Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты


Хормен: Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе! (Балалар бас иіп, қоштасады). 2-жүргізуші: Бақнұр



бет5/7
Дата05.02.2024
өлшемі46.42 Kb.
#490779
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Хормен: Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе! (Балалар бас иіп, қоштасады).
2-жүргізуші: Бақнұр
Ән: қош бол құтты әліппем (хор)
1 жүргізуші: Рамазан
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
2 жүргізуші: Бақнұр
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық!
(Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі:
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Мұғалім: Балалар, Ана тілі бізге бос келмепті. Ол: ата-аналарға арналған тапсырмаларым,- бар дейді. Ол ана мен баланың арасындағы байланысты байқамақшы. Ананың балаларына арналған жылы сөздерін,балаға деген махаббатын тыңдап көрмекші. Ортаға үш ата-аналарды шақырамын.
Хормен:
Анам – үнім, жүрегім,
Әкем – өмір тірегім.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!
Әжем – асыл ардағым,
Атам – дана қорғаным.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын! 
Ана тілі: Мен әліппеден оқып — білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Бәрі:Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!

  • Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.

1-жүргізуші: Рамазан
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман сау жүр ақ мамам
2-жүргізуші: Бақнұр
Шаршамайтын талмайтын
Қатем болса кешірген
Қадірлі ата анам
Мен сенің көшірмең деп
Ән : Анажаным


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет