері өзара айырмашылықтарының аз екенін көрсетті. Бұдан сыналушы болашақ педагогтардың өз мамандықтарына деген көзқарасына айтарлықтай сенім мен оған деген ниет-ықыласының селқостығын айтуға болады.


Келесі бәсекеге қабілетті педагогты сипаттайтын тағы бір қыры оның рефлексияға қабілеттілігі болса, оны диагностикалау үшін М.Гранттың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет