«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі



Pdf көрінісі
бет5/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі 
Қандай науқастан болмасын құлан таза айығын кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық 
құрылысы қалпына келгенмен, кейбір мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Міне, осы 
функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін барлық аурудан кейін дене жаттығуларымен 
айналысу қажет. Тек сонда ғана, жоғарғы нерв жүйесінің басқару қызметінің басқа органдармен
буындармен ішкі ағзалармен байланысты түзеледі. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Тек осындай байланыс 
қалпына келсе ғана, адам толық жазылады, ауруынан айығады деуге болады.
Жоғарыда айтылған емдік гимнастикасының механизмдері бір-бірімен тығыз байланыста. 
Солардың әсерінен емдік гимнастиканың бірнеше қыры мен сырын ашуға болады. Олар: біріншіден, 
бүкіл денеге әсер ететін өзгеше терапиялық қасиеті; екіншіден, аурудың асқыну процестеріне жол 
бермейтін патогендік қасиеті; үшіншіден, денедегі әр мүшенің қызметін, іс-әрекетін қатарға қосып, 
қалпына келтіретін функционалды қасиеті; төртіншіден, кемтар болған мүшеге сүйемелдеу, соған 
бейімделу, науқастың көңілін көтеру қасиеті; бесіншіден, емдік-педагогикалық қасиеті – ол ауру 
адамның алдына бір мақсат қойып, барлық ынта-жігерімен, сана-сезіммен жаттығуларды 
орындауында. 
Осындай дене гимнастикасының жан-жақты әсерінен сырқат адам толығымен қатарға 
қосылады. Оның ой-өрісі, еңбекке қабілеті артып, өз мамандығын меңгеретін, әлеуметтік
экономикалық қажетке жарайтын бағалы қызметкер болуына мүмкіндік туады. 
 
Емдік гимнастикасының тәсілдері 
Емдік гимнастикасының тәсілдеріне жаттығулар жиынтығы және табиғат факторлары (ауа, 
су, күн сәулесі) жатады. Бұлардың ішінде негізгісі жаттығулар жиынтығы. Олар гимнастикалық, 
спорттық-қолданбалы, ойын түрлері болып үшке бөлінеді. 
Гимнастикалық жаттығулар анатомиялық белгілеріне (қол, аяқ, дене бұлшық еттеріне), 
белсенділігіне (жылдам, ақырын, күшпен), ерекшелігіне, түр-сипатына (тыныс алу, дайындау, реттік 
санау, түзету, үйлестік лақтыру, тепе-теңдік, қарсыласу, асылу, тіреу т.б.), жабдықтандыруға 
(снарядпен, снарядсыз, арнайы аппараттармен) байланысты бірнеше топқа бөлінеді. 
Жаттығулар жиынтығын барлық денеге бірдей әсер ететін жалпылама немесе тек бір ғана 
мүшеге әсер ететін арнайы жаттығулар ретінде қолданады. Бұл жаттығулардың арақатынасы аурудың 
түріне, кезеңіне, жынысына, жасына қарай өзгеріп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет