Бір сөзбен айтқанда, осы оқиға Ташкенттегі ұйымның тарқап кетуіне себепкер болды. Алайда оған дейін де ұйымның аты өшіп тынған болатын. Жаһанша Досмұхамедов пен Халел Досмұхамедов екеуі 25-жылы қараша айында менің әйелім қайтыс болғанда көңіл айтуға келгенде татуласты.
Бір түсініксіздігі, тергеуші кәсіби заңгермен бетпе-бет келе отырып, Ж.Досмұхамедовке мүлдем қатысы жоқ Д.Әділевтің қылмысты ісін қалай «қиыстыра» қосақтаған? Жерге орналастыруға, телім бөлуге, «Алқа» үйірмесіне қатысты өзге көрсетінділерде де Ж.Досмұхамедовтің аты аталмайды. Қалайда «сауатты" айып тағып, түрмеге қамауды мақсат етсе керек. Ал «қылмыскер» адам айыптау қорытындысымен келісе ме, жоқ па, оларға бәрібір еді.
Бірақ олардың қандай шешім қабылдайтыны белгісіз еді. Әсіресе, миллион сомдаған қаржы қызылдардың да көзін қызартқаны, оны қалайда алып қалуға тырысқаны кеңес мүшелері:
Бірде 20-жылы Рысқұлов мені өзіне шақырды (менің қасымда тағы біреу болды), істің жағдайынан мағлұмдар етіп, қандай саясат қолдану керектігін сұрады. Оның бұл сөзінің астары мынадай: Орта Азия халықтары бірігуі керек...Жеке-жеке күйінде олар өмір сүре алмайды. Өзінің стратегиялық орналасуы жағынан Қырғызстанға қиынға соғады, сондықтан бұған ерекше назар аудару қажет. Ұсақ ұлтшылдықты доғару қажет. Бұл халықтардың өркендеуі тек кеңес өкіметі жағдайында ғана мүмкін. Кеңес өкіметінен бөлініп кетуді немесе оны құлатуды көз алдыма елестете да алмаймын. Менің жақтастарым отаршылдықпен күресетін болады, шет жұрттың мүддесін Москва үнемі ескере бермейді. Кейде керісінше түсініп қалады. Сондықтан да Москваның назарын аудару үшін халықтың қарсылық қозғалысы аса қажет. Бұл бағытта «Алашорда» тобы белсенді түрде іске кірісуі тиіс», – деді. Мен бұл мәселені Жаһанша Досмұхамедовке айтып едім, ол: «Пысық бала екен, біреудің қолымен от көсемек. Бұдан мансаптың иісі шығып тұр», – деді. Бұл мәселе жөнінде екеуара әңгіме қайталанған жоқ. Сөз арасында Рысқұлов маған: «Менің мақұлдауыммен Жанұзақов басмашыларға қосылып кетті. Ол өте жігерлі адам екен, қырғыздар мен өзбектерді татуластырды, Әндіжан өлкесіндегі басмашылардың басын қосты», – деді.
Воронеждік тергеушінің мәліметіне қарағанда алаш азаматтарының үстінен қозғалған қылмысты істің мазмұны мүлдем өзгеріп, Ж.Досмұхамедов „басмашылардың бастығымен байланыс жасап”, „бандының бастығы Әділевтің өзін” қолдаған болып шыға келген. Ал тергеу істерінде Ж.Досмұхамедовтің жауаптарында Д.Әділевпен мүлдем қатысы жоқтығы көрсетілген.
Г.Дулатова: «Мұхтар ақ сары жүзді, қыр мұрынды, көзіне пенсіне салатын, ұзын бойлы, келбетті кісі болатын. Мұхтар жоғары мәдениетті, жан-жақты білімді, адамгершілігі өзге жұрттан бөлек биік тұратын, мінезі тік, турашыл-тын. Мұхтар айтқан сөзінен таймайтын, ұстанған пікірінен қайтпайтын. Қайсар. Біреуді күндеп, не зәбір көрсетуден бойын аулақ ұстайтын. Барынша адал, шыныдай кіршіксіз таза, жолдастарына айнымас дос, әділеттік туын жоғары ұстаған принципті кісі болатын. Ол өзіне биік талап қойып, міндетті түрде білімін толықтыруға күш салатын, көп оқитын, екі тілді бірдей меңгерген, аудармамен де айналысатын өнері барын білеміз. Мұхтардың бір бойына дарыған осынша жақсы қасиеттерді бағалап, әкем қатты сыйлап өткенін айтып отыратын. Менің шешем Мурзиндермен 1923 жылдан бастап Орынборда, одан 1929 жылға дейін Қызылордада, астана Алматыға ауысқанша араласып тұрды. Сол заманнан бері Мурзиндердің семьясы бізге ыстық, туыстан жақын болып кетті.
Генерал Дутов: «Қазақ автономиясы бір топ зиялылардың ойдан шығарған нәрсесі, егер осы бір топтың көзі жойылса, қазақтардың көпшілігі ақ патша билігін өздері-ақ сұрайды» ,– деп жаулық ниетін ашық білдірсе, ал Орал әскери үкіметі, оның төрағасы Фомичев тылдағы қазақтардан келіп отырған қауіп туралы жар сала бастады.
Д.Әділев (жалғасы): «Бағдарламаның аты – «Алаш еріктілері» партиясының платформасы деп аталады», – десті ғой деймін. Бағдарламаның түснұсқасы ұйым хатшысы, қазір Орал қаласында жүрген Кәрім Жәленовте сақталды. Жас оқытушылар мен студенттерді ұйымға тартты».
Д.Әділев (жалғасы): «Тағы бір жайтты айта кетейін. Рысқұлов Түркістан республикасының төрағасы кезінде Мәскеуден Сарымолдаевқа Жаһанша Досмұхамедовтің үйінің адресіне хат жолдайды. Өйткені Жаһанша Досмұхамедов екеуі бажа болатын. Хат орыс тілінде жазылған. Мазмұны: Қожановтың бір тыңшысы мұны Ақмешітке ме, Қазалыға ма, әйтеуір, екеуінің біріне дейін аңдып жүріпті. Тыныштық бермеген Қожановпен күресу үшін оның «Алашордамен» байланысын әшкерелеуге шақырыпты. Мен ол хатты түпнұсқасынан оқыдым. Жаһанша Досмұхамедов бұл хатты Халел Досұхамедовке көрсету керек деді. Осы жолмен ол хат Досмұхамедов пен Тынышбаевтің қолына тиді. Қожановқа көрсетуге ұсыныс етіп еді, Жаһанша бас тартты. Тінту жүруі мүмкіндігінен сескенді. Ташкенттегі ұйым мен Рысқұловтың арасы осылай суысты. Сарымолдаев ол хатты алды ма, жоқ па, оны білмеймін. 1922 жылы Жаһанша Досмұхамедовтің үйінде Рысқұлов әйелімен, мен, Жаһанша әйелімен және Сарымолдаев бас қостық. Сонда Рысқұлов: Ағылшынның бір жазушының кітабін оқыдым. Россия социализмнен алыс жатыр депті. Соның жазғаны дұрыс – деді».
Демек, бұл: С.Меңдешев Халел Досмұхамедовті – «қарақшы», «монархист», «анархист» ретінде көрсетіп, оны әскери трибунал арқылы ешқандай сотсыз, табан астында атып тастауға барынша мүдделі болған, – деген жорамал жасауға негіз қалайды. Жалпы «Батыс Алашордаға» байланысты кеңестік мінездемелердің барлығында да Х.Досмұхамедовке қана «қара бояу» жағылып, көсем ретінде танылған Жаһанша Досмұхамедовке «немкетті мінездемелер» беріледі. Әйгілі белсенді Ә.Әйтиевтің өзі оған қарата:
ДОСМҰХАМЕДОВ ЖАҺАНША
Досмұхамедов пен Тынышбаевқа сұрақ: Орынбор мен Ташкентте астыртын ұйымның болғандығын Ермеков білді ме?
Досмұхамедовтің жауабы: Ташкенттегі ұйым туралы Ермеков соңғы уақытта, Қызылордадан Ташкенттке ауысқан кезінде ғана, шамамен 25-26 жылдары ғана білген сияқты. Ұзынқұлақтан естіп, білді ме, одан хабарсызбын, менен ол туралы айтып беруді сұрағанда, қашан естігені туралы айтқан жоқ. Орынбордағы ұйым туралы білді ме, жоқ па, ол жөнінде ештеңе дей алмаймын. Менімен сөйлескен кезде ол Орынборда ешқандай ұйым жоқ деп сендіріп отыратын (Досмұхамедовтің қолы).
Досмұхамедовтің қорытынды сөзі дұрыс жазылды. (Қолы). 26 қазан 31 жыл».
Досмұхамедовтің түсініктемесі: Тынышбаев айтыстың өткен уақыты мен мен туралы өсектің тараған кезін дәл айта алмай отыр. Екі арадағы сөз қағыстыру 29-жылдың желтоқсан айында өтті, өйткені осыдан кейін Ермеков операция жасатуға кетті де, 1930-жылдың қаңтар айында, мен Москваға емделуге жүрердің алдына қайтып келді. Мен Москвадан 30-жылдың сәуір айының басында қайттым. Тынышбаевті мен қаңтар, ақпан айларында емес, маусымның соңында бір-ақ рет көргенім есімде. Содан кейін көріп отырғаным осы. Мәскеуден оралғаннан кейін тұтқындалғандар туралы әңгімелескен емеспін. Өйткені Байтұрсынов 29-жылдың мамыр айында тұтқындалды. Демек одан ерте бұл тақырыпта сөз болуы мүмкін емес. Тынышбаев уақытын шатастырып отыр. Ермековпен 29-жылдың тамыз, қыркүйек айында кездестік. Байтұрсыновтың тұтқындалуының себептері жөніндегі болжамдарымызды айттық. Мен: Дулатов, Байтұрсынов және басқа да адамдар ұйымдастырған орынборлық топты ГПУ әшкерелепті, – дедім. Ермеков: Ташкентте болған кезінде тұтқындалғандардың тізімін көргендігін айтты. Ал Байтұрсынов 24-жылы ғана Ташкентте болған еді. Орынборда да ешқандай құпия ұйым болған емес. Айналып келгенде, Байтұрсыновты университеттің ашылған кезінде сөйлеген сөзі үшін жауапқа тартқан шығар дестік. Тынышбаев осыны жаңылыстырып отыр (Досмұхамедовтің қолы).
Досмұхамедовтің Тынышбаевқа сұрағы: Мені мен Ермековтің арасындағы айтыс қай уақытта болды деп есептейсің?
Досұхамедовке сұрақ: Бұл туралы сіз не айтасыз?
Егерде «қоғамдық қозғалысқа еш қатысы болмаса», онда Х. Досмұхамедов «Батыс Алашорда» үкіметінің мақсаты мен міндеті туралы 1918 жылы сәуірде Ленин мен Сталинге ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыс» туралы:
Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, «Алашорданың» орталығымен ешқандай байланыс пен ынтымақтастық болмаған, керісінше «Алашорданың» батыс бөлімі Орал казактарымен тығыз байланыста болған, атаман Толстовпен біріге отырып Кеңес өкіметіне қарсы күреске қатысқан өздерінің әскери бөлімшелерінен жазалаушы экспедиция жасақтаған. Оларды большевиктерді қолдау пиғылын танытқан жаңадан қоныстанған поселкелер мен қазақ ауылдарына аттандырып отырған, ал олар болса ойларына келгендерін істеп баққан. «Алашордашылар» большевиктерге қарсы төтенше комиссия құрған, бұл комиссия өздерінің қатал әрекеттерімен жергілікті халықты дүрліктірген. Досмұхамедовтер казактарға Кеңес өкіметінің төтенше комиссары Андрей Латышты опасыздықпен ұстап берген, Латыш 1918 жылдың көктемінде Орал облысына жіберілген болатын. «Алашорданың» батыс бөлімі Колчакпен, Деникинмен жақын байланыста болған. Колчак «Алашорданың» батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеп, мақтау қағазын және көптеген қаражат берген. Деникин алашордашылар алып келген шикізатқа киім-кешек, өнеркәсіп заттарын ауыстырып берген. Екінші рет Деникинге жіберілген полковник Сархарджин «Алашорданың» батыс бөлімі кеңестер жағына шыққанға дейін оларға барып үлгере алмады. Жеке адамдардың айтуы бойынша полковник Сархарджин Жылқосы төңірегінде болған, оған Досмұхамедовтер арнаулы адам жіберген.
Енді Мұхтар Мұрзинмен оңаша жауаптасқанда: «Мен болған жайдың бәрін мойындадым», – деген Иса Қашқынбаевтің көрсетінділерін назарға ұсынамыз.
Еріктен тыс жазылып, «жергілікті Губаткомның техникалық құралдары көмегімен басылып, аэроплан арқылы таратылған бұл Үндеудегі:
Жалпы мінездеме жағына келгенде «Алашорданың» өзге қайраткерлеріне қарағанда Х.Досмұхамедовтің жолы бола бермепті. Тіпті М.Әуезов те өзінің түрмедегі жауабында оған «қабағын шыта» баға беріпті.
Жалпылай алғанда, Х.Досмұхамедовтің тергеушіге берген негізгі жауаптарының хаттамалары осылар. Бұдан басқа мәдениет майданы қақындағы түсінктемесін және жеке басына қатысты өтініштерді тақырыпқа қатысты тұста пайдаланамыз.
Жасырын кездесу ақшам кезінде өтті. Мен контрреволюциялық көтерілісшіл қозғалыстың жетекшісі Заки Валидовпен кездесуге бара жатқанымды толық жауапкершілікпен сезіндім. Заки Валидовтің қасында бейтаныс бір адам болды. Ол қасымнан өтіп бара жатып мені байқап қалды. Әңгімеміз қызу өтті. Мен одан: мұнда қалай тап болғанын, неге келгенін сұрадым. Ол: Әнуар паша жараланып қалғандығын, сондықтан да кеңес өкіметіне қарсы күресті тоқтатуға шешім қабылдағанын, енді ұлттық мүдде үшін күресетінін айтты. Мен оның бұл ойының дұрыс еместігін, кеңес өкіметі жағына шығуының жазамен аяқталатынын айттым. Анықтап білгенім – Әнуар паша Түркістанда, оның ішінде Бұқара мен Қазақстанда біріккен мұсылман мемлекетін құрмақшы екен. Бұл мәселе жөніндегі көзқарастарымызда біраз келіспеушіліктер болды. Бұдан кейін ол өзінің кеңес үкіметі жағына шыққысы келетінін, үкімет мүшелерімен, Қожановпен тілдесіп беруді өтінді. Мен бас тарттым. Кеңес өкіметі оған кешірім жасай қоймайтындығын ескерттім. Сонымен біздің әңгімеміз аяқталды».
Жауап: 28-29 жылдары біздің достарымыз Дулатов, Байтұрсынов және басқалар тұтқындалғанда Досмұхамедов: бұған Орынбордағы контрреволюциялық ұйым мен «Алашорданың» Семейдегі бөлімшесі кінәлі, – деді, ал Ермеков: бұған Ташкент тобы кінәлі, – деп есептеді. Екеуінің бас араздығы осыдан барып туындады.
Жауап: Екеуінің қасында тұрмағандықтан да Досмұхамедов пен Ермековтің арасындағы айтыстың неден туындағанын мен нақты білмеймін. Соған дейін де және одан кейін де Байтұрсыновтардың тұтқындалғанына Досмұхамедов – орынборлықтарды, ал Ермеков пен семейліктер – ташкенттіктерді кінәлі санады. Мен екеуін де сабырға шақырдым. Бұдан кейінгі Досмұхамедов пен Ермековтің арасындағы қарым-қатынастың қалай қалыптасқанын мен білмеймін. Досмұхамедовті ГПУ-дің тыңшысы десіп жүрді жұрт. Бірақ екеуінің ауызынан мұндай сөзді естігемін жоқ (Тынышбаевтің қолы).
Жауап: Ермековпен екі арадағы түсініспеушілік 29-жылы ол ауырып жатқан кезде туды. Әрі таныс, әрі дәрігер ретінде оның көңілін сұрай бардым. «Мені семейліктер ГПУ-дің тыңшысы деп өсек таратыпты. Оны таратқан Сәрсенов. Семейліктер мені аңдуын неге тоқтатпайды?», – дедім сабырлы қалыппен. Ермеков: Мұндай сөзді бірінші рет естіп тұрғанын және мұның арандату екенін, семейліктердің мені аңдымайтынын, оған Байтұрсыновтың да, Ташкенттік топтың да жазығы жоқтығын, өзіне беймағлұм ташкенттік топ туралы баяндап беруімді өтінді. Мен:Ташкенттік топ туралы оған ештеңе де айтпаймын, оны еске алудың қажеті жоқ, ұмыту керек, – дедім. Бұл 29-жылдың желтоқсан айы болса керек. Ермеков: Маған сенімсіздік көрсеттің – деп ренжіді. Ермековтің төсек тартып ауырып жатқанын ескеріп, тынышсыздандырмас үшін дауысымды бәсеңсітіп, оны жұбата сөйлеп, бұл тақырыпты енді қозғамайық – деп келістік. Арада аз уақыт өткен соң Ермековпен арадағы болған бұл жайды Тынышбаевқа айттым. Әңгіме барысында екеуміз де: «Бұған пәлендей мән берудің қажеті шамалы, ол мәселе өзінің маңызын жойды», – дегенге тоқтадық. Мен туралы өсек таратқандары жаныма батқандығын айттым. Тынышбаев мені тыныштыққа шақырды. Сонымен әңгіме аяқталды (Досмұхамедовтің қолы).
Жауап: Ешкімде қолхат жазып шақырған жоқ. Ол шешімді Мұхамеджан қабылдады. Оған Тынышбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Мырзағазы Есполов, Кәрім Жәленов қатысты. Олар Түркістандағы және Қазақ өлкесіндегі жағдайларды талқылады, соның ішінде Әнуар пашаның осында келуі мен Бұқарадағы оқиғалар сөз болды. Крондштаттағы көтерліс туралы да хабарланды. Сонымен қатар Орынбордағы Байтұрсынов басқарған ұйым мәселесінен хабарсыз екендігі айтылды. Содан кейін күнделікті тіршіліктің ауыртпашылығына тоқталып, Түркістанда ұйым құру туралы ұсыныс жасалды. Өзара сұрақтар қойып, пікір алыстық. Дінше Әділов: ұлттар туралы Үндеудің (1917 жылғы ма, жоқ 1919 жылғы ма? – Т.Ж.) шартын пайдаланып Тәуелсіз Түркістан Халық Республикасын жариялау туралы ұсыныс айтты. Кеңес соттары жергілікті тұрғындарды барлық жерде қысып жатыр. Сондықтан да жиналыс ашып, еркін-саяси партия құру қажет. Қалалық кеңес үкіметі өзінің саясатын өзгертуге ықпал жасау керек –деді.
Жауап: Оны Ермеков қана нақты көрсете алады. Менің ойымша 1929 жылдың басында, қаңтар не ақпан айында өткен шығар деп ойлаймын.
Жаһанша Досмұхамедовтің 1930 жылғы 5-қараша күнгі көрсетіндісі ІІІ томның 430-бетіне тіркеліпті:
Жаһанша Досмұхамедовтің жауабы: Халел Досмұхамедовтің сөзінде жалғыз-ақ шындық бар. Ол жоғарыда айтылған келеңсіз отырыс қана. Бірімжановты Бұқараға жіберу туралы сөз болғанда мен ашулана жауап бердім: «Жалғыз башқұрт (Валидов – Т.Ж.) жалпақ Түркістанның халқын бостандыққа жеткізе алмайды. Оның үстіне ешқашанда қолына мылтық ұстап көрмеген, сөз сатқан өзбектердің күшімен Түркістанды жаулап ала алмайды. Ол халықты адастырады. Олардың ісі сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды. Тек жазықсыз адамдарды құрбандыққа ұшыратады. Сондықтан да олармен байланыс жасаудың да, сол үшін топ құрудың да қажеті жоқ, тек сіздердікі сияқты төтенше мекемелердің назарын аударады», – дедім.
Жаһанша Досмұхамедовтің қарсы жауабы: Әділевпен «Ақ жолдың» қасында жолықтым. Мұндай мекемелерге мен жолай бермеймін. Оны Бұқараға жұмсады ма, жоқ па, хабарсызбын. Жалпы қазақ зиялыларымен араласуды жаратпаймын. Олардан ешқандай тапсырма алғаным жоқ, өзім де ешкімге тапсырма бергем жоқ. Мұны Халел Досмұхамедов те растай алады. Осыдан кейін қандай да бір ұйымға мүше болуым мүмкін бе?
Жолда, Саратов қаласында, өкілдік мүшелері...» –
Зады Салық мұғалім Х.Досмұхамедовтің 1904 жылы досы, Қазан қаласындағы Ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бердиевке ел қамын ойлап жазған хатынан кейін жандармереяның бақылауына алынғанынан, әрине, бимағлұм болса керек. Оған халықтық мұрағаттанушы Болат Нәсеновтің Мәскеудің Әскери-тарихи архивінен тапқан төмендегі дерегі дәлел. Хаттың шекесіне:
И.Қашқынбаев (жалғасы): «22-жылдың күзінде Рысқұлов үкімет басына қайтып келгенде, Қожанов екеуінің арасындағы араздық біздің ісімізге кедергі келтіруі мүмкін екенін ескеріп, екеуін татуластыру керек деп шештік. Олар менің пәтерімде кездесті. Олар көп ешкімнің болмауын тапсырды. Сондықтан да оған Х.Досмұхамедов және мен ғана қатыстым. Рысқұлов пен Қожанов ұзақ уақыт өзара айтысып, бірін-бірі: ұлт мүддесін сатқаны және жалған солшылдығы үшін айыптады. Рысқұлов ұлт дегенді бүкіл шығыс жұртына қарата қолданды, ал Қожанов: оның қате екенін, қазақ пен өзбектің арасындағы қарама-қайшылық қоныс аударған орыстар мен қазақтардың арасындағы қарама-қайшылықтан кем емес екенін дәлелдеді. Біз оларға: «Сендердің көзқарастарыңның айырмашылығы неде?», - деп сұрағанымызда, олар нақты жауап бере алмады. Рысқұлов: «Жер реформасымен Қожанов келіспейді, ал мен оның қан төгісіне қарсымын», – деді. Ал Қожанов: «Мен ешкімді атқамын жоқ», – деп еді, Рысқлов оған: «Мен өз қолыңмен өлтірдің деп отырғамын жоқ», – деді. Сөйтіп олардың көзқарастарының арасында айырмашылық жоқ болып шықты. Татуласу мынадай негізде жүзеге асты:
И.Қашқынбаев (жалғасы): «Болашақ үкіметтің құрамы туралы. Бұл мәселе бірде-бір рет талқыланған емес. 1924-жылғы жер межелеу кезінде өзбек ұйымының өкілдері Мінауар қари Әбдірашидовпен, Ғұбайдолла Ходжаевпен және Миржалиловпен бірінші және соңғы рет бас қостық. Мәжіліске Тынышбаев және мен қатыстым. Ол кезде біздің ұйымымыз таралып кеткен, оны мойындауға өзбектердің алдында батылымыз бармады. Мінауар қари бізге Қазақстан туралы мәліметтерді беруді ұсынды, ал олар шетелдіктермен парсы елшілігі арқылы байланыс жасап отыр екен. Біз мағлұматтарды беруге келістік, ал өзбектерге қаржылай көмек көрсетуден бас тарттық, ешқандай қаржымыздың жоқтығын айттық. Әрине, кейін оларға ешқандай мағлұмат берілген жоқ (маған солай сияқты). Аталған үшеуінен басқа өзбек ұйымының мүшелерінің ешқайсысын білмеймін. Біздің ұйымда ешқандай қаражат болған емес. Бірақ Әділев пен Бірімжановтың Бұқараға барғандағы жол қаражатынан басқа шығын да болған емес. Бірімжанов арнайы іссапардың қаражатын пайдалануы мүмкін, ал Әділев ешқайда жұмыс істемегендіктен де, жолақыны қайдан алғанынан мағлұматым аз.
И.Қашқынбаев (жалғасы): «Біздің ұйымымыздың жұмыс істейтінін Рысқұлов білген сияқты. Ал Қожанов пен Сәдуақасовтың білген-білмегені жөнінде ештеңе айта алмаймын. Ұйымға тарту үшін барған біздің адамымызға Рысқұлов: «Біздің көзқарасымымызбен келісетінін, ұйымды қолдайтынын – айтты. Ал Қожанов үзілді-кесілді бас тартып, мұны: арандату, саяси екіжүзділік деп бағалады» - дей келіп 1921-1922 жылдардағы саяси оқиғаларға тоқталады.
И.Қашқынбаев : «8/ – 30 жыл. 22-жылы біздің мақсатымызды табыспен жүзеге асыру үшін ұйымға көрнекті коммунистерді тарту керек деп шешілді. Күзге қарай Түркістан республикасы Халық комссарлар кеңесінің төрағалығына тағайындалған Рысқұлов Ташкентке келді. Рысқұловпен жолығу үшін Әділев және Әуезов (мүмкін) жіберілді. Әңгімелерінің анық-қанығын білмеймін. Бірақ Рысқұловтың: біздің көзқарасымызды бөлісетінін, қал-қадерінше көмектесетінін, қолдайтынын мәлімдегені шындық. Алайда ол: өзбектермен байланыс жасамауды тапсырыпты, Қожановтың (Хожаевтің болуы да мүмкін – Т.Ж.) тар ұлтшылдығы оған жарамайды, – депті. Қожановқа Есполов және Әділев (мүмкін) жолықты ғой деймін. Соңғы адамға Қожанов: «Мұнда рысқұловшылдықтың иісі шығып тұр. Мұның барлығы арандату. Кеңес өкіметінің аясында қазақ ұлты өркендей алады. Сондықтан да сендерді қолдай алмаймын», – депті. Екеуіне бұл мақсаттың нақты орындалуы емес, ұйымды кімдер, қалай құратынын білу керек болды. Рысқұлов кеңес өкіметінің арасында жікке бөліну бар екенін айтыпты. Олардың әр қайсысы біздің топты өзіне тартуға тырысты. Өйткені ұйымның қазақтары өте сауатты еді, сондықтан да пайдаланып қалуға тырысты. Біздің мақсатымыз – олардың өздерін пайдалануға тырысу еді. Ол кезде, 22-жылдың соңғы маусымында кеңес өкіметін құлатуды армандау да мүмкін емес болатын. Сондықтан да мәдениет майданын қолға алу, шаруашылықты игеру міндеті қойылды. Қызметке орналастыру үшін біздің топтың тізімі Рысқұловқа берілді. Өкіл ретінде Рысқұловқа Әділев және мен бардым. Берілген тізімнің ішінде менен басқалары оны толық қанағаттандырды. Мені еркімнен тыс оқу-ағарту комиссариатының коллегиясының мүшелігіне ұсынған болатын. Мен Рысқұловқа: бұл қызметтің маған қол емес екенін, мені медициналық қызметке жіберуін өтіндім. Ол ашық бас тартқан жоқ...».
И.Қашқынбаев: Мен болған жайдың бәрін мойындадым. Ол менің бауырым болғандықтан да не істерімді білмеймін.
И.Қашқынбаев: Нақты айғақты мойындамауға (Қашқынбаев) қарсы шықты. Бұл ГПУ-дің сенің сөзіңе сенімсіздік тудыруы мүмкін деді (бұл арада тыңшы Қашқынбаевтың сөзін мазмұндап беріп отыр).
Иә, «мәдениетті әйел», бірақ, сыйласымы жоқ, «шыдайсың риза болып жар ісіне, қорлық пен мазағына табылса да» деп Абай айтқан «табашыл жар» болған сияқты. Мүмкін оның осы жымсымасын сезіп қалып Ғазиз Мурзин ажырасқан шығар.
Иә, алдыңғы әфсанада айтып өткеніміздей: «отызыншы жылдан бастап «жапон шпионы» деген айып үкімі кәдімгі қатардағы қолданыстағы көп тіркестің біреуі ғана болып қалды. Сондай-ақ «Алашорданың» «Жапония үлгісіндегі ұлттық салт-дәстүрге, ғылымға сүйенген ұлттық демократиялық республика құру» туралы мақсаты да бұл үкімді» тиянақты түрде заңдастыруға негіз қалады.
Иә, бұл жолы аман шығуы – шықты, бірақ сол жолы Саратовтағы мәжілістегі белгісіз большевиктің:
Институтта педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық және физика-математика бөлімдері болған. Х.Досмұхамедов бір жылдың ішінде институт пен оның жанындағы педучилищеге ортақ 5 бөлмеден тұратын 8 орынды емдеу лазаретін ашады. 1920 жылдың 1 қазанынан мұнда А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев, М.Жұмабаев, К.Жәленов, Х.Болғамбаев, Қ.Қожықов, Ж.Аймауытов, Д.Әділев, А.Байтасов, Д.Сәрсенов, С.Өтегенов, П.Құлтасов, Е.Табынбаев оқытушы болып орналасты. Кейін бұлардың қатарына Мұхтар Әуезов қосылды.
Институттың ғылыми Кеңесінің төрағасы ретінде:
Иса Қашқынбаевтің көрсетіндісінде өзге тұтқындардың жауаптарындағы пікірлер барынша жинақы берілгендіктен де ішінара толықтай келтіреміз.
Казактармен қақтығыс сол кезде қазақтар үшін өте тиімсіз болатын, осыны ескерген Қазақ үкіметі Орал әскери үкіметімен одақтық шарт жасауға мәжбүр болды. Шарттың негізі төмендегідей басты баптардан құрылды:
Келесі сұрақ-жауапта Х.Досмұхамедов астыртын ұйымның болғанынан бас тартқан.
Келісімнің негізі төмендегі басты ережелерден құралды:
Кеңес өкіметінің жазалаушылары алаш азаматтарына «көрсететін көресісін» кейінге қалдырып жатпады. Мәскеуден қомақты қаржы көмегін алып, қыр еліне қайтар жолда Саратов қаласының вокзалында Х.Досмұхамедов пен оның серіктерін большевиктердің ықпалындағы Саратов совдепі (жұмысшы, шаруа және солдаттар кеңесі) тұтқынға алды.
Кеңес өкіметінің Жетісудағы жер реформасын толықтай қолдады (бұл: ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуіне алып кетуі мүмкін – дегендер де боды). Бұл салада қызмет істегендер қорыққаннан емес, ар-ожданымен жұмыс істеді».
Кеңес өкіметінің осындай «кеңдігін пайдаланған» Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Кәрім Жәленов пен Иса Қашқынбаев мәжбүрлікпен Мәскеуден тікелей Орта Азияға, яғни, Ташкент қаласына «мырза қуғынмен» жер аударылды. Соның ішінде:
көмек алу мақсатында шет елмен байланыс жасағаны үшін;
Көрсетілген қылмыстары бойынша 5 жылға концлагерге жер аударылған, 30-жылдың 31-қазанынан баста есептелетін концлагердегі кесімді мерзімі аяқталды, бірақ та Қазақстанға қайтқысы келмейді. Мәскеуде жұмыс істейтін бауыры Макешевтің қасына орналасқысы келеді. Жаһанша Досмұхамедовтің жер аударылуға кесілген мерзімінің 35-жылы 31 қазанда аяқталатынын және осы уақыттың ішінде ешқандай қылмыстық әрекетінің байқалмағанын ескере отырып, мерзімі біткеннен кейін Жаһанша Досмұхамедовтің ссылкадан босатылатынын хабарлаймын”.
Көрсетінділері машинкаға басылған. Тұтқындардың ішіндегі өзгелерден өзгеше мәтіндер осы Иса Қашқынбаевтікі. Мұнда ұйым туралы ойдан шығарылса да орайластырылған қисын бар. Егерде осының барлығы жалған не жала болған жағдайда да, тергеушілердің қиялы мен қисынына көз қырын салудың реті келіп тұрғанда, пайдаланып қалуды жөн көрдік. Шындық – салыстыру барысында екшелетіні анық. Мұнда негізінен 1922-жылғы ұйым туралы айтылған.
Көрсетіндінің алдын-ала дайындалған мәтін негізінде тасқа басылғаны түсіндірмесіз-ақ аңғарылады. Әр сұрақ пен жауаптың мәтіндері араласа жазылып, оның өзі бағдарламаның баптары мен тараулары сияқты әсер қалдырады. И.Қашқынбаев кеңес өкіметінің жүргізіп отырған шараларын да «ұйымның атына тели» баяндайды. Бұл мысқыл ма, жоқ, шарасыздық па, қалайда жауап беріп құтылудың амалы ма, кім білсін. Әйтеуір бір ризасыздық, ықылассыздық, пейілсіздік бар. ІІ томның 377-385 беттеріндегі келесі жауабында да сондай сарын аңғарылады. Біз сәл ширатып тәржімалауға тырыстық.
Көрсетіндінің бұдан арғы мазмұны өзгелердің жауаптарында қамтылған жайларды қайталайды. Сарымолдаевқа жолданған Рысқұловтың хатын оқығанын Жаһанша мен Халел Досмұхамедов те, Тынышбаев та мойындайды. Рысқұловтың «Алашордашылардың» үстінен жазған мағлұмдамасы (Сталинге арналған) «Ақ жол» газетінің жабылуы мен «Алаш ісінің» басталуына ықпалын тигізген. Кейін өзі де ақталып айғақ жазды.
Қазақ зиялыларына қарғыбау болып тағылған осынау қарғыс атқан формулировканың шығуына негіз қалаған тарихи оқиғадан Заки Валиди өзінің «Естелігінде»:
Достарыңызбен бөлісу: |