Елге қайтар алдында делегация Сталинге елдегі қалыптасқан жағдайды түсіндіріп кетті: мүлдем қарусыз, әлі толық ұйымдаспаған, бұрын әскери қызметте болып көрмеген қазақтар кеңес өкіметін мезгілінен бұрын, ашық, белсенді түрде қолдап шығатын



бет4/8
Дата17.06.2016
өлшемі467 Kb.
#142840
1   2   3   4   5   6   7   8

9) Алдында айтқанымдай, Германияға оқуға кеткен студенттерге: олардың қолында біздің ұйымның мүшелік билеттері болуға тиісті еді әрі олар үкіметтің ұсынысымен оқуға жіберілгендерін айта жүруі керек – деп ескерттім. Оларға мен ешқандай тапсырма бергемін жоқ...Мүмкін Орынбордағы ұйым тапсырма берген шығар. Мұстафа Шоқаймен ешқандай байланысымыз болған емес. Ол біздің жақтасымыз болып есептеледі, алайда шын мәнінде ол біздің жақтасымыз болып табылмайды, өйткені ол ішкі күрестен шеттеп кетті.

Ада мен Алисаның аттарының өзгешелігі болмаса, Әзиз (Ғазиз) Мурзиннің үстінен арыз жазған Власова осы әйел сияқты.

Азамат және «Алашорда» көсемі ретіндегі қайраткерлік өмірбаяны мен көзқарасының барлығы да осы көрсетіндіде қамтылған. Тергеу барысындағы бетбұрыс бір жылдан кейін ғана басталғаны байқалады. Ендігі қойылатын жауаптар кейбір жайларды анықтауға және жеке адамдарға қатысты берілген. Оның барлығын қамту мүмкіндігі бізде шектеулі болды және қажеті де жоқ сияқты көрінді. Сонда да М.Тынышбаевтің серігі, З.Валидовтің Ташкенттегі құпия кездесулеріне жауапты болған, 1931 жылдың 8-тамызында ұсталған Алдаберген Үмбетбаев туралы көрсетіндісін келтіруді орынды санадық. Өйткені бұл азаматқа қарасты деректер өте қат.

Айыптау қорытындысы Х.Досмұхамедовке 1931 жылдың 25 қазаны күні ғана мәлім етілген. Ескерте кететініміз, ендігі жауаптардың мазмұны мүлдем басқа арнада өтеді. Түрмедегі өткен бір жылда тергеудің аңысын аңдып, өздері де ойларын тиянақтап алған сияқты. Оған жарыса жазылған мына өтініш пен мәлімдеме дәлел. Әуелі айыптау қорытындысына өтініш есебінде қарсылық білдірген. Содан кейін тергеу ісіндегі жалған хаттамалар жөнінде ашық мәлімдеме жасаған:

Ақыры большевиктер ырғаса келіп: қазақ өкілінің мағлұматына орай қазақтардың кеңес өкіметі жағына шыққанын мақұлдап, олармен саяси және экономикалық тығыз байланыс жасауды қолдап, үндеу таратып, Саратов совдепінң мұсылман тобынан комиссар жіберуге шешім қабылдады. Осыған орай Х.Досмұхамедов:

Ал осындай «құпия құжаттарды ұсынған қарт күрескер Қаратаевті» С.Меңдешев саяси науқан тұсында арашалауға тырысып:

Ал «мәжіліс өтіп жатқан залдың төріндегі қызыл тудың жанына «Құраннан» алынған аят жазылған» Алаш туының орналасуы және оның Халел Досмұхамедовтің есімімен байланыстырылуында тарихи нысан жатыр еді. Өйткені «Алаш Алаш болғалы, Алаша хан болғалы», «Керегеміз – Ағаш, Ұранымыз Алаш!» болғалы қазақтың тәуелсіздігін тұңғыш нысана еткен Ту осы болатын.

Ал жала жапқандармен бетпе-бет кездестіру ұйымдастыруыңызды өтінемін. Олардың өтіріктерін әшкерелеп бере аламын. Тынышбаевтің ісіне қатысты тергеу кезіндегі беттесу соны растайды. Тынышбаев менің үстімнен ешқандай көрсетінді жасамағанын айтты. Поповтың қолымен жазылған қоғамдық актілерді (тергеудің сұрақ-жауаптары болуы керек – Т.Ж.) маған көрсеткен жоқ. Тынышбаев та 1922-1930 жылдардың аралығында қандайда бір ұйым болған-мыс деген пікірден бас тартты. Ұйым мүшелерінің тізімі мен оның құрылымы сызылған кестеге байланысты мұның жалған екендігін қатаң түрде талап ете мәлімдеймін. Тынышбаев сызды-мыс делінетін кесте қиялдың ғана жемісі (Айта кетейік, бұл кестені сызған Дінмұхамед Әділев болатын. Бұл – алаштың екі көсемін бір-біріне қарсы қою үшін тергеуші Поповтың қолымен жасалып отырған, жоғарыда аталып өткен қитұрқы арандату «актісі» болса керек – Т.Ж.). Олардың арасында ешқашанда ешқандай ұлтшылдыққа қатысы болмаған адамдар жүр. Мысалы, тізімдегі Қасымов деген адамды көрген емеспін. Мұндай адамдар тізімде көп сияқты. Менің көзімше тергеуші Поповтың «Тынышбаев жасады-мыс» деген көрсетіндісі мүлдем өтірік. Демек Тынышбаевтің атынан жасалған өзге көрсетінділер де жалған. Сондықтан да Тынышбаевпен және өзге де адамдармен бетпе-бет кездестіруді талап етемін. Мен олардың көрстінділерінің жалған екендігін әшкерелей аламын...

Ал қандай құжатты, қай кезде, кімге қарсы және қалай пайдалануды кеңестік күркілдер білетін. Сондықтан да негізінен жандармерея жинақтаған тыңшылық құжаттардан құрастырылған «Алашорда» туралы басылымдардың тек қана айыптау бағытындағы әшкерелеуші дерек ретінде қызмет еткені түсінікті. Соның ішінде алаштық және кеңестік қазақ зиялыларын шетінен «жапон имперализмінің шпионы» етіп көрсетіп, оларды баудай қырып түсіруге себепкер болған деректің бірі де, бірегейі де тұрлауы анықталмаған тұлға – Бақытжан Қаратаевтің жеке архив құжаттары.

Ал осы «ал», «алдың» астарында қандай сыр бар? Әлде Ж.Досмұхамедовтің Тұрар Рысқұловпен бажалығы «алдатып» отыр ма?

Ал С.Меңдешев болса оны:

Ал С.Сейфуллин оларды «қоғамның шірінділерінің» қатарына қосып:

Алайда, қызу пікір таласынан кейін, саяси бет-беделімізді сақтап қалу үшін қалайда бағдарламның керектігі мақұлданып, сол арада оның жобасы жасалды. Бағдарламаны Орынборға жіберіп, ондағы бұрынғы «Алашорда» қайраткерлерінің келісімін алу мақсатымен жобаны «Ақ жол» газетінің бір адамы алып кетті. Содан кейін мен Түркпромсюздың және Ашаршылыққа көмек комитетінің тапсырмасымен Прежевальскіге (Қарақолға) кеттім, ол жақтан 3 айдан соң ғана Ташкентке қайтып келдім. Сол екі аралықта менің балдызым Надежда Константиновна Рысқұлов жолдасқа күйеуге шығып алыпты. Сол кезде Рысқұлов Ташкентке – Түркістан Республикасының халкомының төрағасы қызметіне ауысып келіпті. Сөйтіп, мен оның үйінде, ол менің үйімде жиі болып тұрдық. Содан бері жоғарыда аталған адамдардың не істеп, не қойғанынан, жобаны не істегенінен хабарсызбын.

Алашорда өкілдері: Жанша Досмұхамедов, Кәрім Жәленов, Халел Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев», – деген саяси мәлімдемемен бүкіл ұлт-азаттық қозғалысы мен «Алащорда» үкіметінің тарихын қамтитын баянхатын аяқтайды.

Алғашында большевиктер таза орыстар тұратын Ресейдің ішкі облыстарын ұсынса да, кейін онда бақылаусыз қалып, шетелдік ұлтшылдармен байланысуы мүмкін екендігі ескеріліп (Сталиннің күдігі), ақыры Түркістан республикасына барып баспаналауына рұқсат етілді.

Алиса Власова: «Әзиз Мурзинді мен 1920 жылдан білемін. Сонымен қатар оның туған ағасы Мұхтар Мурзинді және оның жақын таныстары Сәдуақасов Смағұлды, Бөкейханов Әлиханды, Байтасов Абдолланы, Сұлтанбеков Жағыпарды, Досмұхамедов Жаһаншаны, Шылалов (– ?) Мыңайдарды, Басалов Айдарбекті, Телхожин Зейнолланы, Ермеков Әлімханды жақсы білемін. Бұл адамдардың барлығы менің күйеуім Мурзинмен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол бұлардың үй іштерін де жақсы көретін. Сондай-ақ Әзиз Мурзиннің болашақ әйелі Жантөрина Зайрамен де таныспын. Жоғарыда айтылған таныстары мен достары оның отбасымен үнемі араласып тұратын.

Араға он жыл салып барып, Т.Рысқұов та, С.Сейфуллин де сол «шірінділер» мен «жапон имперализмінің шпиондарының»қатарына қосылды.

Аты-жөні белгісіз біреудің: «Жер басқармасына он миллион сом сұрау үшін кеңестің рұқсатынсыз орталыққа кеткендер туралы естігемін. Комиссияның құрамындағы Попов оңшыл эсер, Досмұхамедов конституциялық демократ. Әрине, бұларды бәрінен бұрын ұлт мәселесі алаңдатады, бірақ комиссия мүшелері өте күдікті адамдар», – деген пиғылдарынан анық танылады.

Ашығын айтсақ, мұндай «сұрқия пиғылдағы сүйкетпелерді» назарға ілмес едік. Бірақ оны пайдалануға мынадай бір кілтипан еріксіз мәжбүр етті: Б.Қаратаевтің қорында сақталған ол хатты 1928 жылы С.Меңдешев өлкелік комитеттің бөлімдері мен мұрағатының құзырына ұсынған. Ал онда түскен құжаттардың барлығымен ең бірінші құпия тыңшылар танысып, мәліметтерді іріктеп, тиісті орындарға хабарлап барып, мұрағаттың қорына қосатын бұлжымайтын кеңселік тәртіп бар. Оның үстіне тура сол кезде «Алашордға» қарсы құпия мәліметтер жинақталып, Өлкелік комитетте тексеріліп, кімге қандай айып тағу керектігі туралы тергеушілерге нұсқау беріліп жатқан. Бұл ретте қарт күрескер Б.Қаратаевтің құжаттары олар үшін аса құнды еді. Сол «құнды құжаттардың» бірі «халық мұғалімінің хатының» негізінде, Х.Досмұхамедов бастатқан «Ойыл уәлаяты» үкіметінің қайраткерлері түгелдей тұтқындалып, барса-келмеске жіберілді. Хат «халықтық мұғалімнің» жат пиғылына орай:

Әскери төтенше жағдайға сәйкес қазақ қайраткерлері өз қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында сол екі арада Ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссары И.Сталинге:

Бақытжан Қаратаевтің «қоржынына» түскен сондай хаттың бірін «он бес жыл халық мұғалімі болған», Орал облыстық жер басқармасының бұрынғы мүшесі Салих Тұрғымтаев 1920 жылы С.Меңдешевке қарата жазыпты. Бұл кезде Х.Досмұхамедовтің тағдыры қыл үстінде тұрған. «Алашорда» үкіметі өзінің барлық өкілдігін революциялық әскери Кеңеске өткізіп берген болатын, С.Меңдешев бастатқан комиссия Д.Досмұхамедовтің «қылмысын» дәлелдейтін ілік тапса бітті, онда «Алашорда» көсемі әскери заңмен жазаға тартылатын. Ал соғыс кезіндегі әскери соттың үкімі тек ату жазасына алып келетін. «Халық мұғалімі» С.Меңдешевті «сарсаңға салғысы» келмеген сияқты. Ол Х.Досмұхамедовтің «барлық қылмысы мен сатқындығын» сондай бір сауатты формулировкалармен қағазға түсіріпті.

Банкрицердің: «Қағаз мылтықпен өзімізді атып жүрмесін. Біз олардың тілінде түк түсінбейміз. Мен олардың Сейіт деген біреудің ысқырығымен жүретінін ғана білемін. Ұстамап қалмайық, бірақ Үндеуге сеніп қалуға болмайды»;

Батыс өлке қазақтары жағдайымен мұқият танысып алған соң, Сталин тікелей байланыс арқылы сол кезде Семей қаласында болған «Шығыс Алашорда» басшыларымен сөйлесіп: Қазақ автономиясы туралы мәселе Халық Комиссарлары кеңесінің қарауына ұсынылатынын, содан соң Бүкілроссиялық Орталық Атқару комитетінде қаралатынын мәлімдеді. Жергілікті жерлердегі автономия идеясына жеке басы түсіністікпен қараған Сталин ВЦИК-тің басылымы «Известияда» осы мәселеге байланысты принципті мақаласын жариялады. Мақалада: аймақтардағы билік ұлттық буржуазияның қолында емес, өзін-өзі билеуші ұлттық демократиялық төменгі тобының қолында болған жағдайда ғана жергілікті аймақтарға, соның ішінде Башкирия мен Қазақ өлкесіне де ұлттық-территориялық автономия берудің мүмкіндігі мен қажеттігі туралы пікір айтылды.

Бәрі де мүмкін. Бәрі мүмкін.



Бекітілген шарттың осындай ережелері қазақтар үшін тиімді болды, өйткені, сол кезде майдан шебі қазақ даласынан алыста болатын, сондықтан да «Алашорданың» қызыл армиямен қақтығысуы мүмкін емес еді. Ал казактар қыр еліне қарай шегінген жағдайда оларды «қалай қарсы алу» керектігін қазақтар жақсы білді және оны кейін іспен дәлелдеді де. Сонымен қатар келісім-шарт жасалу фактісінің өзін «Алашорда» үкіметі әдейі дәріптеп, орынды пайдалана білді, шарт Алаш автономиясының қас жауларының үнін өшіріп, басталған ұйымдастыру жұмыстарын әрі қарай жүргізе беру үшін Қазақ үкіметіне азды-көпті қолайлы жағдай жасады».

Берілген сұраққа қайтаратын жауабым төмендегідей: Үмбетбаев Алдабергенді 22-жылдан білемін. Онымен Ташкент қаласында таныстым. Қазақ тілінен дәріс беретін маман ретінде әңгімелестік. Бөкейханов оған қандай мақсатпен, қандай тапсырма бергенін мен білмеймін. Үмбетбаевтің ұйымға ешқандай қатысы жоқ. Ал Заки Валидовті кім ертіп келгені есімде емес. Ермековпен арадағы араздығымыз 29-жылы орын алды. Ордабаевтің айтуынша, мені семейлік топ ГПУ-дің тыңшысы деп санайды екен. Бұл өсек Сәрсенов Дәлелден тарады. Мұны маған Селебаев пен Ордабаевтің біреуі жеткізді. Сондықтан да мен өзімнің ренішімді Ермековке білдірдім. Ол: Сендердің Ташкентте жасырын ұйымдарың бар екен, сол туралы айт. Ал сені ГПУ-дің тыңшысы деген сөзді бірінші рет естіп тұрмын, – деді. Мен: Бізде ұйым болды, бірақ оны ұмыту керек, сондықтан да ол туралы саған ештеңеде айтпаймын, – дедім».

Бұған алғашында оқу ісінің меңгерушісі, директоры міндетін атқарған, ал 1920 жылы 21 тамыз күні институттың педагогикалық кеңесінің төрағасы боп бекітілген (демек қазіргі Абай атындағы педагогикалық университеттің бірінші ректоры) алаш қайраткері Иса Тоқтыбаев ұсыныс жасаған. Х.Досмұхамедов өзінің қызмет анкетасында:



Бұған қосымша айтарым: астық жинау, колхоз бен совхоздардың етке мал өткізу науқанына қарсы ешқандай үгіт жұмыстарын жүргізгемін жоқ. Шаруашылықтарды коллективтендіруге теріс қарағаным рас. Қазір бұл шараны еңбекшілерді аштықтан, қорлықтан құтылдыратын ең пәрменді шара ретінде толық қостаймын. Мен бұл пікірімді Әлімхан Ермековке айтқанмын. Мүмкін есіне түсірер.

Бұдан әрі өзара жауаптасуда Қашқынбаев әр нәрсенің басын бір шалып, нақты пікір не уәж айта алмаған. Анау – алай деді, мынау – былай деді деген сияқты жалтаң да жалпылама сілтемеге көшкен. Оның тергеу барысына пәлендей әсері де жоқ әрі «тыңшы» түсініксіздеу етіп қағазға түсіргендіктен де, кім не туралы, кім туралы айтып отырғаны, қандай айып тағылғаны нақты ажыратылмайды. Тек айтылып отырған мәселенің мазмұны олардың өздеріне ғана анық болса керек. Сондықтан да анық ойды бұлдыратпас үшін біз де пайдаланудан саналы түрде бас тарттық.

Бұдан директор Д.Сәрсеновтің оқытушы Х.Досмұхамедовтің қадірін білгендігі танылады. Ал олардың арасындағы қырғиқабақ қарым-қатынасты елдік күрестің садағасына лайық мінезге жатқызамыз. Бұл отаудың тағдыры барынша инауатты тұрғыдан зерттеуді қажет ететін тақырып. Біз әдептіліктен аспаған бұл эпистолярлық мұраларды сондай бір әдепсіздікпен иеленгісі келген әлдеқалай классик біреудің бетін парасатты оқымысты әдеппен қайыра біліпті.

Бұдан кейін 1931 жылдың 15-қыркүйегі күні тергеуші оған түрлі тақырыптарды атап ұсынып, соған жауап беруді талап еткен. Сурет көрсетіп, олардың кім екенін сұрайды. « Жоқ, мен бұларды білмеймін. Мен Әділевті үйіне ауырып келгенде ғана көрдім», дейді. Алайда келесі жолдағы хатқа түскен сөздер кілт өзгеріп сала береді. Айыпталушының алдыңғы тергеудегі кесімді сөздері жұмсарып, айыбын мойындауға көшкен. Бұған қарағанда арадағы үзіліс кезінде қысым көрсетіліп, қинау жасалған сияқты. Оны мына жауаптың мәнерінен де байқауға болады:



Бұдан кейін барлық істі, мүлік пен капиталды Қазәскериревком мүшесі Бегімбетовке тапсырған «Батыс Алашорда» басшылары Орынборға келді. Бір күннен соң Қазәскериревком төрағасы Пестковский оларға «Алашорда» жетекшілерінің 5 адамы, атап айтканда: Жаһанша Досмұхамедов, Кәрім Жәленов, Халел Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Беркін Атшыбаев ВЦИК-тің Президиумының жарлығымен Москваға шақырылып жатқандығын хабарлады. Олар сол күні-ақ Орынбордан Москваға аттанып кетті».

Бұдан кейін өкімет басына сайлау арқылы келуді ұсынғандары, қарулы көтерілісті қолдамайтындары, өзбектердің діни қайраткері Мінуар-қари Әбдірәшидовтің, Заки Валидовтің ұйымдарымен байланыс орнатуға ұмтылғандары баяндалады. Тергеуші сұрақтың өзін бағдарламаның баптарына сәйкестендіріп қойғандықтан да хатқа да солай түскен.

Бұдан кейінгі Х.Досмұхамедовтің барлық «қылмысы» «Батыс Алашорда» үкіметінің Ленин мен Сталинге берген түсініктемесінде толық қамтылады. Онда азамат соғысы жағдайындағы күрделі де тағдырлы майданның іс-қимылы, айла-тәсілі былай баяндалады:

Бұл ұлт үшін ұлы тарихи нысана. Бұл – қазақ елінің империядан ірге бөлуінің мүмкіндігіне сендірген, санаға бостандықтың сәулесін түсірген киелі хабар болатын. Жаңылысып қойылса да, ақын жанын «әрі тебірендіріп, әрі түршіктірген» төрдегі аятты ту – түпкілікті қасиетті орынын тапқан азаттықтың аян туы, Тәуелсіздік Туы, Алаш Туы еді.

Бұл шындық, бірақ үлгісіз шындық.

Бұл әрекетке қарсылық білдірген Қазақ үкіметі: «Қазақ территориясындағы жоғарғы билікке Қазак үкіметі ие, сондықтан да Қазақ үкіметінің рұқсатынсыз қазақ жерінде реквизиция жүргізуге толықтай тиым салынды, ал Казак әскери басшыларының бұйрығы жұршылық пен жергілікті басшылар тарапынан орындалмауы керек», деген арнайы бұйрық шығарды. Бұл бұйрықка жауап ретінде генерал Толстов Қазақ үкіметінің келісімінсіз үкімет билігін өз қолына алып, қазақ даласын басқару үшін генерал-губернатор тағайындады. (...) Бұйрықта бұл туралы тікелей нұсқау болмаса да, іс жүзінде Толстовтың бұйрығымен Қазақ үкіметі таратылды. Бұйрықтағы ату жазасын қолдану туралы қоқан-лоққы сол кезде «Алашорда» үкіметіне қарсы бағытталған еді, өйткені, казактарға қарсылық келтіруі мүмкін күш – жалғыз Қазақ үкіметі ғана болатын. Онын үстіне: Қазақ үкіметінің большевиктермен байланысы бар, – деген күдік те болды.

Бұл беттесуден тергеушілердің қандай қорытынды шығарғаны түсінікті. Ә.Ермеков 10 қазан күні тұтқындалды. Ал Ә.Ермеков пен Досмұхамедовтің арасындағы өкпе қай күні, қандай жағдайда өтті, мұның жеке басылық қана мәні бар еді. Негізгі мақсаты Ә.Ермековтің астыртын ұйымның мүшесі болғаны қақында мәлімет ала алмағаны беттесудің барысында анық көрінеді. Екі дегдар өзара амандасып, дидар көрісіп, алдағы жауаптардың мазмұнын ішкі түйсік арқылы емеуірінмен білдірісіп алған сияқты. Өйткені бұдан кейінгі екеуінің жауаптары бір жерден шығады. Ендігі беттесудің кезегі 1930 жылдың 31 қазаны күні тұтқындалған Жаһанша Досмұхамедовке келеді:

Бұл беттесудің мазмұнына түсініктеме беріп жатудың пәлендей қажеттігі жоқ сияқты. Бәрі де белгілі жайлар. Тек Жаһанша Досмұхамедовтің қадай сөйлегенінен оның ысылған заңгер екені анық аңғарылады. Айтылған уәждерге екпін түсіре жауап беруі арқылы өзінің ұстанымын Х.Досмұхамедовке аңғартып отырған. Тергеу ісіне 1931 жылы 30 наурызда Уәлитхан Омаров деген азамат та тартылған. Оның бар айыбы – Х.Досмұхамедовтің Ә.Бөкейхановқа жолдаған жеке хатын жолай тапсыруға келісім бергендігі ғана. Әрине, оған астыртын ұйымның байланысшысы ретінде айып тағылғаны өз-өзінен түсінікті.

Бұл да жағдайға орайластырылған оңтайлы амал болатын. Дегеніне жеткен Х.Досмұхамедов:

Бұл Дінше Әділевті «қызыл партизаннан дала қарақшысына» айналуға бастаған, ең соңында «алашордашыларды» жаппай түрмеге тоғытқан тұйық жолдың алғашқы қадамы, том-том тергеу ісіне тіркелуге тиісті бірінші құжат болатын.

Бұл жауабында, көріп отырғаныңыздай, Х.Досмұхамедов Алдаберген Үмбетбаевтің еш «қылмысын» білмейтін болып шығады.

Бұл көрсетінді бірінші томның 97-101 беттерін қамтиды. Осында айтылған және Х.Досмұхамедов орынды күдіктенген М.Тынышбаевтің көрсетіндісі, шындығында да, қолдан жазылғаны тергеу барысында анықталады. Астыртын ұйымның кестесін сызып, тізімін жасап, алашордашыларға бейтаныс адамдарды «қатарға қосқан» Дінмұхамед Әділев екенін оның өзі жазып берген қорытындыда анық көрсетілген. Таныс, дастархандас, көршілес адамдарды да «астыртын ұйымның мүшесі ретінде» тіркеген. Ондағы сүйенген қисыны:«Алашордашылар ұлтшылдардан басқамен араласпайды», – деген ойжота жорамал. Бұдан кейін Әлімхан Ермековтің көрсетіндісі тіркелген. Онда жер мәселесіне ұзақ тоқталған. Х.Досмұхамедовтің келесі көрсетіндісі алдыңғы сұрақ-жауапты қайталайды. Ішінара сөздер мен сөйлемдерге өзгеріс енгізген. Алайда мәтін арасындағы қосымша пайымдаулар мен емеуіріндердің астары тереңдеп, көзқарасы қалыптанып, бұрынғы жауаптарын нақтылай түсетіндіктен де назарға ұсынуды жөн көрдік.

Бұл көрсетінді туралы не айтуға болады? Бір-ақ нәрсе анық. Бұдан ағайынды Мурзиндердің ер жүрек азамат екендіктері анық байқалады. Ажырасқан күйеуінен осылай кек қайыру, ол жылдары, ұлттық намыстың «үлгісі» болатын. Мұндай басыну мен кек қайыруды кейін де талай дегдарлар «тағдырдың қарғыс таңбасы» ретінде басынан кешірді. Шет жағасын да көрдік. Мурзиндердің тағдыры туралы Міржақып Дулатовтың қызы – Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова «Шындық шынары» атты әсерлі кітабында сондай бір бауырмалдық сезіммен еске алады.

Бұл қорытындының басты мақсаты – «Халел Досмұхамедұлын азамат соғысы жүріп жатқан кездегі заңға сәйкес тұтқындап», ату жазасына бұйыру екені түсінікті. Алайда 1918 жылы 8-23 қыркүйек арасында те өткен Уфа кеңесінде «Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметі таратылып, Алаш автономиясының батыс бөлімі ретінде құрылғанын біле тұрып, оны заңсыз мемлекеттік құрылым қатарында көрсетуге тырысуы қалай? С.Меңдешев:

Бұл өкіметті: бұрынғы қаналған халықтар үшін аса бір қажетті өкімет – деп есептеймін. Мен бұл пікірге дәл қазір түрмеде отырған кезде емес, одан көп бұрын келгенмін. Астық дайындауға, мойынсеріктің малдарын тәргілеуге, коллективтендіру науқандарына кесір келтіруге араласқан жоқпын. Қазіргі көзқарасым өте оңды және жүргізіліп отырған шаралар арамтамақтарды жоюға, жартылай ашаршылықтан, қорлықтан құтқаруға бағытталған деп есептеймін (Тура осы кезде Қазақстанда жаппай ашаршылық басталып кетсе де осылай „мойындауға” мәжбүр болған – Т.Ж.). Мен өз пікірімді Әлімхан Ермековтің алдында да айтқамын. Егер ұмытып қалмаса. Айтқандарым дұрыс жазылды. (Х.Досмұхамедов). 26 қазан, 31 жыл».

Бұл пікір қазақ ұлтының өмір сүруі мен өркендеуінің кеплі еді.Сондықтан да оған тек Х.Досмұхамедов қана «іштарта қараған» жоқ, исі қауым назарын тігіп отырды. Ал мұны «Голощекиннің националдары» О.Исаев пленумда:

Бұл тауралы Халелдің өзі:

Бұл томдағы тергеу ісіне тартылғандардың бәріне тағылған айып пен қаулы мәтіні бірдей. Тек қана аты-жөндерін ауыстыра салса болды. Сондықтан да Ж.Досмұхамедовке шығарылған айыптау қорытындысын толық келтіреміз.



Бүкілодақтық Атқару Комитеті 3 маусымда арнайы Қаулы қабылдап, оларды Қазақ әскери ревкомына қызметке алуды ұсынды. Алайда бұл «қағаз қаулы» болып қалды. Өйткені бұл кезде олардың тағдыры Орта Азиядағы қызыл армияның бас командармы, мұхаррамшыл басмашылардың «бата оқыры» Фрунзенің:

Біз тек: тағы да «өңін айналдырған» ұлы державалық үстемдік пен құлдықтың орнауына, сондай-ақ қазақтардың тағы да ұлы державалық ұлттың саяси қызметшісі мен қолшоқпарына айналуына барлық жан-тәнімізбен қарсымыз.

Біздің барлық мақсатымыз: Кеңес өкіметі еркін партия құруға, жеке бағыт ұстануға мүмкіндік бере ме, жоқ па, ондай болған жағдайда бұқаралықтар Кеңес өкіметі жағына шыға ма деген мәселені білу еді. Сол мақсатпен Бірімжановты жіберуді ұйғардық. Ол бастартқандықтан да бұл мәселе нәтижесіз қалды. Өтегенов Садықты кімнің жібергені белгісіз . Біз оған күдікпен қарадық. Ақылды, беделді болағандықтан да ... баруға үгіттедік. Біздің басты бағытымыз мынау еді: Қазақстан жағырапиялық жағынан біртұтас мемлекет ретінде басқарылуы тиіс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып қойылуы керек. Егерде Кеңес өкіметі саяси еркіндік жариялап, еркін партия құруға мүмкіндік берсе, оларға да осы талапты қою керек дестік. Бұл бағдарламаға Тынышбаев екеуміз қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедов те сондай дәрежеде белсене қатысты. Ұйым құрылымы мен бағытына қарсы болды ма, жоқ па, есімде қалмапты. Қалайда өзара пікір таласы болғаны анық. Алайда кеңес үкіметінің халық соттары халық ішінен сайланып қойылуы тиіс дестік. Тәуелсіз халық республикасы жарияланады деген лақап рас болса, бұл әбден мүмкін жайт еді.

Біздің отырыстарымызда қандай мәселелердің талқыланғанын еске түсіру қиын. 1921 жылдан бастап 1922 жылдың аяғына дейінгі отырыстар қыста өткізілді. Жазда бәрі жан-жаққа тарқап кететін. Негізгі тақырып: кеңес өкіметі мен ақ эмигранттарға көзқарас, жер реформасы болатын. Алғашқы мәселе жөніндегі бастапқы пікірлеріміз бірдей болатын: кеңес өкіметінің күні санаулы, мәңгілік отырмайды, ерте ме, кеш пе, әйтеуір соғыс басталады, ол СССР-дің жеңілісімен аяқталады – дестік. Біздің мақсатымыз – ұлттың негізгі ұйытқысын қырғынға ұшыратпай, аман сақтап қалу. Айтпақшы, төңкеріс бола қалған жағдайда, орыс шовинистері бізді қырып тастамас үшін қырға шығып кету керек дегенге келістік. Кеңес өкіметіне ашық қарсы тұрудан бас тарттық. Бұл шешім жағдайдың өзгеруіне байланысты бірде – алай, бірде – былай ауытқып отырды. Заки Валидов саясат сақнасына шыққанда олармен байланысқа шығып, дипломатиялық амалдау бағыты ұсталды. Ешқандай белсенді әрекетке бармау керектігі айтылды. Заки Валидов оған қанағаттанбай, нақты көмек көрсетуді талап етті. Егерде біздің ұйым оған көмектеспесе, не көмектескісі келмесе, онда қазақ халқына басқаша жол табатынын жариялады. Бұл біздің ұйымның мүшелерінің көпшілігін сескендірді, белсенді түрде араласуға уәде етісті. Бәрі сөз жүзінде қалды. Не қаражат жоқ, не күш жоқ. Валидовті түстікпен қамтамасыз етуге тура келді. Валидовке нақты қолдау көрсетілмеді. Кейіннен бізге, әсіресе, Досмұхамедовке келісімді бұзғаны үшін қатты-қатты сөздер айтты.

Біздің пайымдауымызша, Тынышбаев пен Дулатов және аталары аттас Досмұхамедовтер саяси жұмыста ысылмаған Әділевті кадр мәселесін шешуге жұмсай қоймаса керек-ті. Әділевтің көрсетіндісі бойынша, ол өзіне қызмет сұрап барған. Бірақ та бұл «өзінің шындығына» тергеушінің көзін жеткізу үшін қажетті жауаптар. Осы көрсетіндіде И.Қашқынбаев мына бір мәселеге барынша тоқталған, тергеушілердің де қадалып сұрап отырғаны сол сияқты:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет