Демікпе – инфекциялы аллергиялық ауру. Оны қоздырушы микроб болса, аурудың өрбуіне
ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар. Адамды тұншықтырып, дем жеткізбей қысады. Ол бронхы
еттерінің кенет тарылуынан болады. Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар.
Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш, өте сезімтал болып кетті. Сондықтан әр түрлі
гүлдер. Шөптер, дәрілер, үйдің кітаптың шаңы, жеміс-жидектер, жүн-жұрқа, темекі, құырған майдың
иісі т.б. толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі. Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін
тітіргенгіш әсерін – аллергия дейді. Ал демікпе болса аллергиялық аурудың бір түрі. Адам қатты
қысылып тұрған кезде арнайы жаттығуларды қолданса, құтқарып алуға болады.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты – науқасты қалпына түсіріп, бронхыларды босаңсыту,
тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру.
Демікпеге арнайы жаттығулар қолданады. Бірақ демікпенің ұстамасы ұстаған кезде, адам
сасқалақтап өзінен-өзі тұншығып қалады. Олай болмас үшін демді сыртқа шығаруды созып ұзартады.
Ұстама болмаған кезде арнайы тыныс алу жаттығулары қолданылады. Олар: дауыссыз С, З, Ш, Щ, Ж,
Р және дауысты У, Е, И, А дыбыстарын демді ішке тартып, сыртқа шығарған кезде созып айтады.
Мұнда адам өз дем алысын ғана реттеп қоймай, өкпенің жұмысын арттырып, көңіл-күйін де басады.
Алғашқы кезде дыбыстарды 5-7 секунд созады, одан кейін біртіндеп 15-20 секундқа жеткізеді.
Ауру дыбысты 15 секунд созып, демін жеткізген соң, келесі жаттығуларға көшеді. Ол екі, үш
әріпті қосып айтып, содан соң, дауыссыз дыбыстың аяғын дауысты жалғастырады. Мәселен, БРУУУУ,
ПРУУУУ, ШРОООО, ТРОООО т.б.
Бір дыбыс екінші қосымша дыбысты жалғап әндетіп айтады: Бр, Вр, Гр, Др, Жр, Кр, Пр, Шр,
Хр. Жаттығулардың соңында бір дыбысты ортасында айғайлап, үндірек шығарады. Мысалы: СССС,
СССС-сссс, Шшшшш, Иииии, Драааа, Ааааа т.б. Сабақ қызықты өту үшін бір әріпті төрт рет
қайталайды, ал ысқырып шығатын дауысты дыбыстарды бір реттен. Мәселен, СССС, ЗЗЗЗ, ШШШШ
немесе БрИИИИ, БрЕЕЕЕ, ДрОООО, ПрУУУУ немесе дауысты және дауыссыз дыбыстарды
араластырып айтады: ГраАААА, ЖЖЖЖ, ПрИИИИ, РРРР.
Бұл әріптерді айтқанда кілт, тез қайтармай ақырын, созып айтады. Демді ішке алғанда да,
сыртқа шығаратын кезде де мұрын арқылы дем алу керек. Сол сияқты демді ішке тартқанда кеудені
керіп, басты тік ұстаса, сыртқа шығарған кезде бастытөмен салбыратып, ішті тартады.
Науқастың тыныс алудың реттеген кезде іштегі көк ет шымырланып, тартылып, өкпенің
сыйымдылық қасиеті артады. Аурудың жағдайына байланысты 6-12 жаттығулары болу керек.
Жаттығулар жарық, ауасы кең бөлмеде немесе бақша ішінде, далада жасалады.
Жаттығулар 3-4 рет қайталанады. Оның мөлшері, қарқыны адамның жасына, аурудың
кезеңіне байланысты. Әр жаттығудан соң 20-60 секунд үзіліс болады.
Демді толық сыртқа шығару үшін екі қолмен кеудені қысып, іштің көк етін басады.
Мұрынның бір жақ желбезегінен, тістеніп тұрып тістің арасынан, түтікше арқылы суға үрлеп, резина
ойыншықтарды үрлеп дем шығаруды ұзартуға болады.
Осының бәрі демікпе ауруына, бронхитте және эмфиземада (өкпенің кеңуі) кеңінен
қолданылады.
Сол сияқты дене шынықтыру түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс (ауа, күн, су, шаңғы т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |