Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты



бет2/7
Дата05.02.2024
өлшемі46.42 Kb.
#490779
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Әліппе: (Баймырза)
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ұстаздар ! ата-ана!
Балалар!
Мені оқып, тауыстыңдар !

Маған құрметпен қарадыңдар
Мен бүгін сендермен қоштасамын
Мен сендерге өте ризамын!
1-оқушы: (Зейін)
Әліппем менің - Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.


2-оқушы(Кәусар)
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!


3-оқушы(Аслан)
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.


4 оқушы: (Мөлдір) 
Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.


5 оқушы: (Жантөре)
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
6 оқушы: (Медина)
Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
7 оқушы: (Амир)
Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
Қай әріптен басталған? (А)
 
8 оқушы: (Алинұр)
Мұғалім, мектеп,мекеме
Молда, мешіт, меккеде
М-әрпінен басталар
Мемлекет-мекен сөзі де.
 
9 оқушы: (Д.Даяна 
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп? (Ғ)

 10 оқушы( Ильяс)
 Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақты жұлдыздар
«Ж» әрпінен басталған.



11 оқушы: (Нұрали )
 Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.


12 оқушы: (Алиасқар)
Ай, тай, май,
Шай, жай, сай,
Ой, той, қой,
Сөз соңында кілең «Й»
Аты оның - «қысқа й»
 
13 оқушы: (Жанайым )
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер. (Ө)

14 оқушы: (М. Айзере)
 «Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.
15 оқушы: (Адина)
Қызықтырып әркімді,
Суда жүзер жалтылдап.
Б әрпінен басталған
Сол жүзгіштің атын тап.
 


16 оқушы: (Алдияр)
Қош, сүйікті Әліппем
 Тіл тұсауын кестің сен.
 Аяулы анам болып сен
 Айыбымды кештің сен
17 оқушы (Ақбөпе
Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін.
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
18 оқушы Әліппе: (Баймырза)
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ұстаздар ! ата-ана!
Балалар!
Мені оқып, тауыстыңдар !

Маған құрметпен қарадыңдар
Мен бүгін сендермен қоштасамын
Мен сендерге өте ризамын!
19.Алмас : «Мен кішкентай баламын»
Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде
Үйде ойнап қаламын.
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап
Қызық ойын бастаймын.
Қарындашты аламын,
Қағазға сурет саламын.
20 С. Даяна: Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан,ауылың
21. Муслим Отан-тарих, Отан –тіл
Жасаған ерің, ер халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
22. Айлика
Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап,сүйе біл.
23. Баймағанбет Айзере
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.


Аслан
қырларда құр деші
Жайылып жүр деші
Біреуі қарауыл
Қарап-ақ тұр деші
Ал енді өзің ақ
Р-Р-Р- деші:
Алдияр
Ана тілі:
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Мақсаты.
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Сабақтың дамытушылығы: Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан-жақты білімдерін, шығармашылық, танымдыққа білеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Сабақтың тәрбиелігі: Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері,т.б.
Барысы.
І Ұйымдастыру.
Кіріспе.

Мұғалімнің сөзі.
- Құрметті қонақтар, оқушылар, ата – аналар! Бүгін сіздер 1 «Ә» – сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Барлық кітаптың атасы — Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәттер бір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға.Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.
Бүгін 1 «Ә» сынып оқушыларының Қош бол сүйікті әліппем атты ертеңгілігімізді бастайық!
Ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры: Маханбетова Гүлайым апайға береміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет