Елге қайтар алдында делегация Сталинге елдегі қалыптасқан жағдайды түсіндіріп кетті: мүлдем қарусыз, әлі толық ұйымдаспаған, бұрын әскери қызметте болып көрмеген қазақтар кеңес өкіметін мезгілінен бұрын, ашық, белсенді түрде қолдап шығатын


«Иә, Қаратаев патшалық құрылымды тас



бет2/8
Дата17.06.2016
өлшемі467 Kb.
#142840
1   2   3   4   5   6   7   8

«Иә, Қаратаев патшалық құрылымды тас-талқан ете алған жоқ, сонда да, Мемлекеттік Думада «артық жер жоқ» деп сөйледі. Қандай батыл пікір... Егер Қаратаевтің Думадағы жоғарыдағы сөзін баяндамашы теріс түсіндіріп: артық жер бар деп айтты деп тұр. Бұл мүлдем қате», деп пікір білдіргенімен де оның бұл сөзі қаперге ілінбеді.

«Казактарға болысқан, олармен ауыз жаласуға тырысқан Халел Досмұхамедұлын азамат соғысы жүріп жатқан кездегі заңға сәйкес тұтқындау қажет», – деген ұсынысы ұзақ талқыланып барып «жұмсартылды».

«Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құру үшін қасақана Ташкентте бас қосқан», – деген айып тағылды.



«Кеше маған Орал кеңесінің мүшелері: алдыңғы шептегі жасақтар бірнеше адамды ұстап, олардың күдік тудыратыны туралы ілеспе хат бар, деп осында алып келді. Сөйтсе, олар Петроградқа барып қайтқан қазақ жер басқармасының өкілдері екен, қолдарында Халық комиссарлар кеңесінің арнайы құжаты бар. Мен оларды тұтқында ұстаудың қажеті жоқ және байланысымызды шиеленістіруге болмас деген оймен босаттым. Олар: Халық комиссарлары кеңесі (Орал) жер басқармасына арнайы комиссар жібермек еді, ол комиссар әлі тағайындалған жоқ, сондықтан да орталық бізге арнайы комиссар жібергенше, Саратов совдепі өз өкілін жібергені дұрыс болар еді, деген өтініш білдірді. Жандарында орталық бөлген аса көп мөлшерде ақша бар болып шықты. Оларды осы мәжіліске жіберіп, пікірлерін тыңдауды өтінемін», – деген («Алашорда қозғалысы», 2 том, 143-бет) ұсыныс жасады.

«Колчакты қазақтың төбе биі етіп сайлады», – деп дуылдасқан большевиктер, соның ішінде бас лабашы С.Меңдешев тура осы арада неғып «Батыс Алашорданы» Бас «Алашордадан» бөліп тастады?

«Қазақтар әлі алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде өмір сүреді. Тап жігі толық анықталған жоқ. Олар малдың басына қарап адамға баға береді. Сондықтан да кеңес мүшелері мен жар басқармасында істейтіндердің құрамы бірдей шығар. Күштеп тап күресін жүргізудің қазір қажеті шамалы. Ол кері нәтиже беруі мүмкін, қазақтар мен казактардың арасы онсызда шиеленісті дамып келеді. Әрине, кедей қазақтарға көмектесеміз. Орал казактарымен байланыс жасағаннан кейін біз бұлармен арадағы қарым-қатынасымызды ретке келтіріп қалдық. Біздің азық-түлік жөніндегі комиссарларымыз олармен тиімді айырбас жасай алады. Олар бізге ет пен жүн береді. Ал мына жағдайға келетін болсақ, онда қазақ халқының өкілдері: кеңес өкіметінің маңызын түсіндіріп, казактарға қосылмау туралы үндеу жарияласын. Оны майданға аэропланмен жіберу керек, сондай-ақ Үндеу «Хабаршыға» жариялансын», деген ұсыныс жасады.

«Қашқынбаев: Уәлихан, 1921 жылы саған Әлихан Бөкейхановқа арналған бағдарламаны бергенде, Уәлихан, сен сақтық жасамаған сияқтысың. Ол ( зады Дінше Әділевтің көрсетіндісін айтып отырса керек –Т.Ж.): сен Әлиханға арнап бір құжаттарды берді деп түсініктеме беріпті. Ең бастысы бердің бе, жоқ па, бізге айтқан жоқсың ғой.



«М.Мурзин: Менің ойымша сені босатып, мені түрмеде қалдыратын шығар.

«Мен ешкімді де ластағым келмейді, бірақ біздің осы мәселе жайындағы саясатымыздың бағыты дұрыс емес, орта шаруаларға тиісінше көңіл бөлінбейді, олардың пайдасы жөнді көзделінбей келеді. Бұл дұрыс емес демекшімін. Қазақ ауылында орташалардың беделі күшті, салмақты, сондықтан орташалар мен кедейлерді бөлмеске, олардың арасына жік салмасқа керек еді. Ауыл ішіндегі жұмыстарымызды орташалар мен кедейлерді одақтастыру, біріктіру бағытымен жүргізу керек еді деймін. Енді байларды тақымдау, оларға мықтылық көрсету керек деген мәселеге келейік»;

«Мен бүкілқазақтық «Алашорда» халық кеңесінің мүшесімін. Барлық қазақ облыстары кеңеске қарай бейімделуі тиіс. 8 кеңес (облыс) болуы керек. Орталық басқарма Семей қаласында орналаспақ. Қазір ондай кеңес жоқ. «Алашорда» кеңесін өзге де өкілдермен толықтырылу көзделген. Шындығын айтқанда, бізде кеңесті ұйымдастыру қиыншылыққа соғады. Оны ұйымдастыратын да ешкім жоқ. Жұмысшы да, солдаттар да бізде жоқ. Бізде тек қана жер басқармасы ғана бар, соны ғана сақтауды ұйғардық. Халық комиссарлар кеңесі: қазақ ісі жөніндегі комиссариат ұйымдастыруды ұйғарды. Орталықта біз совдептердің жер басқармасына ешқандай зиян келтірмеуі туралы шешімді Саратовтағы, сондай-ақ Оралдағы совдептерге хабарлауды өтінгеміз. Осылай жүруге бір апта қалғанда, казактардың Орал кеңесінін таратқаны және олар біздің жер басқармасымен тіл табыса алмай, олардан толық бағынышты болуды талап етіп жатқаны туралы хабар алдым. Енді оларға қалай жетудің амалы барын білмейміз», – деп жалпы жағдайларынан мағлұмат берді.

«Мен енді сәдуақасовшылдықпен принциптік негізде келісу мүмкін емес кейбір мәселелерге тоқталып өтейін. Біріншіден, жергіліктендіру хақында. Олар оны іс жүзінде неге саяды? Олар жергіліктендіруді басшылықты тартып алудың әдісі мен құралына айналдырмақ, сөйтіп Мәскеудің пролетарлық партиялық жетекшілігінен құтылмақ», – деп қужақтата езуледі.

«Мен қазір бұрын жасырып келген жайлардың бәрін де сізге айтып беремін, жолдас милиционер. Шындығында да 22-жылы Ташкенттен Бөкейхановқа беруге арналған хатты алдым. Онда ешқандай адрес көрсетілмеген және ол ауылда жоқ дегенді естідім. Хатты тапсырғым келмей жыртып тастадым. Онда Ташкенттегі ұйымның жай-жапсары айтылған сияқты. Хат жөнінде мен Әбікей Сәтбаевқа, Хасен Ақаевқа және ...(аты толық танылмады – Т.Ж.) айттым. Кейіннен білдім, Бөкейхановқа арналған хаттың мазмұны туралы жергілікті адамдардың барлығы естіп алыпты» деп жұмсарта баяндаған.

«Мен Москвадан Ташкентке 1920-жылдың қазан айында келдім, қазақтардың сол жылғы да, келесі 1921-жылғы да бас қосқан ешқандай отырысын білмеймін.

«Менің ойымша, қазақ ауылын орыс поселкесінен жеке сөз қылуымыздың қисыны жоқ, Голощекин жолдас, Ресейдегі орыс поселкелерінің жарлылар комитеті жуан жұдырықтарды тақымдап, олардың мүлкін бөліп алу дәуірін өткізіп отыр. Бірақ Қазақстандағы орыс поселкелерінде бұл жұмыстар жүргізілмейді. Қазақстанның кейбір аудандарында кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес билігі жуан-жұдырық қара шаруалардың қолында болды. Мысалы, сол кездерде Жетісудағы орыс қара шаруалары: «Осы күні жұмыскер мен қара шаруа өкіметі жасалып отыр, қазақтар туралы ештеңе де айтылмаған», – деп соғып жүрген. Бұл ойын емес, ақиқат. Бұл тарих. Ауыл-поселкеде жүргізілуге тиісті біздің тап саясатымыз бірдей болуы керек. Қазақ ауылында бір түрлі, орыс поселкесінде басқаша саясат жүргізуіміз дұрыс емес, қазақтың байымен қатар орыстың да жуан жұдырықтарын тақымдап отыруымыз керек», – деген пікірлер еді.

«Мұхамеджан Тынышбаев және басқалардың кеңес өкіметіне қарсы астыртын контрреволюциялық ұйымы» туралы іс Д.Әділевтен бастап А.Байтасовпен аяқталатын алдыңғы тергеудің заңды жалғасы ретінде қарастырылған. Мәскеудегі Бутырка түрмесіне айдауылмен жөнелтілген А.Байтұрсынов, Х.Ғаббасов, М.Дулатов, М.Есполов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Бірімжановпен бірге Д.Әділевті, Ә.Байділдинді жібермей, тергеушілердің оларды Алматыда алып қалуында үлкен мән бар. Д.Әділевтің «астыртын ұйымның кестесі» мен Ә.Байділдиннің әшкерелеуші көрсетінділерінің негізінде «Алашордашылардың» екінші тобын тұтқынға ала бастаған. Мәскеуге жөнелтілген тергеу ісінің уақытша кері қайтарылуын өтініп жазған ОГПУ бастығының қызмет бабындағы хаты соған дәлел. Ал Х.Досмұхамедовке қарсы Д.Әділевтің:



«ОГПУ-дің ерекше өкілі Поповқа тұтқын Досмұхамедов Халелден Мәлімдеме.

«Оқытушы Досмұхамедов жолдас Қазақ педагогикалық институты үшін аса бағалы маман болғандықтан да Оқу ағарту халық комиссариатынан оны Қызылорда қаласына шақыртқан ұсыныстан бас тартып, институтта қалдыруды өтінген», шешім шығарды.

«Осы қаулы маған оқылды, бірақ та қаулыда негізделген материалдар маған толық көрсетілген жоқ. Ж.Досмұхамедов. 25/Х -31», – деп қол қойған.

«Осымен қатар басқа бір мәселені қозғай кеткім келеді. Айтушылар бізді: тек қана жандарм мекемесінің құжаттарын пайдаланды – деп айыптайды, мұның да жөні бар. Мәселе: бұл құжаттарды пайдалануға бола ма, жоқ па, – деп қойылып отырған жоқ, мәселе – бұл құжаттарды қалай пайдалануда», – деп (Алаш қозғалысы, 4 том, 73-бет) қысылып-қымтырылмастан ашық мойындады.

«Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды. Оны саяси-қоғамдық бағыты жоқ бөлім деп есептейміз. Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, «Алашорданың» орталығымен ешқандай байланысы мен ынтымақтастығы болмаған, керісінше,«Алашорданың» батыс бөлімі Орал казактарымен тығыз байланыста болған... Толстовпен біріге отырып Кеңес өкіметіне қарсы күреске қатысқан өздерінің әскери бөлімшелерінен жазалаушы экспедиция жасақтаған... Халел Досмұхамедұлы казактармен ауыз жаласып, олармен бірігіп қызмет етуге ұмтылды. Ал Жанша Досмұхамедұлы жергілікті халықты қорғап, казактардың ұрып соғуына өзінше тойтарыс беруге тырысқан», – деп Халел Досмұхамедовті өзге қайраткерлерден бөліп алып, қорытынды ұсыныс жасаған.

«Өтелден өткенше қызын алып, өткелден өткен соң қызын талақ етіп» әдеттенген большевиктер 1933 жылы желтоқсан айында «Алашорда» қозғалысы туралы пікір алысуды тыңдауға келген Бақытжан Қаратаевтің қызын да жиналыстан амалын тауып аластап шығарды. Аса «саяси көрегендік» жасаған І.Құрамысов бұл жөнінде партия мүшелерінің алдында:



«Россия демократиялық федеративтік республика болуы тиіс. Федеративтік республиканың құрамындағы әр мемлекет өзінше дербес және әр қайсысының өзін-өзі тең дәрежеде билеу мен мүддесін қорғау құқы болуы керек. Үкіметтің басында Құрылтай кеңесі тұрады, дүбаралығында Құрылтай кеңесі мен мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент билейді. Президент Министрлер кеңесі арқылы басқарады, ол Құрылтай кеңесі мен мемлекеттік Думаның алдына жауап береді. Заң шығарушы өкімет тек қана мемлекеттік Думаның қолында болады, ол үкіметті бақылауға алу құқына ие болады. Тегіне, дініне, жынысына қарамастан барлық азамат сайлау құқына ие. Депутаттарды сайлау бәріне бірдей ашық және жасырын жүргізіледі, – деп жазылғанеді.

«Саратов совдепі уралдық казактарға тосқауыл қоюға кірісті. Орал қаласына баратын жол әскери бақылау астында, жүруге қауіпті. Саратов қаласының вокзалында өздерін: Урал совдепінің өкіліміз деп таныстырған белгісіз бір адамдар бізді тұтқынға алды. Алайда Саратов совдепі бізді босатты. Біз: Комиссарлар кеңесімен жүргізілген келісімнің нәтижесін түсіндіріп, казактардың арандатуларына ұрынып қалмауы туралы қазақтарға үндеу жарияладық. Комиссарды тездетіп тағайындауға және Халкомның жанындағы қазақ комиссарын Урал совдепіне жіберуге тырысыңыздар. Саратов совдепі арқылы: жер басқармасының өкілдеріне күш көрсетпеу туралы телеграф арқылы қайталап хабарлауды ұмытпаңыздар. Жер басқармасына қазір тиіспесін. Бізбен Саратов совдепі арқылы хабарласыңыздар», – деп («Алашорда қозғалысы», 2 том, 441-бет) жеделхат жолдап үлгереді.



«СССР ОГПУ-і коллегиясының тергеу жөніндегі ерекше өкілі Поповқа тұтқын Халел Досмұхамедовтен өтініш

«СССР-дің ОГПУ коллегиясына Қазақстаннан жер аударылған Досмұхамедов Халел Досмұхамедовичтен өтініш.

«Таптық және тектік (сословиелік) алауыздық пен бөлінудің жоқтығы тұрмыс пен шаруашылықтың бір формасы қазақ халқын біріктіре түсті, сана-сезімі ояна бастаған халық жалпыұлттық мұрат-мүдделерді талдауға ұмтылды. Жалпыұлттық мәселердің ішіндегі ең маңыздысы ұлттық мемлекеттік дербестік мәселесі еді. Бұл мәселенің күн тәртібіне өткір қойылуына ықпал еткен мына жағдайлар болатын:



«Тұрғындар сайлаған өкілдердің басы қосылған облыстық құрылтайда Х.Досмұхамедовтің және оның қолжаулықтарының қысым көрсетуінің салдарынан тек оларға пайдалы қаулылар ғана қабылданып отырды. Х.Досмұхамедов пен оның жақтастары кеңес өкіметінің нағыз дұшпандары. Олар большевиктерді тұтқындап, атып, тонау үшін қақолдар мен қазақтардың ауылына халық жасақтарын жіберді. Мүмкіндік туа қалса большевиктерге қарсы қолына қарулы қарсылық көрсетуге дайын тұрды, мысалы, Ойылды алған кезде олардың халық жасақтары соңғылармен (кеңес әскерімен Т.Ж.) шайқасты. Олар амалы қалмаған соң, ешқайда қашып құтыла алмайтын болған соң ғана большевиктер жағына шықты, олар Кавказға өтіп кетуді де қарастырды, бірақ ондағы қымбатшылық пен соғыс жүріп жатқанын біліп, тоналып, оққа ұшып кетуден сескеніп, күн көрістік күйлері болмағандықтан да райларынан қайтты. Сонымен қатар жасалған кешірім де олардың үмітін (большевиктерге қолға түсе қалған жағдайда өлтірілмейтініне көздері жеткен соң) оятты. Кеңес өкіметін мойындау туралы қаулы шыққаннан кейін Жаһанша Досмұхамедов: кеңес өкіметінің қолына түссек атыламыз, құрып кеткенде 4-5 адамның атылатыны анық. Егерде қашып кетуді көздесек, онда жер басқармасының біраз мүшелері біздің соңымыздан ермейді, өйткені қауіп-қатер көп деген болатын. Х.Досмұхамедовпен бірге...», – деп («Алашорда қозғалысы», 3-том, 2-кітап 274-275 беттер) толықтырып, бұдан әрі «халық жауларының» (!) аты-жөнін (1920 жылы – !!!) тізбелей жөнеледі.

«Ұлт республикаларының аппараттарындағы қызметшілердің бәрі бірдей европалық коммунистер емес екені, онда талай партияда жоқ европалықтардың, тіпті саяси жер аударылғандардың да отырғаны ешкімге құпия емес. Сонда, Митрофанов жолдастың сөзіне қарағанда, бай-манаптардың диктатурасы жария сипат алатын болғандықтан да басқару жүйесіне қалай дегенменде, бұл, жергілікті интеллигентт қой – деп патша чиновнигін (сонда патшаның кезінде чиновниктер тек қана шет аймақтың интеллигенциясынан жасақталғандай) отырғызу ілгері басқандық па?»;

«Халел Досмұхамедов 1923 жылы 11 шілде күні Москва қаласында өтетін Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінде ұйымдастырылатын қазақтың тұрмысы мен этнографиясына байланысты шараға Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының студенті Құрманбек Жандарбековтің әнші ретінде қатысуын ұсыныс етті, соған орай ол демалыстан шақыртылып алынды.Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысқан қазақтардың көрмесінде Қазақ ағарту институтының оқытушысы, Ташкенттегі Қазақ ғылыми комиссиясының мүшесі Мағжан Жұмабаев ерекше ынта көрсетіп, белсенділік танытты. Көрмеге әр түрлі құжаттар, кітаптар, материалдар жинағы апарылды. Олардың ұзын саны 100-ге жуық. Солардың ішінде Темірдің Түркістандағы Ахмет Яссауидің мешітін салу туралы жарлығы, Иса Тоқтыбаевтың «Түркістанның жағырапиялық очерктері», Тұрар Рысқұловтың «Жетісу мәселелері» атты кітаптар бар», – делінген (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, ташкент, 2005 жыл, 52-бет).

«Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедовтің тергеудегі беттесуі. 1931-жылдың 15-қыркүйегі.

«Халел Досмұхамедов, Кәрім Жәленов, Иса Қашқынбаев, Омаров Уәлихан отырыс өткізіп, ұйымды кеңейтудің жолдарын қарастырды, оның әдіс-тәсілдерін ойластырды. Бағдарламаны Халел Досмұхамедов жасады. Мақсаты: большевиктер құлаған соң Қазақстан буржуазиялық демократиялық ұлттық тәуелсіз республика болмақ. Құрылтайда Ата заң қабылданады. Әскери құрылым бір орталықтан – Түркиядан басқарылады. Бағдарламаның аты – «Алаш еріктілері» партиясының платформасы деп аталады – десті ғой деймін. Бағдарламаның түснұсқасы ұйым хатшысы, қазір Орал қаласында жүрген Кәрім Жәленовте сақталды. Жас оқытушылар мен студенттерді ұйымға тартты. Орынбормен байланыс үзілген жоқ. Бірақ онда тек қана Байтұрсынов қалды. Өйткені Дулатов пен Әлихан Бөкейханов Семейде тұтқындалып, кейіннен Орынборға айдауылмен әкелінген болатын. Сәрсенов пен Елдес Омаров та жоқ болатын. Олардың Семейге барған-бармағанын білмеймін. Өзбектерден ұйымға Миржалилов өкіл ретінде қатысып, Жәленовпен бірге жүрді. Бұл оқиғаның барлығы 1921-жылдың аяғында, 1922-жылдың басында өтті», – деген көрсетіндісі айғақ ретінде пайдаланған.

«Халел Досмұхамедов, Мырзағазы Исполов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов сияқты шірінділерді және контрреволюциялық әрекеттері үшін біз Қазақстаннан қуып жіберген контрреволюционер жазушыларды Төреқұлов пен оның жолдастары Ташкентке жинап алды, қолтығына алды, қасақана жауапты қызметтерге қойды, негізінен, ташкенттік қазақ басылымдарына, қазақ пединститутына, қазақ-қырғыз ғылыми кеңесіне т.б. орналастырды”, – деп саяси баға берді.

«Халел Досмұхамедовтің 31 қыркүйек күнгі жауабының хаттамасы:

«Халық мұғалімінің орындалған парызының» мәтініндегі саяси «формулировкалар» кейінгі жылдардағы «Алашорданың» батыс бөлімі туралы «кеңестік үкімдерде» сол күйінше қайталанады. Демек, «сауатсыз халық» атанған жұрттың сауатты өкілдерінің арызындағы қолданыстар кеңестік тарихышалар мен идеологтардың өзіне де үлгі болған. Архив пен тергеу құжаттарымен таныса отырып, таң қалған бір жайым – сол жылдардағы жазылған арыздардың сауаттылығы. Оның әр жолы соттың үкіміне пара-пар. Сол таланттардың басқа қыры ашылмай, «дүлейдің» түйдегінде кеткені өкінішті. Сонымен, халық мұғалімі өзінің бұқара алдындағы, дәлірек айтқанда, С.Меңдешевтің алдындағы «парызын»:

«Шабармандығы» болмаса, Х.Досмұхамедов айтқан «ұйымға тікелей қатысы жоқ, тек сенімді, көмек көрсете алатын адам қатарында» қалыпты. Бұл да кісінің кісісінің ғана қолынан келетін қасиет.

1 том. 990-бет.



1) 21-жылға дейін астыртын контрреволюциялық ұйымға қатысқан және ұйым бағдарламасын жасап, оған жаңа мүше тартқаны үшін;

1) Сібір үкіметі мен «Алаш» автономиясы бірін-бірі таниды;

1. Қазақ өлкесінде кеңес өкіметі барынша орныққанша «Батыс Алашорда» ұлттық үкіметінің төмендегі жауапты жетекшілері: 1) Жаһанша Досмұхамедов;2) Халел Досмұхамедов; 3) Иса Қашқынбаев; 4) Кәрім Жәленов; 5) Беркінғали Атшыбаев еңбекші қазақ бұқарасынан аластатылсын: келген жауапты қызметкерлер Москваға немесе орталық губерниялық қалаларға жіберілсін... кеңес өкіметін жақтайтын қазақ тұрғындары мен қоныс аударушылардың Батыс «Алашорданың» белсені қызметкерлеріне өштікпен қарайтыны ескеріліп, алашордашылардың ұсынысына қарамастан олар ревком мүшелігіне де және басқа да жауапты қызметтерге алынбасын», – деген Қаулы қабылдады.

1. «Батыс Алашорда» Қазәскериревкомына қосылады, «Алашорданың» барлық қоры (капиталы) мен мүлкі Қазәскериревкомға көшеді.

1. Қазақ халқы өзінің ұлттық тәуелсіздігі мен дербестігін әлі ұмыта қойған жоқ еді, қазақтардың орыс бодандығына толық өтуі өткен ғасырдың 80-жылдарында, яғни, бұдан 50 жылдай бұрын ғана аяқталды.

1.1922 жылы өзімнің кеңес өкіметіне қарсы астыртын әрекеттер жасау туралы үйірме құрмақшы болғанымды.

1.24-жылдың қыркүйегінен баста барлық алашордалықтармен байланысымды үзгемін, олардың Қазақстандағы әрекеттеріне еш қатысым жоқ.

1.Қызылдар казактарды өз территориясынан ысырған жағдайда «Алашорда» үкіметі казак әскерлеріне, олардың босқындарына пана береді;

10) Ұйымның тұрақты қаражат қоры болған емес. Қаражатты кім жинағанын есіме түсіре алмай тұрмын. Бірімжанов Бұқараға жүрер алдында ақша жинадық. Заки Валидовпен жолығуға барарда Әділевке де ұйым мүшелері өзара келісіп 25-30 сомнан қаражат жидық.

11) Басқа республикалардағы контрреволюциялық ұлтшыл ұйымдармен байланыс былай жүргізілді. Мысалы Орынбордағы ұйыммен бастапқыда Байтұрсынов арқылы хабарласып тұрдық. Бұл ұйым өзінің өкілі ретінде Байтасов пен Сәрсеновті ұсынып, барлық мәселені солармен кеңесіп шешуді тапсырды. Одан басқа нұсқау болған жоқ. Жаз айында мен, Тынышбаев және Жаһанша Досмұхамедов үшеуміз өзара ақылдастық. Менің білуімше Орынбордағы ұйым өзінің жұмысын ертерек бастаған сияқты. Олар өз істерін бізден дербес жүргізді. Түркістан майданындағы жағдайдың күрт құлдырап кетуіне байланысты біз де (Жаһанша Досмұхамедовті, Тынышбаевті және өзімді айтып отырмын) тыныш жатып, бассауғалауды дұрыс деп шештік. Жастардың арасында «Алаш» бағдарламасына іш тартатын ұйым бар деп естідім. Біз олардан мәселенің анық-қанығын біліп беріңдер деп тапсырма бердік, бірақ та Байтасов пен Әділев жүрексінді ме, ештеңе айтпады. Орынбор мен Ташкент ұйымдарының арасындағы байланысты Байтұрсынов арқылы жүргізеді, оған Әділев байланысшылық етеді дестік. «Алашорданың» бағыт-бағдарындағы (жетекшілері Байтұрсынов пен Сәрсенов) ұйым жұмысын баяндайтын құжаттардың ешқайсысы да сақталмады. Орынбордан Қызылордаға келгенімде алашордашылардың ешқайсысымен сөйлескемін жоқ. Бұқара қаласында өзбектердің осындай ұйымы бар екенін, ол үкіметтің жетекшісі Исымов Қаримен 23-жылы таныстым. Бірақ біздің ұйым олармен байланыс жасаған жоқ. Олар жадидтік бағытты ұстанады, үлкен әрекетке қабілеті жетпейтін. Әнуар паша мен Заки Валидовтің бағдарламалары қандай, не ойлағандары бар, нені мақсат етеді, қазақтармен қарым-қатынастары қандай, соны білу үшін Бұқараға Бірімжановты жібердік. Біз екі республиканың аражігінде тұрмыз, сондықтан да біздің мақсатымыз Қазақстан мен түркістандық қазақтарды біріктіру екенін білдірдік. Бірімжановтың Бұқарадан қайтып келгеннен кейінгі жауабы маған белгісіз. Кейін Әділевтің де басмашыларда болғанын естідім. Бірімжанов пен Әділевті Орынбор ұйымы 22-жылы жіберіпті. Екі республикадағы ұйымның өзара байланысы болған жоқ.

12) Менің және ұйым мүшелерінің айналысқан қызметіне келетін болсам, мен ғылыми баспаны басқардым. Соның ішінде қазақ тілінде көптеп кітап шығаруға ерекше көңіл бөлдім. Сонымен қатар Оқу-ағарту халық комиссариятында да қызмет атқардым. Тынышбаев Жер жөніндегі комиссариятта істеді, Қашқынбаев денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жұмыстарымен айналысты. Бірімжанов «Ақ жол» газетінде, ал Жәленов пен Әділев жастармен жұмыс істеді. Бұрын Түркістанда жарияланбаған оқулықтарды аударып бастық. Зоология, табиғаттану, анатомия, адам физиологиясы бойынша пәндік оқулықтар жарияланды. Қазір де сол оқулықтар басшылыққа алынып оқытылады. Олар кеңестік мектептердің бағдарламасы бойынша, эксперттердің пікір білдіруімен жарияланды. Ұлтшылдықтың ешқандай белгісі де жоқ. Сонымен қатар халық әдебиетінің үш томдық жинағын шығардым. Әрине, онда маркстік талдау жетіспейтін. Мен халық әдебиеті туралы бірнеше кітапты қарастырып шықтым. Үш оқулық орыс тілінде жазылды. Сыншылар: оқулықтарда ұлтшылдықтың салқыны бар. Ол ұлтшылдық көзқарсын оқулықтар арқылы студенттерге насихаттап, өз ойын өткізіп жіберуге тырысты – десті. Алайда оған менің мүмкіндігім болған жоқ және бақылау да күшті болатын. Менің Ташкенттегі мәдениет саласына араласқан кезімде 25 атаудан астам кітап қазақ тілінде жарық көрді. Мен кеткеннен кейін бір кітап та шыққан жоқ. Бұл кітаптардың барлығын да ұлтшылдар жазған, солар аударған. Бұл оқулықтарда біздің бағдарламамыздың қазақ халқына қатысты негізгі мәселелері (тұрғылықты халықтардың саны, жер және басқа да мәселелер туралы) түсіндірілді.

13 ақпан. 1920 жыл. Жымпиты қаласы», – деп бұйрық райындағы ұсыныс жасады.

13) ...Сәдуақасов пен сәдуақасовшыларға біз іштарта қарадық, әсіресе, жер мен ауыл мәселесі жөніндегі көзқарасы бізге барынша жақын болды. Шындығында мен бұл мәселелер жөнінде онымен пікір бөліскемін жоқ, бірақ та сөйлеген сөздері мен газеттегі мақалаларынан білуге болатын. Біз ол кезде Ташкентте болғандықтан да істің жайынан тыс қалдық. Сәдуақаосовшылармен және Сәдуақасовпен ешқандай байланысымыз болмады. Ол кісімен Ермеков, Байтасов, Байтұрсынов, Дулатов, Ғаббасов жақсы таныс болатын, әр тақырыпта пікір бөлісетін. Сәдуақасов солардың ықпалында болды деп ойдаймын.

15) ...Университетте әшкерелеу науқаны жүріп жатқан кезде маған Асфандияров та көмектесе алмады. Менің туысқандық жақындығым бар Құрмановты байдың тұқымы деп университеттен шығарып жіберді. Нағында оның әкесі тақыр кедейдің нақ өзі болатын. Ал оны растайтын құжаттарды табан астында қайдан таба қойсын. Дәл осындай сылтаумен тағы бір студентті шығарып жіберді. Құрғақ ақылдан басқа еш көмегіміз тимеді. Ташкенттен қоныс аударғанда Қожановпен, Рысқұловпен бір рет кездестім. Баспахананы Ташкентте қалдыру туралы Қожановты көндірдім. Ол өтінішім орындалды ма, жоқ па, білмеймін. Мен астананы Ташкентке көшіру туралы пікірді жақтадым. Көпшілік адамдар қалыптасқан дәстүрі бар, мәдениеті жоғары Семей қаласын астана ету керек десті. Шымкент қаласы да ұсынылды. Ходжаев (Түркістанның үкімет басшысы, өзбек – Т.Ж.) астананы ауыстыруға келісті. Оның алдында Ходжаев: Қазақтар мен өзбектер біте қайнасып араласып кетті. Оларды бөлудің қажеті жоқ, халқы да, территориясы да Өзбекстанның құрамында қала берсін – деп жүрген болатын. Қазақстан мен олардың байланысы шамалы болатын. Ол Түркістанның құрамындағы Жетісу автономиясын құрайық деп ұсыныс жасаған еді. Ақырында Түркістанның құрамындағы «Қазақстанды» үлкен Қазақстанмен біріктіруге келісті. Оны үгіттеп көндірдім деп айта алмаймын, бірақ та әкімшілік бөліс кезінде ол белсенді түрде араласты. Үкімет өкілі ретінде мәдени құндылықтардың қайда қалатыны туралы пікір-таласқа қатысып, мәлімдеме жасадым. Соның нәтижесінде мәдени мұралардың біразы Қазақстанға берілді. Бұл мәселе жөнінде Қожанов дұрыс пікір ұстанды. Бөлінуге, мысалы Төреқұлов қатты қарсылық жасады. Ол ақыры өзінің пікірінен қайтпады. Бұл туралы Рысқұлов пен Әділев, Тынышбаев 1922-23 жылдары пікір алысып, тапсырма алған болуы тиіс. 1922-23-24 жылдары астыртын ұйымда бұл мәселелер қызу талқыланды. Кіші Қазақстанды үлкен Қазақстанға қосуды қолдау, сол бағытта халық арасына үгіт-насихат жұмысын жүргізу, халық ішінде қарсылық пікір туғызу, олардың намысын ояту керек деп шештік. Ұйым мүшелері үкіметтің алдына: бөліну мәселесіне бізді де қатыстырып, ұсынысымызды айтуға мүмкіндік беріңдер деп мәселе қойдық. Бұл ретте мені Қожамқұлов пен Қожанов қостады. Ұйымның өзге мүшелері де осындай тілек білдірді. Олардың кімдермен сөйлескенін анық білмеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет