Мәселен, ентігудің азаюы,
тіпті жоқ болып кетуі, жөтелдің жоғалуы, кеуденің артуы –
осының
бәрі қадағалап қараса, күн өткен сайын науқас адамнаң өзіне айқындалып біліне бастайды.
Осылай өзін шынықтыра отырып қауіпті деген індеттерден құлан таза айығып кетуге болады. Тек
қандай ауру болмасын, дұрыс құнарлы
тамақтану мен тазалықты, жағымсыз әрекеттерден (арақ,
темекі, анаша т.б.) аулақ болуды талап етеді. Өйткені адам организмі сондай нәзік біртұтас дүние,
бірімен-бірі тығыз байланысты, сондықтан емдік гимнастиканы орындап, темекіні бұрқырата тартып
не арақты суша сіміріп жүрсе, оның ешбір пайдасы тимейді. Керісінше, бойдағы ауру асқынып кетеді.
Міне, тыныс жолдары ауруларына берілетін емдік гимнастика қысқаша осылай.
Достарыңызбен бөлісу: