*Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия



бет3/8
Дата09.04.2024
өлшемі238.58 Kb.
#498127
1   2   3   4   5   6   7   8
вооп-кааз

*3 дәрежелі пародонтоз
*атрофиялық гингивит

Науқас К., 37 жаста, таңғы уақытта мазалайтын қызылиектегі қышу сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша қызылиектегі қышу сезімі 2 ай бойы мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиектің шырышты қабығы ақшылқызыл түсті, пальпацияда тығыз. Кіші азутістер мен үлкен азутістердің мойын аймағындағы сына тәрізді ақаулар эмаль деңгейінде анықталады. Рентгенограммада компактты пластинканың сақталуымен альвеолааралық перделердің биіктігінің 1/3 деңгейге дейін біркелкі төмендеуі анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


*1 дәрежелі пародонтоз
*2 дәрежелі пародонтоз
*2 дәрежелі пародонтит
*атрофиялық гингивит
*1 дәрежелі пародонтит

Емханаға науқас В., 25 жаста, тісін тазалағанда қызылиектің кейбір уақытта қансырауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиек пен тісаралық емізікшелердің шырышты қабығы көкшіл түстес гиперемияланған, болбыр, тістерге тығыз бекімеген. Қызылиек үсті тіс шөгінділері анықталады. Тісқызылиектік байлам бұзылмаған. Рентгенограммада: жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсінділерінің сүйек тінінде өзгерістер анықталмады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


*Созылмалы катаральды гингивит
*Жедел катаральды гингивит
*Жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит
*Орташа дәрежелі созылмалы пародонтит
*Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

25 жастағы науқас Р., емханаға төменгі еріннің құрғауына және қабыршақтануына шағымданып келген. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығының Клейн сызығы аймағында шырышты бездерінің шығару түтіктерінің кеңеюі анықталады, олардан тамшы түрінде сілекей бөлінуі байқалады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


*контактты аллергиялық хейлит
*экзематозды хейлит
*эксфолиативті хейлит
*қарапайым гландулярлы хейлит
*метеорологиялық хейлит
39 жастағы науқас К., сөйлеген және тамақ қабылдаған кезде күшейе түсетін ауыз қуысының шырышты қабығының күйдіру сезіміне, әлсіздікке, дене температурасының 38 С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Науқастың айтуы бойынша созылмалы тонзилитпен диспансерлік бақылауда тұрады. Тері жабындылары бозғылт түсті, иық пен тізе терілерінде, ортасында қанды қабыршақпен эритематозды дақтар байқалады. Еріндердің қызыл жиегі ісінген, қанды қабықтармен жабылған. Жақасты лимфа бездері үлкейген, сипап тексергенде ауырсынады. Екі ұрт, ерін, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығында фибринозды қақпен жабылған эрозиялар байқалады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет