Әлімжанова Айша Анықбайқызы Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты



бет3/4
Дата14.06.2016
өлшемі232 Kb.
#134273
түріДиссертация
1   2   3   4

Керме арқантой-томалақ, мереке, ас беру сияқты ұлы жиындарда ауыл сыртына жуан, мықты аштардан баған орнатып, сол ағаштың екі ортасына қатты тартылып керілген ұзын да мықты арқан.

Бұрынғы уақытта керме арқан көбінесе кісі үзілмейтін ауыл ағасы, билер мен байлардың үйлерінің маңына тартылған. Бұл да қазақ мәдениетінің өзіндік бір көрінісі ретінде көңіл аударады. Өйткені керме арқанның гигиеналық, экологиялық, этикеттік мәні болған. Бұрынғы дәстүрде үйдің есігіне яки түбіне дейін ат үстінде келу әдепсіздік саналған, кім болса да өте бір асығыс, қиын жағдай болмаса, ауылға жақындап келгенде, үйден аулағырақ жерде атынан түсіп, үйге жаяулатып келген. Оның үстіне аулағырақ жердегі керме арқанға аттарды байлап қою ауыл-үй тазалығын қамтамасыз еткен. Керме арқанды қашаған жылқының алдынан керіп ұстауға да пайдаланатын. Осы бұйымның этномәдени семантикасынан оның ұзын арқан екендігі байқалады. Керу деген сөздің өзі де «кең жазу, созу» деген ұғымды білдіреді, олай болса, керу үшін арқанның неғұрлым ұзын болуы керектігі өзінен-өзі түсінікті болып шығады. Сонымен бірге, керме арқанның киелілік қасиеті бар деп саналған. Сондықтан байырғы қазақ қауымында ит-құстан сақтану үшін қора маңынан керме арқан керетін ырым орын алған.



Желі арқан – мал сауу үшін отбасы малдарының төлдері мен енелері байланатын, арнайы керілген арқан. Желі арқан мықтылық үшін, негізінен, арқанға қыл қосылып есіледі. Халық тілінде бұл арқан түрі желі, желібау деп те қолданыла береді. Желі арқанның, яғни желінің бұзау желісі, құлын желісі, бота желісі сияқты түрлері болады.

Киіз үйге байланысты қолданылатын бірсыпыра арқан атаулары да олардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқандығы төмендегі этномәдени деректерден байқалады. Бұл ретте белдеу арқан, жел арқан, басқұр арқан, салма арқан, т.б. түрлерін атап көрсетуге болады.



Жел арқан жел соғатын жаққа қағылған, кей жерде күйеу қазық деп аталатын қазыққа мықтап байланады. Өйткені бұрынғы салт бойынша ұрын келетін күйеу жел көп соғатын ауылдың сырт жағымен келетін болған.

Күнделікті қажеттілікке арнап қазақ әйелдері неше түрлі жіптер мен баулар жасаған. Бау мен жіптер бір нәрсені бекіту, байлау үшін қолданылғанмен, екеуінің өзіндік айырмашылықтары бар. Жіп дегеніміз жүннен есілген кішігірім арқанша. Жіп әр уақытта да қандай шаруаға болса да жұмсала береді және ешбір затқа ұзақ уақытқа тұрақты байланып бекіп қалмайды. Ондай жіп түрлеріне мынадай бұйымдарды жатқызуға болады: бас жіп – мал байлауға арналған жіп, өре жіп – аттың аяғына өре салатын жіп, тең жіп – теңді буып қоятын жіп, тұсау жіп – аттың екі аяғынан байлап, тұсап қоятын жіп, тіз жіп – түйені тіздейтін (тізерлеп байлайтын) жіп (тізде, тізе сөздерінің түбірі – тіз), үзеңгі жіп – түйеге ерсіз мінгенде аяқты салып отыратып, үзеңгі орнына қолданатын жіп, күрде жіп – бие сауғанда бір аяғын мойнына аса байлап қоятын жіп, яғни биені күрделеуге арналған жіп, бұғалық жіп – жылқыны бұғалықтауға арналған жіп, т.б.

Бұлардан басқа эстетикалық қызмет атқаратын бау-шу, басқұрлардың түрлері болған. Мәселен, аяқ бау, қызыл басқұр, ақ басқұр, үзік бау, т.б.

2.2. Жасалу материалына байланысты қалыптасқан атаулар. Материалына байланысты қалыптасқан атаулар заттардың өсімдіктерден, теріден, жүннен, аң-құстардың дене мүшелерінен, матадан жасалуына сәйкес пайда болған аталымдар болып келеді.

Жез жіп – кесте тігуде пайдаланатын, құрамында жезі бар, түрлі түсті жіңішке жіп. Жез ши – ерте кезде ауқатты адамдардың жез оратып, әшекейлі етіп тоқытқан шиі.

Уәжі тері және оның өңделген түрлері мен бөлшектері болған атаулар тілімізде мол сақталған. Мал мен аң терілерінен тігілуі негізінде көптеген киім атаулары пайда болған. Мысалы: сеңсең ішік, бөрі ішік, бұлғын ішік, пұшпақ тұмақ (пұшпақ – аңның, малдың сирақ терісі), барыс ішік (барыстың терісінен тігілген ішік), бота ішік (ботаның терісінен тігілген).

Бірсыпыра заттар киізден жасалуына қарай аталады: киіз көпшік – киіз жастықша, киіз кілем – киізден жасалған кілем, киіз қап – киізден жасалған қап, киіз байпақ – байтаба, қолдан жасалған пима, киіз етік, киіз кебіс, киіз ұйық, киіз есік, т.б.

Қандай зат жасалса да, оны жасауға қажетті материал таңдап алынады. Таңдау адамның әл-ауқатына, тұрмыс күйіне, әлеуметтік орнына, т.б. тығыз байланысты болып келеді. Демек, материалдар – әлеуметтік жағдайы білдірудің заттық көрсеткіші. Мысалы, тонның қамқа тон деп аталатын түрін бұрын хан мен сұлтан, би, бай, ханша сияқты белгілі, текті адамдар киген. Деректер бойынша Абылай ханның ұрпақтары XIX ғ. басында аққу терісінен қамқа тон тіккізген. Уәли хан өлгенде оның қамқа тонын Айғаным ханша ханның сыйлас замандасы Байдалы биге кигізген екен [19, 86 б.].



2.3. Жасалу технологиясына байланысты қалыптасқан атаулар. Біз тараушада қарастырылатын мәселе – технологиялық атаулардың өзі емес, атаулардың жасалу технологиясына байланысты уәжділігі.

Жасалу технологиясына байланысты қалыптасқан кілем, киіз, төсек-орын жабдықтарына, тігіс түрлеріне, ыдыс-аяққа, т.б. байланысты атаулар аз емес, Мысалы: таз кілем (тықыр кілем), түкті кілем, терме кілем, бөртпе кілем, тақыр кілем (түксіз кілем), оюлы текемет, алма құрақ (тырнақ қатар құрақтың қатарларын қолмен орналастырып, үстінен бастырып тіккен түрі), бүрме көнек (бие көнектің бір түрі), гүл құрақ (құрақтың көздігі мен жиегіне түрлі түсті барқыт орнатқан түрі; бірақ ол гүлге ұқсамайды, түрлі түстілігіне қарай «гүл құрақ» аталған), дүзтеру ши (қошқармүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши), т.б.

Қысқасы, жасалу технологиясына байланысты атаулар заттың қандай материалдан қандай тәсілмен жасалғанын, оның сапалық белгісін білдіре отырып, эстетикалық, әлеуметтік ерекшеліктерді көрсетеді.

2.4. Өлшемдік ұғымға байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолөнері лексикасының материалдары ішінен кейбір зат-бұйымдардың өлшемдік қызмет атқарғанын, соның негізінде біраз атаулардың қалыптасқанын кездестіреміз. Мысалы: көйлектік мата, туырлықтық киіз, бір дағар жүн (дағар – қап), бір шүйке жүн, бір шумақ жіп, т.б.

Көне замандарда адам баласы заттардың ұзын-қысқалығын, биіктігі мен


аласалығын, алыс-жақындығын, қалың яки жұқалығын, жуан-жіңішкелігін,
кеңдігі мен тарлығын анықтау үшін қазіргідей өлшеуіш құралдарын
(техникалық құралдар) пайдаланған жоқ. Айналадағы нысандар мен олардың ара қашықтығын өздерінің дене мүшелері арқылы, көру, есту, сезіну қасиеттері арқылы және түрлі бұйымдармен, құрал-саймандармен салыстырмалы түрде кең түрде қолданып, өлшем межесін анықтаған.

Әйел қолөнерінде өлшемдік ұғымдарға қатысты қалыптаскан мына сияқты атаулар да қолданылады. Есеп таяқ – өрмек адарғысының алдында тұратын, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқ. Жалпы, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқты есепші, есептаяқ, кергіш сабау, серу ағаш, серу жіп деп әртүрлі атайды. Алқым – өрмек тоқуға арнал иірген төрт ұршықтай жіп мөлшері. Төрт ұршық бір алқым, ал төрт алқым жіп бір бас, бір домалақ деп аталады. Алақұр – ұзындық өлшейтін құр (арқан бойы, желі бойы дегендермен байланысты). Доғалақ – бір сабақ жіп; тігін машинасының жібі. Келеп – иірілген жіпті бояу үшін әр жерінен байлап жасаған шумақ. Келеп жіп – оралған өрмек жібі (кілем не алаша тоқуға арнап иірген жіптерді бір метрдей ұзындыкта орау).

Қорыта айтқанда, қазақтың байырғы өлшемдерінің атаулары –халқымыздың когнитивтік санасындағы ерекше мәдени ақпараттық мазмұны бар тілдік таңбалар жүйесі. Халықтық өлшемдер – этностың өзіне тән ментальдық ойлау жүйесі мен танымының айнасы.

2.5. Дыбыселіктеуіштік, дыбысбейнелеуіштік уәжіне байланысты қалыптасқан атаулар. Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздерге, фонетикалық уәжділікке байланысты Ш.Ш.Сарыбаевтың, Ә.Т.Қайдардың, К.Ш.Хұсайыновтың, С.А.Өткелбаеваның, т.б. зерттеушілердің еңбектерін басшылыққа ала отырып, әйел қолөнеріне қатысты атаулардың қалыптасу, шығу негізі дыбыселіктеуіш, дыбысбейнелеуіш сөздерге барып саятын сөздерге мыналарды жатқызуға болады: Дорба (салыстыр. дорбию, дорбақ ауыз) – тоқыма ыдыс яки киіз ыдыс (қалта). Жалбағай – күн өтпеу үшін яки масадан қорғану үшін тігілген бас киім, күләпара, далбай (Жалбағай < жалб//жалп-а-ғай). Күмпей – жүн салып тіккен шапан, күпі. Кей жерде бұл күмпі аталады (күмпей < күмп+ей «күмпию», күмбілез «дөңес»). Көпшік – 1. кіші көлемдегі көрпе; 2. жастық (көпшік < көп-шік; салыстыр. көпір – «көтерілу», «көпіру», «ісіну»; көпене «шөмеле», көбік «көпіршік»). Ұршық – шүйкеленген жүннен жіп иіретін құрал (ұршық < ұр-шық; салыстыр. үйіру, иірім «судың дөңгелене, иіріліп аққан терең жері»).

2.6. Салт-дәстүрге, наным-сенімге байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолөнерінің ішінде қандай да бір заттың сан алуан түрлері болған. Олардың түрлік атауларының қалыптасуына әсер еткен факторлар да әр басқа. Солардың кейбіреулері атқаратын қызметіне, қолданатын уақытына, белгілі бір мақсат, ниетке, наным-сенімге, ырымға байланысты болып, тұрақты сипат алып, тұтыну салтына айналаған. Тілімізге салт-дәстүрмен байланысты әйел қолөнері бұйымдарының атаулары да ұшырасады. Ақсақал шапан – ауылдың ең үлкен ақсақалына құдалары жағынан кигізетін сый шапан. Жауырынша – жаңа түскен келіншектердің қайнысына тігіп беретін алғашқы кестелі көйлегі.

Бұлардан басқа қазақтың салтынан мәдени ақпарат беретін атауларға иткөйлек, тонның бас тон, ілім тон, қызыл тон, т.б. көптеген атауларды келтіруге болады. Мұндағы бас тон мен ілім тон – сый-сыяпатқа, киітке берілетін тон түрлері болса, қызыл тон – жаға-жеңі құндызбен жиектелген, екі өңірі мен етегі зермен көмкерілген, қыз жасауына берілетін, ұзатылған қызға кигізіп жіберетін тон.

Қысқасы, күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра заттар мен нәрселер атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге, эстетикалық талғамға, т.б. байланысты болып, атаулардың этномәдени уәжділігін айқындайды.

2.7. Әлеуметтік және гендерлік сипатына байланысты қалыптасқан атаулар. Әлеуметтік-экономикалық жағдай адамдардың киген киімінен, тұрмыстық бұйымдарынан, тұратын үй-жайынан байқалады. Зат, бұйымдардың атқаратын қызметі ортақ болғанмен, олар әрбір адамның тұрмыс дәрежесіне, қоғамдағы орнына қарай сапасы, жасалу технологиясы, көркемдігі жағынан әртүрлі болып жасалады. Яғни бай мен кедейдің, хан мен қарашаның, т.б. әлеуметтік топтардың ерекшеліктері олардың пайдаланатын заттарынан көрінеді.

Қазақтың бұрынғы тұрмысында әрбір әлеуметтік топтың киім үлгілері болған. Әлеуметтік уәжділік адамдардың жасына, жынысына, кәсібіне байланысты киіну салтынан да байқалады. Мысалы, сал-серілердің киімдері былайғы жұрттың киімінен ерекше болып көрінген. Олардың шапандары жібек, парша сияқты маталардан зер салып, жағасыз, түймесіз, астарсыз, кең етіп тігілген. Кейбіреулерінің шапандарының оң жақ жеңінің астынан үлкен жырық не дөңгелек тесік қалдырып, бір жеңі екінші жеңінен ұзын болып тігілген. Киім жеңінің екі түрлі болып тігілуі домбыра тартуға ыңғайлы болу мақсатынан туған. Демек, ақын, әнші, жыршы сияқты өнер иелерінен олардың өзгешелігі – олардың киім киісі. Сал-серілердің белбеуі де ерекше болған. Ондай белбеуді кей жерде берен белбеу деп атаған: – «Көк мәуіті берен белбеулері аттарының тірсегіне шұбатылады» (К.Әзірбаев. Аңыздар сыры. 1969. 102 б.).



Женде – бақсылар мен серілердің түрлі түсті кездемеден құрап тігілген сырт киімі. Жазушы Б.Қыдырбекұлы «Түгел сөздің түбі бір» атты кітабында бақсылардың, серілердің, диуана мен әулиенің, хан мен уәзірдің киімдеріне байланысты көптеген деректер келтірген.

Әлеуметтік-гендерлік уәжіне байланысты қалыптасқан атауларға кемпір көйлек, ер көйлек, ақ жаулық, бала көйлек, жаулық, орамал, кәжекей, сәукеле, қасаба (бас киім), т.б. атауларды жатқызуға болады.



2.8. Халық, ру, тайпаға, жер-су аттарына байланысты қалыптасқан атаулар. Мұндай атаулар әрбір халықтың, ру-тайпаның, қолөнер бұйымдарындағы өзіндік ерекшелігін, ұлттық ерекшелікті, заттардың қайдан шыққанын яки әкелгенін білдіреді. Киім атаулары: ноғай бөрік, арғын тымағы, алты сай тобықты тымағы, сегіз сай уақ тымағы, т.б.

Кілем атаулары: арабы кілем (түйе жүнінен тоқылған түксіз кілем), бұхары кілем (түкті кілем), керей үлгі (керей тайпасының кілемі), торғай түр кілем (Торғай өңірінің кілемі), т.б.



2.9. Формасына (пішініне) байланысты қалыптасқан атаулар. Бір топ киім атауларының қалыптасуына заттың формасы уәж болған. Мысалы: күмпей шапан – түйе жүнінен сырып тігілген, сыру аралықтары күмпиіп көрінетін шапан. Нар өркеш бөрік – төбесін нардың өркеші сияқты, ал алды-артын тікшелеу етіп тіккен бөрік. Киім жағасының формасына қарай айтылуы – жүрек жаға, домалақ жаға, құлақ жаға. Бас киімнің құмыра бөрік, сәукеле қалпақ деп аталатын түрлері бар.

Мұндай атаулар киіз үйдің жасау-жабдықтарына байланысты қолданылады. Мәселен, жерге төсейтін көрпешенің құрақтары алма құрақ, жұлдыз құрақ, кекілікқас құрақ, т.б. деп аталады.



Қазмойын – мойны ұзын келген торсық, шатыргүл кілем, пәтінісгүл кілем, самаурынгүл кілем, шатыргүл, шаршы кілем, шигүл кілем, т.б. Алдаспан – өрмектің асты мен үстін ажырата қағып отыратын ағаш құрал аты. Оны кей жерде қылыш деп атайды. Уәжі формаға қатысты атауларға мына сияқты сөздерді де жатқызуға болады: бескүл (ою), дөңгелекгүл, күнкөзі, күнсәулесі аталатын оюлар.

2.11. Түр-түске байланысты қалыптасқан атаулар. Заттың түсіне байланысты қалыптасқан атаулар әйел қолөнерінде киіз үй жабдықтары, киім, шаруашылық бұйымдарынан байқалады. Ақ киіз – ақ жүннен басылған киіз. Ала басқұр – басқұрдың ала жолақты түрі. Алағұрт – теңбіл-теңбіл болып көрінетін кілем өрнегі. Қызыл басқұр – безендіру үшін уық пен кергенің түйіскен жерінен жоғары, бір босағадан екінші босағаға дейін тұтылған, өрнекті, 51 жіптен тоқылған, ені 30-40 см шамасындағы қызыл түсті басқұр. Тілімізде қырмызы көйлек, қырмызы шапан, т.б. атаулар да кездеседі. Сары түске байланысты кейбір ою-өрнек атаулары пайда болған: сарыала құрт, сарыгүл. Сары қас – киіздің төрт бұрышына сары жүннен салынған ою.

2.12. Адам мен жан-жануардың дене мүшелеріне байланысты қалыптасқан атаулар. Анатомиялық атаулар әйел қолөнері лексикасында жиі ұшырасады. Атап айтқанда, ондай атаулар мыналар: бас, бел, бақай, бой, шынашақ, аяқ, қол, бауыр, қас, шаш, ерін, тырнақ, желке, жүрек, иін, көз, қолқа, ауыз, маңдай, омырау, өңеш, тамақ, таңдай, т.б. Мысалы: аяқ текемет – аяқ астына төсейтін кішкентай текемет; баскиім – басқа киетін киім түрлерінің жалпы аты; бас алма – ұршықтың басын (қаңғалағын) суырып алып толтыру; бой матабасқа нәрсеге емес, киім тігуге арналған мата, бой жіп – кілем өрмегіндегі жоғарыдан төмен қарай үш кейде төрт қатар болып тізілген жіп.
ҚОРЫТЫНДЫ

Тілдік жүйедегі әйел қолөнеріне байланысты атауларды олардың экстралингвистикалық мәнділіктерімен тығыз байланыстыра отырып этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу белгілі бір тақырыптық топтарға жататын атаулар жүйесінің құрылымын, олардың қалыптасу заңдылықтарын айқындауға өзіндік үлес қосады. Олай болса, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың таңбалануы ақиқат өмірмен байланысты ономасиологиялық зерттеуді қажет етсе, ол атаулардың рухани мәдениетпен астасып жатуы этнолингвистикалық зерттеуді қажет етеді. Сондықтан әйел қолөнеріне байланысты атаулардың идиоэтикалық мазмұнын (ұлтқа, этносқа тән өзіндік ерекшелігін), этномәдени мәнін (этнос мәдениетіне қатысты сырларын) ашуда этнолингвистикалық зерттеу мен ономасиологиялық талдауды ұштастыра жүргізудің маңызы ерекше болмақ.

Ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу мәселесі әйел қолөнерінің тілдік сипатын анықтауға қажетті міндеттің бірі болып саналады. Тіл мен мәдениет негізінде қалыптасқан әйел қолөнеріне байланысты атаулардың уәждік белгілерін айқындау, жылжымалы баспана – киіз үйдің жабдықтарын, тұрмыста және шаруашылықта қолданылатын заттарды сипаттап, этнография деректерін келтіре отырып талдау ономасиологиялық тұрғыдан сипаттаудың қырын көрсетеді.

Әйел қолөнеріне байланысты атаулар қазақ әйелдерінің саналы шығармашылық еңбегінің, эстетикалық талғамының деңгейін және табиғатты игеру тәжірибесінің, рухани танымының жетістігін көрсетеді.

Әйел қолөнеріне қатысты бұйымдардың құрылымы мен олардың бөлшектерінің этнолингвистикалық тұрғыдан талданып, қазіргі әдеби тіліміздегі және аймақтық лексикадағы нұсқаларының ономасиологиялық тұрғыдан қарастырылуы қазақ әйелінің қазақ тұрмысындағы рухани, мәдени, әлеуметтік ролін айқындап, оларды ұлт мәдениетінің қалыптасқан тұтас бір бөлшегі ретінде санауға негіз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1 Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985. №10. 18-22-бб.

2 Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті: Фил. ғыл. докт. ... дисс. –Алматы, 2004.

3 Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. 1994. 23 мамыр.

4 Өмірзақов Т. Мал түгіне қалыптасқан этнографизмдер // Қазақ тілі тарих лексикологиясының мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1988.

5 Медеубеков К.У., Сарбасов Т.И. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру.

–Алматы, 1980.

6 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан, 1969.

7 Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007. –232 б.

8 Айдаров Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. –Алматы: Мектеп, 1975.

9 Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. –Алматы: Қазақстан, 1997. –96 б.


Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары төмендегі басылымдарда жарияланған:

1 Күй шығарған халықпыз ине жіптен // Ұлағат. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 1995. №2. –104-106 бб.

2 Ине-жіптен өрбіген өнер // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1996. №1(95). –61-63 бб.

3 Өнегелі өнер – ортақ қазына // Ұлағат. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 1997. №1-2. –82-85 бб.

4 Қыз еркем – кестесімен көркем // Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-нің ғылыми еңбектер жинағы. Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-нің ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары. –Алматы, 2003. –98-105 бб.

5 Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді // Жоғары оқу орнында сапа мен менеджменті жүйесін енгізу мәселелері және оларды шешу жолдары. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2005, 28-29 сәуір. –Алматы: Экономика, 2005. –206-212 бб.

6 Ою-өрнек – дәуірдің қолтаңбасы // Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. VIII бөлімі, 2005, 18-20 мамыр. –Алматы: Экономика, 2005.
–111-117 бб.

7 Іскерлікке қатысты лексиканың сипаты // «Қазақстанда ой-сананың дамуы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.

1-бөлім. –Алматы: Экономика, 2006. –221-225 бб.

8 Әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-саймандардың атаулары //

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институнының «Тілтаным» журналы. 2008. №2(30). –64-67 бб.

9 Әйел қолөнерінде қолданылатын материал атаулары.

ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 2008. №3(169). –77-81 бб.

10 Қазақ атауларына байланысты зерттеулер сыры // Қазақ тілі мен әдебиеті. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 2008. №10. –27-30 бб.

11 Әр түрлі атаулар мен уәжділік //Ұлағат. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 2008. №5 –140-143 бб.

12 Бабалар мұрасы // «Бизнес, Ғылым, Білім» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІІ, Рысқұлов оқулары. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. V-бөлім. –Алматы: Экономика, 2008. –386-390 бб.



Резюме
Алимжанова Айша Аныкбайкызы
Этнолингвистическое описание народной лексики в казахском языке связанные с женским рукоделием
Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук

Специальность: 10.02.02. – казахский язык


Актуальность исследования. В последнее время наблюдается тенденция рассмотрения этнокультурных единиц языка – наименований связанных с материальной и духовной культурой и мировоззрением казахского народа – с позиции антропоцентрической парадигмы. С этой точки зрения, произведения женского рукоделия, выполнявшие практическую и эстетическую функции каждодневного быта – являются ярким выражением материальной и духовной культуры предков. В связи с этим, являются актуальным и вопросы исследования богатства языка путем реконструкции и интерпретации почти забытых наименований, связанных с женским рукоделием.

Актуальность темы также заключается в том, чтобы выявить социально-гендерный аспект рукоделия и сущность его функции в развитии казахской культуры, который соответствует решению государственной программы «Культурное наследие» и охватывает большую группу единиц языка, a также ярко выражают роль и место казахских женщин в обществе.



Объект исследования. Ономасиологические основы и этнолингвистическое описание наименований, связанные с женским рукоделием.

Цель и задачи исследования. Цель работы исследования – выявление этнолингвистического происхождения наименований и понятий представляющие взаимосвязь материальной и духовной культуры, природу женского рукоделия на основе ономасиологической системы.

Для достижения целей были поставлены следующие задачи:

- систематизировать наименования, связанные с женским рукоделием, на основе различных материалов словарей и исследовательских работ;

- выявить лексико-семантические, тематические группы наименований, связанных с женским рукоделием;

- определить место женского рукоделия в становлении казахской культуры при помощи комплексного исследования материалов во взаимосвязи рукоделия и духовной культуры;

- раскрыть этнографические этюды значения этнофразеологизмов и этнокультурных наименований;

- выявить систему мотивов наименований, относящихся к женскому

рукоделию, опираясь на ономасиологические концепции;

- определить природу происхождения названий, связанных с женским рукоделием, при помощи языковых и не языковых (экстралингвистических) факторов, дать их гендерное описание, интерпретировать этнокультурное содержание.

Методы исследования. В связи с целями и тематикой науной работы использованы лексико-семантический анализ, диахронно-синхронное описание, семасиологический, ономасиологический и этнолингвистический анализы.

Основные источники и материалы научной работы. В целях исследования ономасиологической основы и этнолингвистического происхождения наименований, использованы литература посвященная проблемам этнолингвистики и лексики в казахском языке, связанных с женским рукоделием, научные работы ученых этнографов и искусствоведов, материалы художественных произведений и устной народной литературы, энциклопедии и различные словари казахского языка.

Научная новизна исследования. Новизна работы состоит в том, что она является первым комплексным исследованием, непосредственно посвященным ранее не исследованным в казахском языке этнографизмов, относящиеся к женскому рукоделию с позиции ономасиологии и этнолингвистики. В работе рассматриваются взаимосвязь языка и культуры, материальной и духовной культуры, выражение женского рукоделия в традициях и мировоззрении с помощью этнолингвистического анализа, а также определены на ономасиологической основе наименования и их мотивные признаки.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Результаты и заключения исследовательской работы будут в наибольшей степени полезны как дополнения к теоретическим основам в сферах ономасиологии, этнолингвистики, рассматривающие взаимосвязь языка и культуры, языка и нации, языка и мировоззрения, а также для дальнейших исследовательских работ по изучению современного «языковой картины мира».

Объекты исследования внесут дополнительные возможности при составлении этимологических словарей, толковых словарей. Основные концепции, полученные в ходе научной работы, также могут быть использованы при проведении специальных курсов и семинаров.

Полученные данные и результаты исследования можно использовать для чтений лекций на филологическом факультете высших учебных заведений по предметам «Ономасиология казахского языка», «Лингвокультурология», «Этнолингвистика», «Лексикология современного казахского языка».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет