Кімдерге вакцина салынбайды
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакцина18-ден 64 жасқа дейiнгi азаматтарға, әрi тегiн салынатынын еске салды. Оның айтуынша, тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетiлiмдерi бар азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды.
«Коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгiлерi бар азаматтарымызға да вакцина салынбайды. Ал, жұқпалы ауруы бар, оның iшiнде коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзiмi аяқталғаннан кейiн ғана вакцинацияланады», - дедi басқарма басшысы.
Достарыңызбен бөлісу: |