«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Пневмония - өкпенің қабынуы. Денеге микроб, вирус түскенде болады. Індет жедел, 
созылмалы түрде өтеді. Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді. Бұлардың барлығында білетін белгілер 
жоғарыда айтқандай жөтел, ентікпе, ыстық көтеріліп, жүрек-тамыр қызметі нашарлайды. 
Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік гимнастиканы 
қосады. Гигиеналық және емдік гимнастика өкпенің дем алуын жеңілдетіп, өкпеге дәнекер ткань 
(тыртық) жабысып қалмас үшін қолданылады. Науқас төсекте жатқанда тыныс алудың қадагалайтын 
жаттығулар беріледі. Содан соң ауырған өкпе жағына аунатып тыныс алғызады. Жаттығулар 10-12 
минутқа созылады, содан соң біртіндеп аурудың басын көтеріп отырғызып, саусақтарды қимылдатады.
Екінші-үшінші режимде берілетін күш біртіндеп көбейеді. Оның екпіні, ұзақтығы, 
қайталануы өзгеріп отырады. Жаттығулардың ұзақтығы 25 минутқа созылады: отырып, тұрып, 
денедегібұлшық еттерге салмақ түсіре созып, иіліп, әр түрлі қимылдар жасайды. Қандай қимыл 
жасалғанымен дұрыс терең дем алуды қадағалайды.
Ақырғы – бос режимде жүру әдістеріне көңіл бөледі, снарядтарда гимнастика орындалады
таяқпен, доппен жаттығулар жасайды.
Өкпе, бронхы қабынған кезде, спортпен тек 2-4 аптадан соң айналысады. Тыныс жолдарын, 
өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек. Мәселен, туристік жорыққа шығу, қайықта жүзу, 
коньки тебу, суда жүзу, велосипед тебу т.б. Аурудан мүлде сауығу үшін күнге қыздырынып, ауа 
ваннасын, суды көп қабылдаған дұрыс.
Плеврит – көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. 
Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.


Сырқаттанған адам көкірегіне шаншу қадалып, ентігіп жөтеліп, әлсірейді. Плеврит құрғақ 
және экссудатты болып (жиылған сұйық зат) екіге бөлінеді. Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы 
жабысып бітіп қалмас үшін емдік гимнастика беріледі. 
Жаттығулар қан-лимфа айналысын жақсартып, дәнекерлі ткань қалыптасып қалмауын
дұрыс дем алуын қамтамасыз етеді. 
Жаттығулар ұзақтығы 8-10 минут, кейіннен 30-40 минутқа дейін созылады.
Жұқа плевра қабығы қабынған соң беріш болып бітіп қалады, соны тарату үшін ептеттен, 
шалқадан жатып, отырып, түрегеп тұрып жанжаққа иіліп, бұрылып әр түрлі жаттығулар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет